Жсатармен јлеуметтік жўмыс


ІІІ ТАРАУ. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет13/18
Дата03.10.2022
өлшемі0,6 Mb.
#151483
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Дип.-Жастармен-әлеуметтік-жұмыс-дип (1)

ІІІ ТАРАУ. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

3.1. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы


Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің екі моделі туралы айтуға болады – интегративті және дефицитті. Интегративті модель – бұл жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасауы тиіс әлеуметтік жұмыс. Осы аспектіде әлеуметтік жұмыс іс жүзінде әлеуметтік педагогика секілді кәсіби қызмет түрімен салыстырылады.
Осы модельді іске асыру елеулі қаржы, сондай-ақ адам және материалдық ресурстар бөлуді көздейтін мемлекеттік-қоғамдық шығындық механизм арқылы ғана мүмкін болады. Алайда толықтай бұл шараны іске асыруға қомақты қаражат талап етілетіндіктен, көптеген мемлекетет әлеуметтік жұмыс жүргізудің дефициттік моделін таңдайды, ол негізінен халықтың аз қорғалған бөлігінің мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу ретінде жекелеген жасқа, сол сияқты жастар тобына олардың әлеуметтік қызмет ету қабілетін жақсарту немесе қалпына келтіру мақсатында көмек көрсетуге бағытталған кәсіпқой қызмет түсініледі. Әлеуметтік жұмыстың басты міндеті жастардың бойында өздерінің проблемаларын дербес шешу, нарықтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бейімделу, өз бетінше өмір сүру дағдыларын үйрену және өзін өзі басқару қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Бұл қызмет түрінің субъектісі – жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастарға әлеуметтік көмек көрсету және қорғау, олардың бастамаларына қолдау көрсету жөніндегі мамандандырылған мекемелер /11/.
Жалпы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесінде мынадай қызмет түрлерін көрсететін орталықтар кездеседі:
Жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы. Ол қиын жағдайға ұшыраған жастарға медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. Орталықта екі бөлім ашуға болады: әлеуметтік-құқықтық көмек бөлімі, оған қонақ үй, жатын жай, социотерапия мектебі, кәсіптік бағдар кабинеті, өндірістік кешен, мәдени-спорттық кешен, еңбек биржасы, шешу бюросы, заң консультациясы кіреді; медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек бөлімі, оған диагностика-психологиялық пункт, ата-аналарға арналған консультативтік пункт, оқушыларға арнлған консультативтік пункт, анонимдік қабылдау кабинеті, дағдарысты стационар, дәрісхана және бос уақытты пайдлану пункті кіреді.
Жастарға арналған ақпарат орталығы. Бұл жастар ісі жөніндегі органдарға, жастармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелерге, жастардың әртүрлі топтарына ақпараттық және әдістемелік қызмет көрсетеді. Жастардың заң, коммуникативтік, жеке, кәсіптік, білім, тұрғын үй және басқа проблемаларын шешу үшін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудан басқа орталық жастар арасындағы процестер туралы және жастардың ақпараттық қажеттіліктері туралы талдаулармен шұғылданады.
Кәмелетке толмағандарды және түрмеден босанып шыққандарды қайта әлеуметтендіру орталығы. Орталық дезадаптирленген жағдайдағы жастарға консультативтік, әлеуметтік-құқықтық, кәсіптік және психологиялық көмек көрсетеді. Орталық міндеті – жастардың криминогенді санатына көмек көрсету, олардың жұмыспен қамтылуына қол ұшын беру.
Жасөспірімдер мен жастарға арналған консультациялық орталық. Ол телефон арқылы білікті, төтенше, анонимді, тегін психологиялық көмек көрсетуге арналған. Орталықтың негізгі міндеттері:
● жасөспірімдер мен жастарға олардың әлеуметтік мәртебелері мен тұрғылықты жеріне қарамастан қазіргі заманғы білікті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
● конфликті және психологиялық қиын жағдайда жүрген абоненттерге көмек беру, дағдарысты жағдайдан шығуына тұлғалық, рухани, шығармашылық жақтан дем беру;
● жсаөспірімнің психологиялық мәселелері бойынша балаларға, жасөспірімдерге, жастарға, ата-аналарға және тәрбиешілерге телефон арқылы психологиялық кеңес беру;
● абоненттерге басқа да әлеуметтік қызметтермен және мамандармен байланыс орнату үшін ақпарат беру;
● жастар ортасындағы көңіл-күй ауанын, «жанды» жерлерді, өзекті үрдістерді айқындау.
Жасөспірімдерге арналған жатақжай. Ол объективті немесе субъекті себептерге байланысты отбасынан, балалар үйінен, қоғамнан шеттеп қалған кәмелетке толмаған жасөсіпірімдерді уақытша паналатуға арналған.
«Жастар» проблемаларын олардың отбасы, білім беру және денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау, мәдениетті дамыту, спорт және туризм жүйесінің қатысуынсыз, қолдауынсыз шешу мүмкін емес. Әлеуметтік қызметтердің қалыптасуы осы қызмет түрлерімен қоян-қолтық байланысты болуы керек.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігі жастарға әлеуіметтік қызмет басшылары мен жергілікті әкімшілік өкілдерінің өзара түсіністікпен қатынасып, біріге қолдау көрсеткен кезде мүмкін болады.
Жастар қызметтері көптеген мекемелермен өзара байланысқа түседі. Бұл көбінесе белгілі бір жобаларды қаржыландыруға байланысты. Әлеуметтік қызметттер мен жастар бағдарламалары өзін өзі қаржыландыру мақсатында аукциондар өткізу, лотереялар ойнату, телемарафондар ұйымдастыру және с.с. шараларға жиі жүгінеді.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің осындай жүйелері басқа елдерде де бар. Өкінішке қарай, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы жастармен жұмыс істейтін мекемелердің аппаратын ұстап отырудан аспай қалады.
Бұл ретте жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылып жүрген шетелдік тәжірибенің тиімді тұстарын алғанның айыбы жоқ. Соның бірі «жастармен ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізу» әдісі.
Ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізудің мәні – жастар орталықтарына да, консультациялық торталықтарға да жүгінуге құлықсыз девиантты мінез-құлықтағы жастар тобына бақылау орнату. Әдетте, бұларға рокерлер, футбол жанкүйерлері (фандар), радикалды топтар өкілдері, наркомандар жатады. Ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізудің принципі – құқы бұзуға бейім жастар әлеміне кіру мақсатында олармен өзара қарым-қатынас орнату.
Ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізу АҚШ-та пайда болған. Әлеуметтік қызмет мамандары осы санаттағы жастарға көмек көрсету мақсатында жастар көп жиналатын көшелерге, арнайы жерлерге барып, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге тырысқан. Осылайша, әлеуметтік жұмыс әртүрлі орталықтардан, ведомостволар мен консультативтік пункттерден тікелей көшеге ауысқан.
Қазіргі кезде ықшам әлеуметтік жұмыс жүргізудің әртүрлі формасы бар.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде ерлердің әлеуметтену ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлердің жастар ортасындағы агрессивтілікті «сублимациялау» тәжірибесі назар аударарлық, яғни олар жастардың агрессивтілігін мақсатты және бақыланатын бағытқа жұмылдырып, мысалы, әртүрлі спорттық секциялар ашып, соларға қатыстыра отырып, назарда ұстайды.
Әлеуметтік жұмыс жүргізудің тағы бір маңызды бағыты – дағдарысты жағдайға ұшыраған қыздар мен жас келіншектерге қолдау көрсетудің жаңа әдістерін сынақтан өткізу. Бұл жаңа әдістер отбасындағы сексуалды табу тақырыбын ашуға мүмкіндік берді. ФРГ-да сексуалды күш көрсетудің құрбаны болған әйелдер мен қыздарға арналған 200 жатынжай бар. Бұл орынға тек әйелдер ғана емес, зорлыққа ұшыраған балалар да келеді. Алайда ерлердің мұнда кіруіне үзілді-кесілді тыйым салынған.
Әлеуметтік жұмысты іске асырудың бір басымдылығы болып жастарға арналған әлеуметтік қызметтер желісін құру және оларды жастардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жоққа шығарушы негізгі тетік ретінде пайдалануға болады.
Осы уақытқа дейін жастардың әлеуметтік саласын әлеуметтік қолдау, медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмек көрсету саласындағы түрлі қызметті жүзеге асыратын ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы әлеуметтік қызметтер ұсынған болатын. Осы уақытқа дейін олардың қызметі «Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 мамырдағы № 340 қаулысымен реттелген.
Алайда, қоғамдық өмірдегі күрделі өзгерістер және қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай 90-жылдардың басында құрылған әлеуметтік қызметтерді талап етудің едәуір төмендеуіне әкеліп соқтырды. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер олардың қызметінің тиімсіздік факторының негізі болып табылатын басқа да экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайларда құрылды және ұйымдастырылды.
Осыған байланысты жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің қалыптасуына жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындады. Әлеуметтік қызметтер жастардың тіршілік әрекетінде бәсең рөл атқармауы керек, керісінше жастармен өзара іс-әрекеттерді жандандыруға, оның дамуына барлық жағынан ықпал етуге тиіс. Әлеуметтік қызметтерді жастардың қазіргі проблемалары бойынша ізденуге, зерттеуге және оларды шешуге бағыттау қажет. Осы Бағдарлама шеңберінде жастарға арналған әлеуметтік қызмет желісін құру қарастырылады, оның негізгі мақсаты жастардың аз қамтылған бөлігіне арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет