Персоналды басқарудың «ескі» концепциясы
(Ф. Тейлор, А. Файоль)
Персоналды басқарудың «жаңа» концепциясы
(И. Ансофф, Г. Саймон, П. Друкер)
Кәсіпорын – бұл «жабық» жүйе, оның қызметі ішкі мақсаттар негізінде айқындалады және қоршаған орта факторларының әсерін есепке алмайды
Ұйым – қоршаған орта факторларының әсерін ескере отырып, сценарийлік тәсілдің принциптерінде әрекет ететін ұйымдастыру теориясының тұжырымдамасы негізінде құрылған «ашық» жүйе
Өнімді (қызметті) жасау кезінде өндіріс үрдісінің тиімділігіне, атап айтқанда өндіріс масштабының оң әсеріне басты назар аударылады
Өнімді (қызметті) жасау кезінде өнімнің сапасына және оның тұтынушылық қасиеттеріне назар аударылады
Өндіріс факторларын, соның ішінде еңбекті тиімді пайдалануға негізделген өндіріс үрдісін оңтайландыру. Басқару жүйесі ағымдағы жоспарлауға негізделген
Өндірілген өнімді нарық қажеттіліктеріне тез бейімдеу мүмкіндігіне негізделген өндіріс үрдісін басқарудың икемді тәсілі. Кәсіпорында басқару жүйесін құру кезінде стратегиялық жоспарлауға назар аударылады
АРБ «ескі» және «жаңа» концепцияларына салыстырмалы талдау
Персоналды басқарудың «ескі» концепциясы
(Ф. Тейлор, А. Файоль)
Персоналды басқарудың «жаңа» концепциясы
(И. Ансофф, Г. Саймон, П. Дракер)
Қызметкерлер жер және капитал сияқты өндірістің басқа факторлары сияқты маңызды ресурс болып табылады
Қызметкерлер өндірістік қызметті жүзеге асыру үрдісінде бәсекелестік артықшылықтарды алуға және сақтауға мүмкіндік беретін ұйымның негізгі материалдық емес ресурсы болып табылады
Персоналды басқару жүйесі еңбекті терең бөлуге, өндірістік қызметтің барлық түрлерін бақылауға, реттеу мен стандарттауға негізделген
Басқару жүйесі ішкі философияға, ұйымдық мәдениет пен инновацияға, қызметкерлері мотивациялауға және басшылық стильге бағытталған.