Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Қазақ журналистикасындағы жекеменшік басылымдар



бет9/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Қазақ журналистикасындағы жекеменшік басылымдар

Бұқаралық ақпарат құралдары оның ішінде газет-журналдар халықты қоғамда болып жатқан елеулі жаңалықтармен таныстыруда ерекше қызмет атқарады. Әсіресе, жеке меншік басылымдарға көп үміт артылып отыр. Өйткені, олар ешкімге алаңдамай, шындықты ашып жазуға, ешкімнің ықпалынсыз ойын ашық жеткізуге құқылы. Қазақстанда да осындай алғашқы басылымдар 1985 жылдан бастап шыға бастады. Біз солардың ішінде белдісі әрі бірегейі, философия ғылымдарының докторы, профессор, Алматы мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі – Алдан Айымбетовтың орыс тілінде шығып тұратын «Казахская правда» газеті дер едік. 1993 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған бұл басылымның редакторы, құрылтайшысы да бір-ақ адам. Негізінен ол өз газетінде саяси мәселелерге көп көңіл бөліп, теңгенің де, басшылардың да жайын әңгіме етеді. Мысалы, оның «Лауазымды басшылар санай алады, ал есеп беруге келгенде» деген мақаласында: «Бұл мақаламыздың тақырыбы құлаққа жұмсақтау естілгенімен әңгіме біздің тәуелсіз газетіміздің өміріне шамадан тыс салық салу арқылы қастандық жасап отырған лауазымды басшылар туралы болмақ» деп халықтың рухани байлығының да есеп шотқа түсіп, қадір – қасиетінің қашып бара жатқандығында сөз етеді. «Казахская правда» - қазақ ұлтына бірден-бір жанашыр басылым болатын. Сондықтан газет қазақтар мен Қазақстанда тұратын өзге ұлттар арасында алауыздық туғызғысы келетін басылымдарды жөнге шақырып отырды. Әсіресе, «Караванмен» көп бет шайысып, оның кезінде құрылтайшысы болған Гиллер мен Мелцерьді әрбір шалыс басқан қадамдары үшін түйреп қалуға тырысатын.

Осындай жекеменшік басылымдардың тағы бір іргетасы сонау 1913 жылы А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Оразаевтар қалаған «Қазақ» газеті болып табылады. Міне, осы газетті бүгінгі күні «Қазақ үні» деген атпен жаңғыртып шығарып отырған – екінші бір профессорымыз, филология ғылымдарының докторы Файзолла Оразаев. Бұл жарияланым негізінен тарихқа көп көңіл бөледі. Өз оқырмандарын қазақтың өткен тарихымен жақынырақ таныстыру мақсатында айқарма беттер беріп, қазақ, түрік батырларының өміріне көбірек тоқталады. Бұған мысал ретінде газет бетінде жарық көрген «Ұзын қыпшақ Тілеулі батыр және оның баласы Нияз би» деген ұзақ мақаланы айтуға болады. «Қазақ үні» тек тарихи мәселелерді айтумен шектелмей, бүгінгі күн тіршілігіне де көп көңіл бөледі. Мәселен, қазақ жерін бөлшектеп сатуды көздеп жүрген өз қандастарымыздың бірі Қ. Есенберлиннің «Казахстанская правда» газетіне жарияланған мақаласына орай Ф.Оразаев «Ілияс Есенберлин тірі болса...» атты қарсы мақаласын жариялаған. «Қазақ үні» ұлт қамын, ел, жер, тіл проблемаларын үзбей сөз етіп келе жатқаны үшін сыйлы, сол үшін қадірлі газеттердің бірі. Оның «Егер мен президент болсам...», «Әттең, қолымда билік болса...» атты айдарымен беріліп тұратын материалдары ел басы саясатына кейбір көңіл толмаушылықты аңғартады. Мәселен, «Президент мырза, уағда қайда?» деген мақаланың атынан-ақ белгілі болып отыр.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет