«Қазақ» газетіндегі жер, оқу-білім, қоғамдық-саяси мәселелердің жазылуы
«Қазақ» — қоғамдық-саяси және әдеби газет. 19ІЗ жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы — белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы — қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев.
«Қазақтын» басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қалың қазаққа бас-көз болды. Мысалы, "Оқу жайы", „Қазақша оқу жайы" атты мақалалар оқудың мән-жайын, маңызын, әсіресе, „Қазақтың шаруасына, бір жақтан надандықтан кемшілік келгенде, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдігінен, теңдігінен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қол жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер білімге мезгіл өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызда бір жұрт екенімізді білдірер едік", — десе, „орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, қазақшаа оқы, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу керек", — дейді. Қазақтың" ерекше атап өтерлік тағы да бір маңызды қызметі оның денсаулық мәселесіне ыждағатпен ден қоюын айтар едік, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жерін оба ауруы меңдеп, адамдардың көп өлгені белгілі. Осы орайда газет жумысына Ахмет, Әлиханмен бірдей атсалыск,ан публицист МДулатов денсаулық, оның ішінде халықты апатқа ушыратқан оба ауруына байланысты „Чума жайынан"', „Чума сиезінен"* атты материалдар жариялап, к,азақ, халқының қайғылы қасіретін былай деп көрсетеді; „Орал облысындағы қазак,тың саны 6 жүз мың, неше жуз шақырым жерге жайылган осынша халыққа хүкіметің қойғаны 3 дәрігер. Бәлкім уштен де кем болар еді, егер Орал облысында мұнан бұрын чума болып шошытпаған болса. Жаздыгүні басталған дертті хакімдер қазанның аяғында білді, сонда Чумаға қарсы қару қылуы чума қазақ жерінен казак-орыс (Колмыкова) жеріне ойысып бара жатқан соң болды деуге болады" деп үкіметтің індетті насырға шапканда ғана қолға ала бастағанын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |