«Айқап» пен «Қазақ» айтысына себеп болған жағдайлар
Қазақ журналистикасының тарихында демократиялық бағыттағы басылымдардың нағыз үлгісін көрсеткен «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы Алаш қайраткерлерінің саяси көзқарасын барынша айқын көрсете білді. Алаш азаматтары «Айқап» журналын 1911 жылы шығарған кезде барлығы бірдей жұмыла кірісіп, ұлтқа пайдалы іспен шұғылданып, жұрттың ой-санасын оятуды көздеді. Алайда уақыт өте келе пікір қайшылықтары пайда болды. Оған себеп, сол кездегі саяси жағдай болатын. Алаш қайраткерлерінің бірі – батыстық бағытты, бірі – шығыстық бағытты ұстанды яғни Ресейдің қол астында болып та, өз автономиямызды жариялап, орыс тілін меңгеру арқылы да мемлекеттігімізді сақтауға болады деп шешті. Нақтырақ айтсақ, өнер, мәдениет, ғылымның бәрі орыс тілі арқылы келеді деп ойлады. Екінші жақ Ресейдің қол астында болу, оның боданы болу деген сөз. Қазақ өз мемлекетін құру үшін міндетті түрде азаттығын алуы керек және түбі түркі тілдес елдердің достастыығы маңызды деп білді. Әрине, бұл екі пікір де сол кезең үшін маңызды болатын. Егер Ресейден бөлінгіп шығатындай болса, оған қарсы тұрар қауқар жоқ. Тіпті қазақ өз қауіпсіздігін сақтайтын ішкі әскерін де жасақтамаған еді. Ал орыс билігінің жетегінде кете берсе, ұлттық еркіндігінен айырылып қалауы мүмкін. «Айқап» айналысына жиналған Алаш қайраткерлерінің осындай пікір қайшылығына байланысты 1913 жылы А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан бастаған топ Орынбор қаласынан «Қазақ» газетін шығарады.
Екі басылым арасында бірнеше мәселеге байланысты айтыс болды. Бірінші –жер мәселесі. Жер бөлудегі әділетсіздік және отырықшы болуға үндеуге байланысты екі басылым бірнеше рет жауаптасып отырды. «Қазақ» газеті жерге қатысты мәселеде қазақ егінін де салсын, малын да бақсын, қазақтың меншігіне тиісті жерді тек қазақ қана пайдалансын деп өз ойларын батыл білдірді.
Екі басылымды айтыстырған екінші бір мәселе – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Қазақтан солдат ала ма, алмай ма, берген дұрыс па, бермеген дұрыс па деген сауалдар сол кездегі Алаш арыстарының әрқайсысын мазалағаны шындық. «Қазақ» газеті бұл мәселе бойынша халықты барынша сабырға шақырумен болды. Кейіннен А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлері қазақтан солдат алған күнде олардың жағдайын жасау қажеттігін айтып, бірнеше рет патшаға хат жолдады. Сондай-ақ арнайы өкілдер жіберіп, солдатқа алынған қазақтардың жағдайын бақылап отыру, олардың керегін қамтамасыз етуге тырысты. Бұл туралы газет бетіне бірнеше рет мақала да жарияланды.
Проф. Б.Кенжебаев «Айқап» журналының бетінде шыққан материалдарды тақырып, мазмұн жағынан былайша бөлген: саяси-әлеуметтік мақлалар; әдеби шығармалар, әдебиет мәселелері; қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі, маңызды мәселелер; ана тілі, әліппе, емле мәселесі; қазақ әйелдерінң жайы, бостандық, теңдік мәселесі; дәрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары; ішкі-сыртқы хабарлар; кітап сындары; тілші хаттары, жауап хаттар;
М.Дулатов жер мәселесіне қатысты екі жақты пікірдің екеуіне де қосылды.
Журналдың көп көңіл бөлген мәселесі- әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Қазақ тіршілігіндегі әдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынай отырып, елді жақсылыққа, озық ойға, болашққа шақырды. Қазақ елін білімге, өнерге шақырды. Оқыту сапасын жақстару мен білім беруді белгілі бағдарлмаға сүйене жүргізу керектігін сөз етті.
«Тың игеру жылдарындағы саяси жағдай және баспасөз
Кеңес үкіметі кезінде баспасөз «партияның тілі мен қаруы», «өмір айнасы» деген атқа ие болғаны мәлім. Сол жылдардан бастап Қазақстан баспасөз тыңның екінші майданына айналды. «СҚ» газетінен бастап, «Қазақстан пионеріне» дейін тыңды мадақтаған, насихаттаған, үгіттеген мақалалар мен оқырман хаттары, өкімет қаулылыарын бірінен кейін бірін үзбей жариялап жатты. Шындығын айту керек, баспасөз тыңның шашбауын көтерген осы әуенініен тоқсаныншы жылдарға дейін бір рет те жаңылысып көргенемес. Оған дәлел -1984 жылы Қазақстан бойынша тың игерудің 30 жылдығы дәл бұрынғы дәстүрмен дүрілдеп өтті.
Тың игерудің алғашқы жылдары қазақстан баспсөзі оны насихаттап қана қойған жоқ, бүкілхалықтық қозғалысты дамытуға тікелей үлес қосты. Газет тілшілері тың облыстарына лек-легімен барып-келіп жатты. Партиялық ұйымдастыру, бұқаралық саяси жұмыс баспасөзге арқа сүйеді. 1954 жылы қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Орал облыстарында баспасөз қызметінің кеңесі өтті. Мұнда тыңды насихаттаудағы баспасөздің міндеттері айқындалды. 1954-55 жылдары барлық облыстың газеттері екі беттен төрт бетке ұлғайып, таралым саны көбейтілді. Оған қоса тың өлкесіндегі 85 аудандық газет төрт беттік болып шығатын болды. жаңадан құрылған шаруашылықтарда көп таралымды газеттер мен қабырға газеттері шығатын болды. 1956 жылы осындай 120 аудандық жерде «Молния», «Крокодил» сатиралық газеттері пайда болды. Социалистік жарысқа арнап мақалалар, очерктер мен арнаулы беттер ұйымдастырды. «Правда», «СҚ», «КП» газеттері облыстық газеттерге шолу жасап, олрға бағыт беріп отырды. Журналистердің республикалық, облыстық кеңес, семинарлары мен курстары ұйымдастырылды.
Тың игерудің астық молшылығын жасау, жаңа қалалар мен селолар тұрғызу секілді жақсы жақтары асра мақталғанымен, оның әсуресе қазақ халқының ұлттық тағдырына тигізген залалдары мен зардаптары жөнінде бірауыз сөз айтылмады. Тек тоқсаныншы жылдарда ғана ол жылдардың қара дақтары туралы жазыла бастады. Мұндай мақалалар «Жұлдыз», «Арай», «Парасат» журналдарында «қазақ әдебиеті» мен бірқатар тың облыстарының газеттерінде жарияланды.
Тың игеру жылдары қазіргі таңда екі түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланып келеді. Зерттеушілердің бір тобы тың игеру атымен жасалған қозғалыстың қазақтың елі мен жеріне келтірген кеселдерін «Арай» журналы 1991-1992 жылдары жан-жақты жазды. Онда бұл іәстің жоспарсыз басталып, тым асыра сілтеу болғандығы айтылады. Қазақстанда 25 млн гектар жер жыртылып, соның 20 млны 1956 жылға дейін –ақ «иегірілген» екен. Осының салдарынан тың жер эрозияға ұшырап, алғашқы 3-4 жылдан кейін өнімділік күрт азайған. Бүкіл тың тарихында 3-ақ млрд пұт астық алынған. Ақырында «тың өлкесі» деп аталған облыстар экологиялық жағынан қатты бүлінген. Осы облыстардың көптеген аудандары экономикалық және әлеуметтік жағынан арта қалған 70 аудан деген тізімге ілінді. Жергілікті тұрғындарды ауру жайлады. Адамдарды арақ аздырды. Ана тілінен айрылды. «Қазақ әдебиеті» газеті тың көтеру жылдары 700-дей қазақ мектебінің жабылып қалғанын ашына жазды. Жазушы, журналист Ә.Көпішев өзінің аталмыш мақаласында тың облысындағы «Жұмай» ауылының жағдайын ашына жеткізеді.
Тың игеру науқанының зардаптарының бірі–Қазақстандағы демографиялық тепе-теңдіктің жасанды түрде әрі күшпен бұзылуы Қазақстанды «Жүз ұлттың шеберханасына» айналдырды. Мәселен, тарихшылар 1954-1956 жылдары біздің елге 640 мың адам қоныс аударғанын айтады. Бұл жылдар ұлттық тіліміз бен дініміздің, ұлттық болмысымыздың шеккен зардабы орасан зор. Дегенмен бұл кезеңді әркім әрқалай бағамдайды. К.Смайыл осы жылдары техниканың көп мөлшері біздің елге әкелінгендігін айтса, Р.Жанпейісов бұл кезеңді бірыңғай жамандауға қарсымын дейді. Ал «Қазақ әдебиеті» 1990 жылғы 9 наурыздағы санында мұны экономиклаық қате саясат деп бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |