Жоңышқа (лат. Medicago) бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа



бет1/4
Дата11.12.2023
өлшемі47,93 Kb.
#196286
  1   2   3   4
Байланысты:
жоңышқа


Жоңышка
Кіріспе
Жоңышқа (лат. Medicago) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді шашақ. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”, т.б. Жоңышқа – ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері – жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т.б.; аурулары – ақұнтақ, тат кеселі.[1]
Жоңышқа (TRIFOLIUM КЛЕВЕР) – бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы Trifolium, “үшжапырақ“ дегенді білдіреді. 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады. Жаз бойы гүлдейді. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады.
Ауыл шаруашылығында шөп егу жұмыстары егіншілік мәдениетін көтеретін қуатты тетіктердің бірі. Ол өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, ара шаруашылығын бір кешенде байланыстырып, мал шарушылығының жем-шөп базасын нығайтады. Шөптердің арасында жоңышқа ерекше сұранысқа ие. Ол мал шаруашылығында бағалы жем-шөп болып есептеледі. Ал оның дәрілік түрі көптеген көптеген қоректік биозаттар беріп, топырақ құрамын жақсартады. Жоңышқаның осы және өзге де ерекшеліктері «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының семинарлары аясында оқыту жұмыстарын жүргізуге себепші болды. Сабақтар Қарасай ауданында «Коновалов» ЖК базасында өтті. Дәріскер Валерий Лукбанов жоңышқа егіншілігінің ауыл шаруашылығы салаларын қалай жандандыратыны туралы баяндап берді.
Жоңышқа – азықтық дақылдардың ішіндегі ең көп тараған дақыл.
Оның қолайлы биологиялық ерекшеліктері, оның ішінде: көпжылдылық, көп
сабақ-тылық, биологиялық азотты фиксациялау қабілеті, суға көп талап
қоймай-тындығында, жоғары азықтық салмағының өнімділігі мен
аминқышқылының үйлесімді ақуызды құрамымен, әлемнің көптеген
елдерінде жоңышқаны азықтық дақылдардың «патшайымы» деп атауға
рұқсат етілген. Ол 3,0 т\га дейін протеинді өндіруге қабілетті және келесідей
ең жақсы әртүрлі азықтардың негізгі көзі болып табылады: көк балауса,
құрғақ пішен, пішендеме, дәруменді - шөп ұны [1].
Агрокешеннің қиын жағдайында азықтық ақуыздың мәселесін шешу
жолдары ауыл шаруашылық ғылым мен тәжірибесінің маңызды
артықшылығы болып қалады. Мал шаруашылығында ақуыздың мәселесі
шешімін таппайынша, әр жыл сайын азықтағы протеиннің жетіспеушілігінен
өнімнің көп бөлігі жоғалады. Осы сұрақтың шешімінің бірі бұршақ
дақылдарын өсіру. Соның бірі - жоңышқа.
Азықтық әсерімен қоса, жоңышқа экологиялық тұрғыдан қоршаған
ортаны түзеуге, фитомелиоративті, фитосанитарлы және ауыл
шаруашылығының қарқынды дамуына маңызды симбиозды әсерлерінің
болуымен ерекшеленеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауына байланысты барлық азық
түрлерінің өндірісін ұлғайтып және олардың сапасын жоғарылата отырып, ет
экспортын 60 мың тоннаға дейін жеткізу және мал шаруашылығын қарқындатуға болады. Ең алдымен, егістік мал азығын өндіруді дамыту қажет [2].
2016 жылы жоңышқа дақылын зерттеу барысында ҚазЕжӨШҒЗИ-ның
зерттеу егіс алабында тәжірибие жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жоңышқа
дақылын минимальды өсіру технологиясы қолданылды.
Жоңышқа қарқынды түрдегі дақыл, сондықтан оған қарқынды
технологияның барлық элементтерін қолданған жөн.
1. Ылғалға қатаң талаптар қоятынын ескере отырып жақсы
ылғалданған аудандарға, ағын сулары терең емес (2,0-2,5 м) ойпаңдау
жерлерге, өзінен кейін мол пайдалы ылғал қорын қалдыратын алғы дақылдан
кейін орналастыру қажет.
2. Жоңышқаның себілген жылы баяу өсетінін, арамшөппен ластануға
бейімділігін ескеріп, алғы дақылдарды, топырақ өңдеу, гербицидтер қолдану,
егістікті күтіп-баптау т.б. шараларды жүргізе отырып арамшөпке қарсы
ерекше күреске назар аударған дұрыс.
3. Жоңышқа тұқымы саяз сіңірілетін дақыл екендігін еске алған жөн
жəне тұқымның жоғары далалық өнгіштігін топырақтың беткі қабатында
ылғал қоры мол болғанда ғана алуға болады [3].
Жоңышқаның өсуіне, дамуына жəне өніміне теріс əсерін мейлінше аз
тигізетін дақылдар қатарына шөпке жиналатын тарылар (итқонақ, тары)
жатады. Ерте егілетін тұқымды ауыр топырақты жерге 2-3 см, механикалық
құрамы орташа топырақты 3-4 см, ал неғұрлым кешірек егілген және жері
кебіңкіреп кеткен учаскелерде 3-4 см терендікте сепкен дұрыс. Жоңышқадан
мол өнім алу үшін өсімдіктің көгі қалың болуы шарт, ал мұндай жағдай
тұқымды 2-3 см тереңдікте сіңіргенде ғана іске асады және бұл оның егістік
өнгіштігі 28-31% артты. Қазақ егіншіліқ және өсімдік шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институтында жоңышқаның жергілікті Шабыт 80 сортына
жүргізілген тәжірибеде өсімдік 7 күннен кейін толық көктеп шықты, бірінші
күрделі жапырақ 25 күннен кейін, екінші күрделі жапырақ 30 күннен кейін,
бұтақтану 38 күннен кейін, толық шанақтану 78-87 күннен кейін, 87-97
күннен кейін гүлдей бастады. Толық гүлдеу кезеңі 98-100 күнге созылды.
Көптеген ғылыми мекемелердің мәліметіеріне қарағанда қысқы суықтан
бірінші жылы жоңышқаның 1,5-18,3 %, екінші жылы 22,4 %-ға дейінгі
өсімдік үсіп, жойылады. Қазақстанның суармалы жерлерінде қысқы суықтан
жоңышқаның 3-9 % ғана өліп жойылса, солтүстікте бұл көрсеткіш 50-60 % -
ға жетеді. «Жоңышқа өсіру ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың биологиялық факторы болып табылады. Ол биоклиматты, топырақ, су және энергетикалық әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік береді. Топырақтың құнарлылығын арттырып, эрозиялық үдерістің дамуына жол бермейді. Сондай-ақ топыраққа техногендік әсерді төмендетеді, топырақ өңдеуді барынша азайтады және техногендік ауыртпашылыққа ұшыраған жерді жақсартады. Егіншіліктің жоңышқа жүйесі ауыл шаруашылығы өндірісін оңтайландыруда жүйелі фактор ретінде қатысады», – деп атап өтті В.Лукбанов.
Осындай шөп түрін пайдалану материалдық шығындарды бір уақытта 50-70%-ға азайтып, бал өндіру мен жем-шөп дайындауды 200-300%-ға, ал астық өнімділігін 20-30%-ға арттырады. Астық себу алаңына жоңышқа отырғызу күздік өсімдіктердің мәселесін шешеді, жерді оңтайлы пайдалануға алып келеді, 1 гектар жерден 10центнер астық алуға және қосымша 70-80 центнер құрғақ масса алуға мүмкіндік береді. Жоңышқаны пайдалану өнімнің ылғал қорын қалыптастырады.
Сондай-ақ, семинарға қатысушыларды шөптердің әсері және олардың зиянкестер мен аурулармен күресудегі рөліне қатысты сауалдар қызықтырды. Жоңышқа егу өсімдіктердің шіріп, зақымдануын күрт төмендетеді. Жоңышқаның тамыры мен топырақ қалдықтары ыдыраған кезінде топырақта дикумарин түзіледі. Ол өз кезегінде зиянкестердің, ауру таратушылардың жойылуына себепші болады.
Есеріңізге сала кетсек, Алматы облысында шілде-қыркүйек айларында 119 оқыту семинары өтті. Оған 1785 шаруа қожалық басшылары және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Жоңышқаның «өзгермелі» түріне, көкгибридтілер тобына жатады. Орташа мерзімде пісіп-жетіледі.Көктемде қылтиып көрінгеннен алғашқы орымға (гүлдей бастаған кезі) дейінгі уақыт — 51-62 күн, тұқымның әбден пісіп-жетілуі — 110-117 күн аралығында, бірінші орым мен екінші орымның арасына 38-40 күн уақыт керек. Көктемде тез қаулап шығады, ал жазда орып алғаннан кейін де, ылғал жеткілікті болса, жақсы өседі. Сорт қысқы салқынға және құрғақшылыққа төзімді келеді, өсімдік аурулары мен тұқым зиянкестерінен сирек зардап шегеді. Өсімдіктің биіктігі — 54-71 см. Жапырақтану көрсеткіші — 53,2 пайыз. 1000 дана тұқымның салмағы — 1,9-2,1 г.

Бұл — көк шөп және тұқым жинау бойынша мол өнім беретін сорт. Алты жыл жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша әр гектардан, орта есеппен, 190,0 центнер көк шөп орылады, пішен жинау бойынша орташа көрсеткіш — 56,7 ц/га; тұқым жинау бойынша — 2,7 ц/га.Кептірілген шөптегі шикі протеиннің үлесі — 17,8-20,2 пайыз аралығында, шикі клетчатка — 16,9-19,9пайыз, сіңімді протеин — 11 пайыз, ауыспалы қуат — 10,23 мДж, азықтық бірлік — 0,847 кг/кг.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет