Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Ташкентте шыққан басылымдар және олардың бағыт-бағдары



бет17/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Ташкентте шыққан басылымдар және олардың бағыт-бағдары

1920-25 жылдары қазіргі Алматы, жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстары Түркістан Светтік социалистік республикасының құрамында болатын. Сондықтан Ташкентте де бірнеше қазақша газет-журналдар шығарылды. Онда осы кезең аралығында «Ақ жол» газеті, оған қосымша «Шаншар» деген атпен қазақ тіліндегі тұңғыш сықақ журналы шығарылды. Сондай-ақ «Шолпан», «Сана» деген қазақ журналдары Ташкентте шыға бастады. 1920 жылдың 18 сәуірінен шілденің 27-не дейін Ташкент қаласында қазақ тілінде «Жаңа өріс» газеті шығып тұрған болатын. «Ақ жол» болса, сол басылымның заңды жалғасы еді. «Жаңа өріс» газеті қырғыз-қазақша жетісіне екі рет шығатын сыпайы тілдегі саяси әрі шаруашылық газет. Оның бар-жоғы 14 нөмірі жарық көрді. Сол жылдың 7 желтоқсанынан бастап, оның орнына «Ақ жол» газеті «Қырғыз газеті» деген атпен шыға бастады. Орташа таралу тиражы 1800. Алғашқы редакторы - С.Қожанов. Басылымның ішкі хабарлар, сысртқы хабарлар, сауатсыздықты жоғалту, әйел теңдігі, ресми бөлім, бұйрық-жарлықтар, жастар арасында, жанама, партия тіршілігі, шаруашылық жайынан деген бөлімдері болды. «Ақ жол» газетінде әйел теңдігі әйел мәселесі де кең түрде қамтылған. Газеттің тағы бір ерекше көңіл бөліп, жан-жақты проблема көтерген мәселелері шаруалар жағдайы. Сонымен бірге халықтан тиісті бағасын алған тақырыптардың бірі әдебиет, мәдениет және білім мәселесі. 1924 жылдың соңында Түркістан Совет республикасы таратылып қайта құрылды. Осыған байланысты бұрын ның қармағында болып келген Жетісу мен сырдария облыстары Қазақ АССР-не қосылды. Осыданкейін «Ақ жол» газеті 1925-1927 жылдары Қазақстанның Сырдария облыстық партия, кеңес мекемелерінің органы болып Шымкентте шығып тұрды.

«Жас алаш» газетінің ең алғашқы нөмірі 1921 жылдың 22 науырызында Ташкент қаласында шыққан. Тұңғыш редакторы – Ғ.Мұратбаев. бірақ көп ұзамай қағаз тапшылыған және қаржы жоқтығынан бұл басылым жабылыр қалады да, енді оның орнына 1922 жылдың 1 қыркүйегінен батсап Орта Азия бюросының және Түркітсан Ортақшыл жастар Ұйымы комитетінің онкүндік газеті «Жас қайрат» шығарыла бастады. Редакторы болып Е.Алдоңғаров бекітілді. «Жас қайрат» газеті 30 шақты нөмірінен кейін 1924 жылдың қаңтар айынан бастап журналға айналды. Бұл Түркістан мен Қазақстандағы жастар басылымы тарихының алғаш кезеңі болатын. Республикадағы жастардың басылымы – «Өртең» газеті 1922 жылы Орынборда жарық көрді. Оның шығарушылары – С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, Ә.Байдаралин, Е.Алдоңғаровтар еді. Өкінішке орай, «Өртеңнің» де екі ай ішінде 6-ақ нөмірі шығып, саяси ұстамсыздығы деген желеумен жабылып қалған. Қазақстанның аймақтық жастар комитеті «Өртең» газетінің орнына 1923 жылдың қазан айынан бастап, «Жас қазақ» журналын шығара бастады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет