Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің



Pdf көрінісі
бет46/84
Дата21.10.2022
өлшемі11,5 Mb.
#154335
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Байланысты:
Журнал 40 оза-2

Қазақ 
тілін 
оқытуда 
 жиі 
қолданылатын педагогикалық әдіс-
тәсілдер 
1)
Оқу-танымдық
әрекетті 
ұйымдастыру 
және 
жүзеге 
асыру 
әдістері: 
—тілдік 
әдістер 
(әңгіме, 
дәріс, 
семинар, диалогтік оқыту,топтық оқыту, 
бірлесе оқыту); 


43
Республиканский научно-педагогический, методический журнал 
№40 (апрель) 2022 год 
— 
көрнекілік 
әдістері 
(иллюстрациялар, 
көрсетілім, 
таныстырылым); 
— тәжірибелік әдістер (жаттығулар, 
тәжірибе жасау, қолмен түрлі бұйымдар 
(постер,кластер, буклет) жасау; 
— репродуктивтік әдістер; 
— проблемалық-ізденушілік әдістер; 
— өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім 
басшылығымен және өз бетімен); 
2)
Оқу-танымдық
әрекетті 
ынталандыру және уәжді арттыру 
әдістері. 
3)
Оқу-танымдық
әрекеттің 
тиімділігін 
бақылау 
және 
өзіндік 
бақылау жасату әдістері.
Ал, оқыту орыс тілінде жүргізілетін 
колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті 
пәні оқытушыларының алдында тұрған 
негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік 
тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, 
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, 
грамматикалық ережелер мен сөйлем 
құрылысын меңгерту.Қазақ тілін оқыту 
барысында 
тілдің 
қыр 

сырын, 
табиғатын 
таныта 
отырып 
ертеңгі 
өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, 
парасатты 
ұрпақ 
тәрбиелеу 
үшін 
педагогиканың 
озық 
үлгілерін 
жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені 
байыта түсуіміз қажет. 
Оқытушы 
үшін 
ең 
басты назар аударатын 
мәселе 

сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан 
мыңдаған 
әдістер бар. Студенттерге 
қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге 
жету үшін оқытушы сабақтың түріне 
қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдану 
керек. 
Білімді 
тексеру және 
бағалау 
сабағындағы мақсат – студент білімінің 
деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл 
сабақты 
топтық, 
ұжымдық 
етіп 
интерактивті 
әдістермен 
жүргізген 
тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге 
командалық әдіспен өту (жалпы сынып 
бойынша) қолайлы болады. Сабақтың өн 
бойында өткенді қайталап, оқушылардың 
әрқайсысының 
қаншалықты 
сабақты 
меңгергендігін білу басты мақсат болып 
табылады. 
Өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді 
әдіс 
– 
коммуникативтік 
әдіс 
деп 
ойлаймын. 
Коммуникативтік 
әдіс 
оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-
қатынас 
жасауын, 
сұрақ - жауап 
жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін 
қалыптастырып, 
сөздік 
қорын 
молайтады, тілді дамытады. Бұл әдістің 
ішінде ерекше орын алатыны – диалог. 
Диалог студенттердің сөйлесу әрекетін
сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат 
алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас 
жұмыс 
түрі. Тақырыпты 
тереңірек 
игертуде 
қосымша 
«Т-кестесін» 
қолдануға болады. Бұл интербелсенді 
тәсіл – бір-біріне қарама-қарсы немесе 
салыстыруға 
болатын 
ақпарат 
пен 
пікірлерді 
келтіруге 
арналған 
жазу 
кестесі. 
«Менің күн тәртібім» тақырыбына 
қатысты оқытушы мынадай екі пікірді 
салыстыра 
алады: 
күн 
тәртібі 
жоспарланған студент пен күн тәртібі 
құрылмаған 
студенттің 
артықшылықтары, кемшіліктері. Кестені 
интербелсенді 
тақтада 
орындау 
барысында топ студенттері алдын-ала 
жазылып қойылған 
сөздерді 
тиесілі 
жолаққа орналастыруы керек. Осыдан 
келіп студенттер салыстырмалы түрде 
жақсы мен жаманның айырмашылығына 
түйін жасайды. 
Сабақ соңында «Иә, жоқ» сұрақ-жауап 
кезеңін 
жоспарлап, 
грамматикалық 
тақырып пен негізгі тақырып туралы 
бірнеше 
сұрақтар 
тізімін 
келтіруге 
болады. Интербелсенді тақтада дұрыс 
сауалдың тұсына «+» белгісін қойып
бұрыс 
сауалға 
«-» 
белгісін 
қойып 
отырады. «Жоқ» деп жауап берген 
жағдайда, себебін сөздік қорларына 
байланысты 
қысқаша 
түсінік 
беріп 
кетеді. Осылайша оқытушы өтілген 
тақырыптың қаншалықты меңгерілгендігі 
жөнінде 
анықтап 
әрі 
оқушылардың 
тақырып 
бойынша 
білімін 
қайта 
пысықтап алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет