Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Қазақ журналистикасының тарихын зерттеушілер



бет7/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Қазақ журналистикасының тарихын зерттеушілер

Қырықбай Аллаберген «Қазақ журналистикасы тарихы» кітабында «Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін біз өз халқымыздың тарихыен жартылай бұрмаланған күйі оқып келдік. Оған біздер ешкімді кінәлай алмаймыз. Себебі, заман солай болды. Біржақты идеология мен кеңестік саясат екі қолымызды жіпсіз байлап, өткен-кеткен тарихымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік болмады» дей келе қазақ баспасөзінің тарихын зерттеушілер туралы бірнеше ақпараттар айтады. Соның ішінде қазақ баспасөзі тарихын алғашқы зерттеушілер Бейсенбай Кенжебаев пен Қайыржан Бекхожинді ерекше атап өтеді. Алайда, алғашқы зерттеу жылдары қазақ тарихына, оның әдебиеті мен мәдениетіне жанашырлық көрсетіп, оны зерттеуге бет бұрған азаматтардың ізіне түсіп, іздеу салған халқымыздың өткен тарихы мен мәдени мұрасы жайлы жағымды сөз айтқысы келген ғалым зерттеушілерге күйе жағып үйірінен қуылған саяқ жылқыдай жұрттан шеттетіп, шекесін нұқуға бейім тұратын уақыт болатын. Мәселен, Ж.Сәрсекеев өзінің «Тарихи шындық бұрмаланбасын» деген мақаласында: «Революциядан бұрынғы қазақ баспасөзінің барлығы дерлік реакцияшыл-байшыл, ұлтшыл бағытта болды, сондықтан оны зерттеудің қажеті жоқ» деген сыңаржақ пікір ұсынды. Сөйтіп осындай жан-жақты қысымнан соң қос ғалым да өздерінің қазақ баспасөзін зерттеудегі «қателіктерін» мойындауға мәжбүр болып, оны «түзету» жолында яғни партия саясатымен үндес келетін бірізділікке салу үшін еңбектенген. Соның нәтижесінде Б. Кенжебаев кітапшасын «түзетіп» сынға іліккен тұстарын 1956 жылы «Қазақ баспасөзі тарихынан мәліметтер» деген атпен қайта бастырып шығарса, ал Қ.Бекхожин 1958 жылы «Қазақ баспасөзі совет үкіметі орнау жылдарында» атты пышақтың қырындай 12 беттік кітапшасын оқырмандар назарына ұсынды. Сондай-ақ бұл тұрғыда Социалистік Қазақстан газетінің 1951 жылғы 17 қарашадағы санында Б.Қорқытов пен Ә.Доспаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателер» деген сын мақаласы жарияланғанында айта кетуіміз керек. Онда Бекхожинның «Дала уәлаяты – қазақтың тұңғыш газеті» деген кандидаттық диссертациясын және Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихынан» кітабын сынайды. Одан әрі «Кенжебаев буржуазиялық, ұлтшыл бағыттағы газеттер «Қазақ», «Серке» және басқалары жөнінде құлшына баяндайды. Алашордашылардың 13 газетінің атын тізеді. Бұл бұл ма, автор алашордашылардың орталық органы «Сарыарқа» газетінің совет үкіметіне оның ұлт саясатына қарсы жазылған контрреволюциялық жалақорлық мақаласынан бірқұлаш цитата келтіреді, сөйтіп контрреволюциялық идеяға трибуна береді» деп жазды.

Міне, кеңес өкіметі тұсында «Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихын» жазу, оны болашаққа жеткізу осындай болды. Ал, бұл мәселенің қазіргі проблемалары қандай десек онда төмендегідей жайларға тірелеміз: біріншіден, қазақ журналистикасының шын тарихын оқыту бізге тәуелсіздікпен бірге келді. Біз өткен тарихымызды шындық тұрғыдан айтуға мүмкіндік алдық. Осы жылдары ішінде біздің ғалымдарымыз көптеген зерттеу жұмыстарын жазды. Кезінде байшыл, ұлтшыл, алашордашыл деген газет журналдардың түпнұсқаларын түгелдей болмаса да, қолымызға тиіп ғылыми айналымға түсе бастады. Екіншіден, бұл жұмысқа студенттердің өздері де араласуға мүмкіндік алды. Олар реферат, диплом жұмыстарын жазу арқылы архивтерге барып, өткеннің шындығына көз жеткізді. Үшіншіден, Т.Қожакеев, Ш.Елеукенов, Ү.Сұбханбердина, С.Қозыбаев, Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Б.Жақыпов сияқты ғалымдар бұл тақырыпқа арналған монографияларында, оқулықтарында, ғылыми мақалаларында көптеген тың деректердің көзін ашып, сана сезімдерінің оянуына өзіндік үлестерін қосты. Тәуелсіздік алғаннан бері тек бір ғана Ү.Сұбханбердинаның «Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихына арналған Дала уәлаятының газеті (5 том), «Алаш», «Қазақ», «Сарыарқа», «Айқап», «Қазақ», «Қазақ халқының рухани байлығы» Т.Қожакеевтің «Жыл құстары», «Сатира негіздері», Н.Омашевтің «Қазақ радиожурналистикасы», Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразайдың «Қазақ журналистикасының тарихы» кітап авторларының «Алты алаштың ардақтылары», «Көне басылымдар, құнды деректер, аяулы есімдер» және т.б. моногрофиялар мен оқулық кітаптары жарық көрді. Бұл еңбектерде 130 жылдан астам тарихы бар қазақ мерзімді баспасөзіне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруге ұмтылушылық байқалады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет