К. Н. Мамирова,п.ғ. к., профессор м а



Дата08.09.2017
өлшемі116,17 Kb.
#31866
ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

К.Н. Мамирова,п.ғ.к., профессор м.а.

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті



(Алматы қ., Қазақстан)

e-mail: mamirova_kulash@mail.ru


72 жылдық тарихы бар «География және туризм кафедрасы» - еліміздің қоғамдық өмірі, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәсі. Ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы - «География және туризм кафедрасы» мамандар дайындауға зор үлесін қосты.

Өткен тарихи кезеңдер ішінде кафедра республика мектептері үшін бірнеше мыңнан аса география пәнінің мұғалімдерін дайындап шығарды. Бүгінде кафедра түлектерін кең байтақ республикамыздың әр шалғайынан кездестіруге болады. Сондай-ақ, кафедрадан білім алған түлектер қазіргі кезде көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қытай, Түркия, Моңғолия және т.б. елдерде табысты еңбек етуде. География және туризм кафедрасының түлектері негізінен орта және жоғары білім алу жүйесінде мемлекеттің ғылыми-зерттеу кеңселерінде, алыс және жақын шет елдерде жұмыс істейді.

Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші белгілі ғалымдар–оқытушылардың шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған. География кафедрасы ұзақ жылдар бойы білікті педагог-кадрлар дайындауда қомақты үлес қосып келе жатқан, ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлесімді жүргізіп, университетіміздің ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейден көрінуіне ат салысып отырған, жетекші кафедраларының бірі болып саналады.

География кафедрасы қазақша географиялық терминдерді қалыптастыру ісін бастаушылардың бірі ретінде танымал. Өткен ғасырдың 50–60-шы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты қазақша ғылыми салалық терминдер сөздігін жасаудың ұйытқысы болды. География кафедрасы оқытушыларының тұңғыш орысша-қазақша географиялық терминдер сөздігін құрастырудағы еңбектері ұшан-теңіз.

1945 жылдан бастап 1980 жылдар аралығында география кафедрасында зерттеу жұмыстарын Қазақ География Қоғамымен тығыз қарым-қатынаста жүргізді. География Қоғамы өз мәжілістерін Қыздар институтында өткізетін. Мәжілістерде география кафедрасы оқытушыларының қатынасуымен басқару, ұйымдастыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты көптеген мәселелер шешілетін.

Кафедра мүшелері тұңғыш Қазақ Совет энциклопедиясы, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, қысқаша Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы т.б. энциклопедиялық басылымдарды дайындауға үлкен үлес қосты.

География кафедрасының стратегиялық мақсаты: кафедраның ғылыми-әдістемелік деңгейін бәсекеге қабілетті ету, кадрлық әлеуеттін жоғарылату және студенттердің білім сапасын көтеру.

Кафедраның миссиясы: әлемдік және ішкі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, азаматтық ұстанымы жоғары мамандарды даярлау; білім, ғылым және инновациялардың кірігуіне қолайлы жағдайларды туғызу; мемлекетте туындаған мәселелерді ұтымды шеше отырып, ұлттық дәстүрді сақтайтын тұлғаларды дайындау.

Білім ордасының құрылған алғашқы күнінен бастап-ақ есімдері елге белгілі көрнекті ғалымдар кафедраның көркеюіне өз үлестерін қосты. Тарих қойнауына көз жіберсек кафедрада мынадай ардақты азаматтар қызмет етті: а/ш ғ.к., доцент Н.Баяндин, г.ғ.к,доцент Ғ.Қонқашбаев, г.ғ.к., профессор А.Г.Поползин, г.ғ.к., профессор Ә.Б.Бірмағамбетов, геолог/минерал.ғ.к., доцент Р.Машанова, г.ғ.к., доцент К.Б.Ахмедова және т.б.

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы 72 жылдың ішінде елеулі жетістіктер мен нәтижелерге жетті. Профессор Ә.Б. Бірмағамбетов мектепке арналған 3-сынып «Табиғаттану», 4 сынып - «Дүниетану», 6 сынып - «Физикалық география» төл оқулықтарымен және басқа да ғылыми еңбектерін жазды. Жоғары оқу орындарына арналған «Қазақстанның физикалық географиясы», «Географиялық атаулардың сыры», «Саяхаттар және географиялық ашылулар», «Географиялық сөздік», «Қазақстан табиғатын зерттеудің негізгі кезеңдері» және т.б. оқу құралдары жарық көрді. Сонымен қатар, Ә.Бірмағамбетов 12 томдық Қазақ ССР энциклопедиясы, қысқаша Қазақ ССР энциклопедиясы, балалар энциклопедиясы, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы мақалаларының авторы.

География және туризм кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а., К.Н.Мамированың 5В011600-География мамандығының студенттеріне арналған «Методика преподавания географии», «Развитие географического образования в Казахстане», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» электрондық мультимедиялық білім беру бағдарламасы, «Геоэкология и охрана природы», «Физическая география Казахстана» оқу құралдары жарық көрді. К.Н.Мамирова жалпы білім беретін мектепке арналған география пәнінің Стандарты, тұжырымдамасы мен 6-11 сыныптары оқу бағдарламасының, 6-сынып «Физикалық география» оқулығының және оның оқу әдістемелік кешенінің авторларының бірі. Оның «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Қазіргі дүние географиясы» (9,10,11 сыныптары) әдістемелік құралдары 4 рет өңделіп баспадан шықты. «География в школах и вузах Казахстана» ғылыми – әдістемелік журналының редакциялық алқасының мүшесі.

Н.Н.Карменова «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» 9 сынып оқулығы авторларының бірі. Сонымен қатар, «Қазақстанның облыстар географиясы», «ТМД-ның экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқу құралдарының авторы. «География және табиғат» журналының редакциялық алқасының мүшесі.

К.А.Тлеубергенова - «Географияны оқытуда қолданылатын құралдар», «География пәнінің көрнекіліктері», «Географияны оқытудағы қолдан жасалатын құралдар», «Өндірістің техникалық-экономикалық негіздерінен жүргізілетін зертханалық жұмыстар», «Материалдық өндірістің техникалық-экономикалық негіздері» атты студенттерге арналған оқу құралдарының авторы.

Сондай – ақ, «География және туризм» кафедрасының жетістіктері бұқаралық ақпараттық құралдарында, яғни, Қазақстан телеарнасының «Таншолпан» бағдарламасында, Қазақстан – Орал телеарнасында, Қазақ радиосының «Білім көкжиегі» бағдарламасында, Kaznews бағдарламасының «Оқулық – білім тірегі» бөлімінде жарияланды.

Кафедраның студенттері де ғылым мен білім аясында өз жетістіктерін көрсетуде. 2015 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VII Республикалық пәндік олимпиадасында (Орал қ.) 5В011600 - География мамандығы бойынша командалық есепте географтар II орын иеленді. 2016 жылғы VIII Республикалық география пәнінің олимпиадасында студенттіміз А.Қаирова бірінші орынға ие болды. Республикалық студенттер ғылыми - зерттеу жұмыстарының (ғылыми жобалар) конкурс нәтижесінде кафедра студенті А.Текешева 3 орын алды [1].

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдермен қарым-қатынасының нығаюы еліміздің жаңа сапалық деңгейге көшуін көрсетеді. Қазіргі заманның білім беру жүйесінде кең аукымды ойлай білетін жаңашыл мұғалімдерсіз жаңа ұрпақ қалыптаспайды.

Сондықтан да біз дүниежүзіне әйгілі «құзыреттілік оқыту» деген ұғымға бет бұрудамыз. Жалпы алғанда қабілеттік пен құзыреттілік ұғымдарын өзара айшықтап бөлу оңай емес. Ғалымдарының зерттеулерінде қабілеттілік пен құзыреттілікке мынадай сипаттамалар берілген: қабілеттілік – қойылған мақсатты іске асыруға жетелей тұғын белгілі бір дағдыларды қолдану. Құзыреттілік – бұл (алдын-ала дайындықсыз) қандай болса да жағдаятты бағалай алу және соған сәйкес азды-көпті әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттіктер. Мысалы оқыту процесін алатын болсақ және құзыреттілікті операция ретінде қарастырсақ, жеке тұлғаның оқытуға құзыреттілігі бар деп айта аламыз, яғни нақты іс-әрекетті студент алдын-ала дайындықсыз-ақ орындай алатындығы көрінеді. Студент бұл құзыреттілікті іске асыру үшін бір топ қабілеттіктерді белсендіруі тиіс, мысалы танымдық сферада (сөзді қабылдау қабілетіне ие болу), психомоторлық сферада (зейінді белгілі бір бағытқа сай ұстап тұру немесе оны тез-тез ауыстыру), әлеуметтік мінез-құлықтық сферада (өзін өзгелерден айыра білу, өзгелердің сұрағын қабылдай алу). Оқу құзыреттілігі – белгілі бір іс-әрекетте барлық қабілеттіктердің көмегімен іске асырылады.

Осы жоғарыдағы айтылғандарға байланысты болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін және Университеттің стратегиялық жоспарын іске асыру бағытында география кафедрасында келесідей іс- шаралар атқарылып жатыр:

- жаңа 2016 - 2017 оқу жылына арналған 5В011600 - География, 5В060900-География, 5В090200 - Туризм және 6М060900 – География (магистратура) мамандықтарына қазақ және орыс тілдерінде жұмыс оқу жоспарлары, оқу спецификациялары және элективті пәндер катологтары дайындалды. Барлық аталған мамандықтар бойынша академиялық дәрежелеріне сәйкес студенттердің білімі, біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар келесідей болып белгіленді:

- ғылыми теориялар мен заңдылықтарды, ұғымдар мен түсініктерді толық меңгеру;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру және ғылыми ақпаратты қолдана білу, сараптау және болжау әдістерін жетік меңгеру;

- ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білу; таңдап алған мамандық бойынша ғылыми - зерттеу және эксперименттік іс-әрекеттерді жоспарлау және жүргізе білу;

- ғылыми проблемаларды шешу үшін кез-келген жағдайда білім мен құзыреттіліктерді қолдана білу;

- инновациялық іс-әрекеттерді пайдалану; ғылыми жұмыстар нәтижелерінің қисынды аргументтерін шығара білу, алынған тәжірибелік мәліметтерді іске асыра білу;

- зерттеу обьектісі мен құбылыстардың ерекшеліктерін анықтай білу;

- географиялық ақпаратты жүйелі қолдана білу және онымен жұмыс жасауды ұйымдастыра білу;

- табиғи және әлеуметтік - экономикалық құбылыстардың тақырыптық-картографиялық үлгілерін жасай білу ;

- заманауи географияның өзекті мәселелерін шешуге қабілетті болу; ғылыми ақпараттық ізденіс, ғылыми нәтижені құру және реттеу;

- табиғат пен әлеуметтік саланы зерттеудің картографиялық, геоэкологиялық, геохимиялық, статистикалық, математикалық әдістерін қолдану білу [2].

Кафедраның оқу бағдарламаларына сәйкес бакалавр мен магистрлерді дайындау үшін бітірушілерге келесідей құзыреттіліктерді меңгеруге талаптар қойып отырмыз, яғни:

Құралдық құзыреттілік:

- қолданбалы зерттеулер мен практикалық іс-әрекеттерде іргелі білімдерді қолдана білу; физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық және туризм менеджменті мәселелерінде - аталған ғылымдардың заңдылықтарын, ұғымдары мен түсініктерінің мән-мағыналарын анықтай білу, талдау, негіздеу және болжай білу;

- әртүрлі ақпарат көздерінен деректерді тауып, сараптама жасай білу. Ғылыми ақпараттарды жүйелеу, талдау және қорытындылау; табиғи және аумақтық, әлеуметтік –экономикалық, шаруашылық жүйелердің орналасуы мен даму динамикасын анықтай білу; қоршаған ортаны тиімді пайдалану және қорғау мәселелерін іске асыра білу;

- топографиялық және геодезиялық деректердің негізінде ГАЖ технологияларын пайдаланып, географиялық карталар мен картографиялық өнімдерін жасай алу; картографиялық өнімдерден қажетті ақпараттарды ала білу. Шет тілін толық меңгеру және алған білімін практикада пайдалану үшін кәсіби құзыреттілігін жетілдіру керек.

Тұлғааралық құзыреттілік:

- толеранттық негізде тұлғааралық қатынастарға қабілетті болу; әлеуметтік ортаға, өзіне және басқаларға сын тұрғысынан қарау; жеке тұлғаның жеке қасиеттерін дамыту; өмірдегі кез-келген жағдайларға дайын болу үшін әр түрлі қабілеттіліктерді таныта білу;

- кәсіби дағдыларды дамытуға дайын болу; ұйымдастыру және басқару іс-әрекетінде теориялық білімдерімен тәжірибелік дағдыларды қолдана білу; ұжымды басқару және келісімдік қатынастарды орнату үшін тұлғаның психологиясын білу;

- сын тұрғысынан талдау дағдыларын меңгеру, өз пікірімен аргументтік қорғанысты орната білу, оппоненттердің көзқарасын сыйлау және түсіне білуге қабілетті болу; әртүрлі әлеуметтік тұлғалық мәселелерді шеше білу; өз-өзін жетілдіру қабілетілігі, өз бетінше шығармашылық білімдерді меңгеру дағдылары; топтық ортада жұмыс істей білу және ұжымда өзара көмек беру.

Жүйелілік құзыреттілік:

- жүйелілік талдау негізінде жүйелік - құрылымдық әдістерді жалпы және жеке географиялық мәселелерде шешу үшін білім - білік дағдыларды қолдана білу; география ғылымның негізгі ұғымдары, терминдері мен категорияларын табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын түсіну үшін қолдана білу; табиғи кешендердің негізгі компоненттерінің құрылымын, жасын, генезисін білу;

- күрделі географиялық құбылыстарды жүйе ретінде қабылдау; жүйелік талдауға сәйкес теориялық білімдерді көрсете білу; қолданбалы міндеттерді шешу үшін теория және практикада қолдана білу;

- Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерін білу; өз қабілеттілігімен іс-әрекеттер нәтижесін бағалай білу; әртүрлі географиялық жүйелер құрылымындағы өзгерістерді айқындай білу қабілеттілігі.

Пәндік құзыреттілік:

- литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфераның негізгі заңдылықтары мен байланыстарын, ғаламшар геожүйелерінің негізгі зоналық - аймақтық ерекшеліктерін білу. Адамның антропогендік іс-әрекетінің түрлеріне талдау жасау және олардың табиғи ландшафттарға әсерін анықтай білу. Адам іс-әрекетінің нәтижесінде геожүйелерде пайда болған өзгерістерді айқындау және антропогендік мәселелерді жіктей білу. Қоршаған ортадағы өзгерістерді талдай отырып, ландшафт трансформациясын анықтап, табиғатты қорғауды жоспарлау және әртүрлі деңгейде мониторинг жасай білу;

- табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі принциптерін кәсіби іс-әрекетте қолдана білу. Мемлекеттер мен аймақтардың саяси жағдайын талдау барысында электоралдық географияның әдістерін географиялық кеңістік контекстінде қолдана білу. Әртүрлі мемлекеттер мен континентердегі саяси жағдайларды жетік білу үшін әлеуметтік, экономикалық, электоралдық географиядан құзыретті болу;

- табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыстармен процесстерді теориялық тұрғыдан талдау мен болжауды білу. Меңгеруге тиісті пәндердің циклі бойынша мәселелерді шешуге арналған әртүрлі бағыттарды қамту. Ғылымның өзекті мәселелері және жалпы географиялық бағыттарына сәйкес көпнұсқаулы болжамдар және сараптамалық зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгере білу [3].

Осы айтылғандарға сәйкес соңғы жылдары география және туризм кафедрасы университет ішінде өткен рейтинг нәтижелері бойынша үшінші және алтыншы орындарға ие болды. Рейтинг нәтижелері бойынша кейінгі бес жылда университет профессорларының ішінде профессорлар Ә.Б.Бірмағамбетов - 5орын, Н.Н.Карменова - 9 орын, доценттер ішінде К.Н.Мамирова – 1 және 2 орын, аға оқытушылар мен оқытушылар ішінде Х.Н.Кобегенова, Л.Ш.Қиясова, Е.А.Тулегеновтар жүлделі орындарға ие болды.

П.ғ.к., профессор м.а. К.Н. Мамирова Білім және Ғылым министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасы Педагогика Ғылымдар Академиясының Стратегиялық даму институты құрамында «Научно методические основы формирования содержания школьных учебников в 12-летней школе» атты ғылыми жобасына жетекші орындаушысы болып қатысты.

Қорытындылай келе, кафедра білікті мамандар дайындау мақсатында, болашаққа келесідей міндеттер қойып отыр:

- алдыңғы қатарлы кафедра болу үшін іргелі ғылым және педагогикалық инновацияларды пайдалана отырып, білікті географ мамандары мен туризм менеджерлерін дайындау;

- Болон процесінің талаптарына сәйкес кредиттік технология бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында студенттер мен магистранттарды халықаралық көлемінде тағылымдамадан өткізуді жетілдіру қажет;

- оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық және республикалық семинарлар мен тренингтерге қатысу;

- әр түрлі инновациялық технологияларды енгізіп, студенттердің интеллектуалдық әлеуетін дамытып, бәсекелестікке сай саналы, білімді, жан-жақты үйлесімді білікті мамандарды қалыптастыру;

- болашақ мамандардың біліктілігін жан-жақты жетілдіру үшін оқытушыларды үш тілдік бағдарламаға сәйкес өтетін арнайы курстарға қатыстырып, ғылыми-практикалық тәжірибелерден өткізу қажет;

- студенттер мен магистранттарды отан сүйгіштікке баулу, олардың адамгершілік қасиеттерін, қалыптастыру. Ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды меңгертіп, рухани-мәдени, парасаттылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу.
Әдебиеттер

1.Мамирова К.Н. Образовательная, научно-инновационная и социальная деятельность кафедры географии Казахского государственного женского педагогического университета. Ж. География и экология 21 века. № 6,2013.

2.Мамирова К.Н. Преемственность содержания среднего и высшего образования в Казахстане (на примере географического образования). Bulletin Eurotalent-fidjip.volume 5.2013 «Известия ЕВРО ТАЛАНТ-ФИДЖИП», Семинар Международной академии КОНКОРД ( декабрь 2013, Париж-Брюссель-Страсбург-Женева).



3.Мамирова К.Н. және т.б. География пәнінің стандартына сәйкес картографиялық және геоақпараттық мазмұндық материалдарды пайдалану. Ұлттық біліктілік жүйесі мен кәсіби стандарттар негізінде білім мазмұнын жобалау.ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар пед.университетінің базасындағы Республикалық оқу-әдістемелік кенесі секциясы.А.2014.


Summary

The article deals with problems of formation of professional competence of the future professionals Geography and Tourism Department. For example, the specialty "Geography" and "Tourism" are characterized by instrumental, interpersonal, systemic and subject competence of students and undergraduates. At the same time, the article presents the experience of practical activities of Geography and Tourism Department, the result of which is the professional competence of students.


Ключевые слова География кафедрасының стратегиялық мақсаты: кафедраның ғылыми-әдістемелік деңгейін бәсекеге қабілетті ету, кадрлық әлеуеттін жоғарылату және студенттердің білім сапасын көтеру.

Кафедраның миссиясы: әлемдік және ішкі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, азаматтық ұстанымы жоғары мамандарды даярлау; білім, ғылым және инновациялардың кірігуіне қолайлы жағдайларды туғызу; мемлекетте туындаған мәселелерді ұтымды шеше отырып, ұлттық дәстүрді сақтайтын тұлғаларды дайындау.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет