15. ЖАРНАМАЛЫҚ АҚПАРАТ БЕРУ
Осы заңнын талаптары орындалмаған жағдайда уакілетті оргондардың талап етуі боиынша жарнама беруші, жарнама жасаушы және жарнама таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге міндетті .
Егер жарнама беруші ,ескертуге қарамастан, өзінің жарнамаға қоятын талабын өзгертпесе не өзінің жарнамалық ақпаратының дәйекті екендігіне құжаттық растама тапсырмаса не жарнаманы жөнсіз жасауы мүмкінөзге де мән – жағдаиларды жоймаса, жарнама жасаушы және (немесе) жарнама таратушы, егер шартта өзгеше көзделмесе белгіленген тәртіппен шартты бұзуға және залалдын толық өтілуін талап етуге құқылы.
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзу фактісі анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратауды, орналастыруды дереу тоқтатуға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен теріске шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте теріске шығаруң жөніндегі шығыстардың бәрін бұзушылыққа жол берген тұлға көтереді.
2. Теріске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсілдермен теріске шығаралатын жөнсіз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңістігінің, орны мен тәртібінің нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерді пайдаланыла отырып жүзеге тасырылады.
3. Егер теріске шығару белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда уәкілетті органның шешімі бойынша теріске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгіленген мерзімде теріске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтірілген шығындарды өтеу туралы кері талап қою құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиіс.
Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық.
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшін, егер ол жарнама жасаушының кінәсінен болғаны дәлелденбесе, жарнама беруші жауапты болады.
Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресімдеуге немесе қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.
Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсіліне қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.
|