Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Алғашқы кеңестік басылымдар



бет19/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Алғашқы кеңестік басылымдар

1920-1925 жылдары қазіргі Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстары Түркістан Социалистік республикасының құрамында болатын. Сондықтан Ташкентте де бірнеше қазақша газет-журналдар шығарылды. Онда осы кезең аралығында «Ақ жол» газеті, оған қосымша «Шаншар» деген атпен қазақ тіліндегі тұңғыш сықақ журналы шығарылды. Сондай-ақ „Шолпан", „Сана" деген қазақ журналдары, Ташкентте шыға бастады.

1923 жылы«Ақ жол» газеті туралы Б.Майлин: «Осы декабрь жұлдызының күні Ташкентте шығатын Түркістан үкіметінің тілі «Ақ жол» жарыққа шығуына үш жыл толды. Сол күннің құрметіне «Ақ жол» Қазақстанда көп тараған газет екенін айта келіп, «Ол Түркістан үкіметінің қолдаған шараларын қазақ халқына жеткізп тұрды»,- деп атап көрсетті.

Шындығында 1920 жылдың 8 сәуірінен шілденің 27-не дейін Ташкент қаласында қазақ тілінде «Жаңа өріс» газеті шығып тұрған болатын. Ал «Ақ жол» болса, сол басылымның заңды жалғасы еді. Алдымен «Жаңа өріс» газеті туралы бір-екі ауыз мәлімет бере кетелік. «Ол қырғыз-қазақша жетісіне екі рет шығатын сыпайы тілдегі саяси әрі шаруашылық газет», - деп аталады. Басылым материалдары халықты негізінен еңбекке, игі тіршілікке шақырды. Оның бар-жоғы 14 нөмірі жарық көрді. Ал сол жылдың 7 желтоқсанынан бастап, оның орнына „Ақ жол" газеті «Қырғыз газеті» деген атпен шыға бастады. Орташа таралу тиражы 1800. Алғашқы редакторы - С.Қожанов. Басылымның ішкі хабарлар, сыртқы хабарлар, сауатсыздықты жоғалту жайынан, әйел теңдігі ресми бөлім, бұйрық-жарлықтар, жастар арасында, жарнама, партия тіршілігі, партия талаптары, шаруашылық жайынан деген бөлімдері болды.

Мысалы «Ақ жолдың» 1921 жылғы 29-нөмірінде «Кедейлер төңкерісі» деген мақала жарияланды. Онда Орта Азия халықтарының патшалы Ресей дәуіріндегі сарқыншақтарға қарсы күресі туралы айтылады. Автор байлардың кедейлерге жасаған зорлық-зомбылықтары, олардын жиі-жиі кедейлердің надан малын тартып алуы, кедейлердің көтеріліске шығып, жаңа өмір орнатуына алып келді деп түйіндеуіне негіз береді.

Сондай-ақ газеттің осы нөмірінде, Түркістанда өткізілетін кедейлер конференциясына Рахимов, Барашов, Сафаров, Арызбаев, Оразов, Каримов сияқты барлығы 25 өкілдің тіркелгенін, мұнда «Мұсылман интернатының» ашылып, қазір барлығы 113 ұл мен 13 қыз бала оқып жатқандығы және 14 наурыздан Ташкентте «Мұсылман партия школасы» іске кіріскенін қысқаша хабарлайды.

«Ақ жол» газетінде әйел теңдігі мәселесі де кең түрде қамтылған. Осыған орай Жұмабек Қыстаубаев деген автордың «Қалың мал ұрлығы» деп аталатын мақаласындағы „Шымкент уезі Қошқар ата болысындағы Бөртебайұлы 17 жасар қызды 15 қара малға сатып алған. Қыздың әкесі Таңқы 15 қараны алып, қызын әйел үстіне берген» дейтін жолдарға нақты жауап ретінде газеттің 1924 жылғы 13-нөмірінде „Қазақ-қырғыз арасында қызды мал орнына сатуға тиым салынғалы бері бұл әдет жойылып та келді. Сонда да бұл туралы шығарылғалы заң-закон қағаз жүзінде ғана қалып, іс жүзінде шыға алмай, қала ішінде онша-мұнша орындап, даладағы қара халық арасында әлі жойылмай тұр. Осы жылы Жизақ уезі Атақорған болысында Оспантөс Бекұлы деген кедейлерге жол болып, жаман әдет жойылар ма екен деген оймен өз қызын малсыз Оңғарбек Қаратайұлына беріп отыр. Бұған қарағаңда қазақ-қырғыз ішінде қалың мал жойылар деген үмітіміз де бар», — деп редакциялық мақала жариялады.

«Ақ жол» газетінін тағы да бір ерекше көңіл бөліп, жан-жақты проблема көтерген мәселелері шаруалар жағдайы. Мысалы, газеттің 1921 жылғы 52-нөмірінде „Жерсіз һәм аз жерлі дихандар ұйымынын жобасы" жарияланды. Онда ұйым мүшелерінің ақша жөніндегі міндеттері, істері көрсетілді, яғни әр айға кіріс салығы 50 сом, айлық салығы да 50 сом. Одан әрі ұйымның құрылыс реті көрсетіледі де, дихандар ұйымының әр ауылда ашылу керектігі айнтады.

Сондай-ақ газетте «Шаруашылық жайынан» деген айдармен «Түркістандағы жер байлығы» атты мақала да жарияланыпты. Онда, „Мухин деген профессор Ташкенттен Ленинградқа қайтып барып, баяндама қылған. Баяндамада Түркістан уезіндегі Қаратаудан таусылмастай көп тас көмір таптым деген Тас көмір жатқан жердің ұзындығы 200 шақырымдай дейді», - деп оны тез арада кәдеге асыру жайын сөз етеді.

«Ақ жолда» жиі жазылып, халықтан тиісті бағасын алған тақырыптардың бірі әдебиет, мәдениет және білім мәселесі. Мысалы, басылым өзінің «Сауық кеші» («Ақ жол» газеті, N71, 1921 жыл) деген мақаласында: «1921 жылғы 20 майда Түркістан қаласындағы жастар ұйымы атынан сауық кеш жасалды. Бұл тамашада "Болыс" атты 3 перделі драма қойылды" — десе, газеттің 1924 жылғы 402-і нөмірінде „Жаңа шыққан жеті азамат қырғыз-қазақ мәдениетін көркейтуге мұрындық болыңдар» атты мақаланың авторы Үсенұлы: „Қай жұрттың болса да жұртшылық санына қосылып, мәдениет сатысына қосылып аяқ басу сол жұрттың әдебиетінің өркендеуімен табылмақ» - деп жазды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет