Жоғары педагогикалық білім



Pdf көрінісі
бет431/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

Шейпинг 
Әйелдер мен қыздар үшін ғылыми негізделген жүйе, ағзаныңфункционалды жағдайын 
жақсарту мен дене пішінін түзетуге бағытталған. Оның мәні аэробикамен атлетикалық 
гимнастиканың үйлесімділігінде. 
Фитнестің бұл түрінің негізгі қағидасы – бұл қатаң реттелген жаттығулар әдісі. 
Шейпинг- бағдарламасы жаттығуларды орындауда қатаң және нақты реттілікті 
қамтиды, ережемен күн тәртібін сақтау, таңдалған моделге максимальды жақындату нәтиже 
алу үшін қажет. 
Аэробика 
Төзімділіктің болуымен (жүру, жүгіру, жүзу және т.б.) байланысты және тыныс алу 
жүйесімен жүрек-қан тамырларының функционалды мүмкіншіліктерін жоғарылатуға 
бағытталған жаттығулар жүйесі циклді спорт түрлерінен құралған. 
Сауықтыру аэробикасына, спорттық-сауықтыру аэробикасына және спорттық 
аэробикаға бөлінеді. Аэробиканың тағы басқа түрлері: базалық аэробика (қосымша 
снарядтар мен элементтерсіз), степ-аэробика (степ-платформаның қолданылуымен), фитбол-
аэробика (фитболдың қолданылуымен), слайд-аэробика. 
Кроссфит 
Спортшының жалпы дене даярлығының дамуы, реакциясының жылдамдығы, 
төзімділігі мен өмірдегі қандай да бір стандартты емес жағдайларға дайын болуы, оның іс 
әрекетінен максималды қайтарымды талап етеді. Шамамен жаттығулар 20 минутқа 
созылады, бірақ қарқынды екпінде орындалады. 
Кроссфитте жаттығулар үлгісі мен әртүрлі түрлері белсенді құрамдастырылады. Олар 
қысқа қашықтыққа жүгіру, тренажерда есу, кедергіден секіру, арқанға өрмелеп шығу, 
ауырдық түсірумен жұмыс, заттарды тасымалдау, шығыршықтағы гимнастикалық 
жаттығулар және т.б. 
Гимнастика акробатика элементтерімен 
Бұйрық беру мен қабылдауды ұйымдастырушылар, акробатикалық жаттығулар, 
гимнастикалық жаттығулардың қолданбалы түрі. 
Жалпы жетілдіру жаттығулары, жүгіру, секіру және түрлі ұзақтықтағы жаттығу
күрделілігі, құрылымдары, қарқындылығы. 


451 
Би жаттығуларының түрлері. Музыкалық сүйемелдеу арқылы күрделі қимыл 
кешендерін орындауды өзіндік меңгеру. 
Гимнастикалық жаттығулардың әралуан түрлері – саптық, жалпы жетілдіру,еркін, 
қолданбалы және т.б. 
Педагогикалық мақсаттар мен қимыл әрекеттерінің құрылымдарына байланысты 
гимнастикалық жаттығулардың жекелеген түрлері үш топқа біріктірілген – сауықтыру 
(жалпы жетілдіру), спорттық және қолданбалы (ЖОО таңдауымен) 
Жүзушінің жалпы жетілдіру және арнайы жаттығулары. Жүзудің негізгі техника 
тәсілдерін меңгеру (брасс, кеудеде құлаштап жүзу, шалқалап жүзу). Судағы дағдыларды 
қалыптастыру тәртіптері. Оқыс жағдайларда суда ұстау, бату, жүзіп шығу, суға батушыны 
құтқару әдістерінің тәртіптері мен көмек көрсету түрлері. 
Су бөгеттерін өту түрлері. Сауықтыру мен жаттықтыру режиміндегі жүзудің 
таңдаған стиліндегі жаттықтыру бағдарламасын меңгеру. Суға түсулер.
Құрғақ жердегі жаттығулар. 
Жүзушінің жалпы жетілдіру жаттығуларының кешені. 
Қолдың жоғарыға, жан жаққа жұлқу қимылдары. Қолдың алдыға, артқа бір мезеттегі 
айналмалы қимылдары. Қолдың артқа алма-кезек айналмалы қимылдары. Жан-жаққа 
таралған айналмалы қозғалыстар. 
«Кеудеде құлаштап жүзу», «шалқалап жүзу», «брасс» тәсілдеріндегі қолмен есудегі 
еліктеушілік қимылдарының орындалуы. 
Қолдардың атқаратын қызметі. 
Үрлеп толтырылған заттарда, тақтайда аяқтарды 
және т.б. қолдау үшін қолданылуы, суда есу қимылдарын (тек қана сол қолмен, тек қана 
оң қолмен, бір мезетте екі қолмен) орындау. 
Аяқтардың атқаратын қызметі. 
«Кеудеде құлаштап жүзу», «шалқалап жүзу», 
«брасс» тәсілдерінде суда кеудеде жатып қолдармен борттан ұстанып аяқтардың 
қимылдары. «Кеудеде құлаштап жүзу», «шалқалап жүзу», «брасс» тәсілдерінде суда 
қолмен тақтайды ұстап (кеудеде және шалқалап жатып) аяқтардың қимылдарын орындау. 
Қол, аяқ және тыныс алу қызметтерінің үйлесімділігі. 
Суға бой үйрету үшін дайындық жаттығулары. 
Жүзуді бастапқы дайындық 
топтарында оқыту үшін «кеудеде құлаштап жүзу», «шалқалап жүзу», «брасс» 
тәсілдеріндегі жүзу техникасының элементтерін үйретудегі жаттығулар. Тыныс алу 
элементтері мен техника элементтерінің үйлесімділігі. Жүзудің таңдап алынған 
тәсілдерінің техникаларының жетілдірілуі: бір аяқтың көмегімен жүзу, тақтайшалармен, 
қолдардың әр түрлі қалыпта қолданылу мен тыныс алуды ұстау. Жүзудегі бұрылу 
техникасын үйрету. Қолданбалу жүзу. Сүңгу. Суға батушыны құтқару түрлері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет