Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Мұстафа Шоқайдың «Жас Түркістан» журналындағы қызметі



бет22/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Мұстафа Шоқайдың «Жас Түркістан» журналындағы қызметі

М.Шоқай туралы еңбектерде М.Шоқайдың халықаралық тақырыпқа байланысты жазған мақалаларын ерекше атауға болады. Әлемдегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жайында сараптамаларын береді. «Ұлы Антанта» одағы және Еуропа елдері арасындағы жағдайды қарапайым оқырманға түсіндіреді. Сондай-ақ қайраткер «Яш Түркістанның» әр жылдары шыққан нөмірлеріне сараптама ретінде «Яш Түркістанның 8 жасқа толуына орай», «Яш Түркістанның 9-шы жылы» атты мақалаларынан оның баспасөзге қаншалықты мән бергенін байқауға болады.

М.Шоқай Тбилисиде «На рубеже», «Шафак» газеттеріне, Стамбулда «Йени Түркістан» журналында, Берлинде «Яш Түркістан» журналында публицистикалық мақалаларын жариялады. Қайраткердің публицистикалық мақалалары Түркістан автономиясын құру, туыстас елдердің ұлттық мүддесін қорғау мәселесіне арналды. М.Шоқай публицистикасында ерекше көрінетін басылым «Яш Түркістан» журналы. Бұл туралы Ә.Қара «Яш Түркістан» журналы Түркістанның саяси, экономикалық, әдеби және мәдени мәселелеріне терең талдаулар жасаған журнал» деп бағалай келіп, «Түркістанның тәуелсіздігі мен халқының өзін-өзі басқару құқығына қол жеткізуі жолындағы күрес ...негізін саясат, мәдениет және тіл салаларындағы жұмыстарды құрайды»,- деп жазады.

Аталмыш журналда жарық көрген мақалаларын жанрлық жағынан сараптасақ, көбінесе корреспонденция мен сыни мақалалар, тақырыптық тұрғыдан халықаралық мәселе, қоғамдық-саяси ахуал, нақтылай айтқанда М.Шоқайдың саясаткер-публицист екендігін айқын аңғарамыз. «1936 жыл ішіндегі халықаралық жағдай», «Көпірме сөздерге көмілген бағдарлама», «Кеңес патриотизмінен орыс ұлтшылдығына», «Америка мен Кеңес үкіметінің Жапонияға қарсы жоспары», «Ресейдегі жағдай және біздің міндеттеріміз», «Ұлт жолбасшыларының назарына», «Ұлттық еркіндік және азаттық жолы», «Сталин социализмі – тонаушылықты қамтамасыз ететін саяси жүйе», «Халықаралық саясаттағы Кеңес үкіметінің бүгінгі ролі», «Ататүріктің реформалары» атты талдамалы мақалаларында халықаралық жағдайды жан-жақты талдаған. 1937 жылы жазған «Ұлттық еркіндік және азаттық жолы» мақаласында: «Бізді азаттыққа және тәуелсіздікке бастай тын ең төте және қысқа жол – Түркістан ұлттық майданының ішкі бірлігін барынша нығайту және оны ұлт азаттығы жолында күрес жүргізіп жатқан басқа халықтардың ұлттық орталықтарымен тығыз үйлестіру. Бұлай болмаған жағдайда азаттық пен бостандық туралы сөз болуы мүмкін емес. Төңкерістің жиырмасыншы жылында осы ақиқатты бір сәт еске алып, зердемізге мықтап түйгеніміз абзал» – деп жазады. М.Шоқайдың сыни мақалаларында большевизмді сынға алу, кеңестік биліктің қателіктерін ашық жазу жиі байқалады.

Қайраткердің публицистикалық мақалалары мен хаттарынан нақтылық, білімділік пен саяси сауаттылық, деректілік айқын аңғарылады. Ол шетелдік басылымдарда кеткен тарихи деректің бұрмалануын нақты дәлелдер келтіре отырып, хат жолдап, редакцияның жауап беруін қадағалап отырады.

Белгілі ғалым К.Есмағамбетов М.Шоқайдың «Яш Түркістанды» шығарудағы еңбегін зерттей келіп, «журнал беттерінде М.Шоқайдың жалпы қоғам дамуына, дүние жүзінде болып жатқан оқиғаларға және ұлт-азаттық қозғалысының формалары мен күрес тәсілдеріне, түрік халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған жүздеген мақалалары жарық көреді. Ол түркістандықтарды өз елі мен жерін шексіз сүюге, мақтан тұтуға шақырады, себебі атажұртын жанындай көретіндер ғана оның тәуелсіздігі үшін күресе алады деп ой түйеді. Алғашқы күндерден бастап М.Шоқай журналда басылатын материалдардың шындыққа толық сәйкестілігіне, мазмұны мен идеялық бағытына ерекше көңіл бөледі. Мұстафа Берлиндегі «Яш Түркістан» журналын Парижде тұрып басқарудың кейбір қолайсыздықтар тудыратынын жасырмайды, - деп жазады. Бұл туралы ғалым Ә.Қара да өз еңбегінде оның себептерін ашып көрсетеді. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақ тілінде «Жас Түркістан» журналын шығарып, онда қайраткердің бірқатар мақалалары жарық көрді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет