Кафедра: Су шаруашылығы, экология және құрылыс



Дата07.02.2022
өлшемі37,13 Kb.
#88431
Байланысты:
7srop


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ


Кафедра: Су шаруашылығы, экология және құрылыс
СӨЖ
Тақырыбы: "Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша "әділетсіз" айыпталуы"
Пәні: Қазіргі Қазақстан тарихы
Курс: 1
Топ: 6В08111-Агроөндірістік кешенде өсімдіктерді қорғау және диогнастикалау
Студент: Дербіс Данеля Азаматқызы
Оқытушы: Ермаханова Рая Бейсенәліқызы


Тараз
"Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша "әділетсіз" айыпталуы"
1947 жылғы оқиға
1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.
1847 Қазақстан монографиясы н/е Кенесары көтерілісі
Жалпы ұлтының ұлы мұратының салмағын арқалай білген, тəуелсіздік жолында бел буып, патша саясатына қарсы шыққан Кенесары, Ағыбай секілді ірі тарихи тұлғалардың азаттық күресін зерттеу ісін белгілі үш кезеңге, яғни патшалық билік тұсы, кеңестік билік кезеңі, сондай-ақ мемлекеттік тəуелсіздік алған жылдары деп бөліп алып қарауға болады. 1870 жылы Петербургтік «Европа жаршысы» журналының бірнеше санында «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» (1838–1847) деген атпен патша шенеунігі Н.Середаның, ал 1888 жылы Ташкентте Е. Т. Смирновтың кіріспе сөзімен жəне осы кісінің аударуымен Сұлтан Ахмет Кенесариннің «Кенесары және Садық" атты еңбектері жарық көрді. Аталмыш қозғалысқа қатысты құжаттар жинағын жинап бастыру ісі осы мезгілде қолға алына бастады. 1908–1915 жылдар аралығын Ташкентте Ресей Соғыс істері министрі А. Н. Куропаткиннің тапсыруы мен полковник А. Г. Серебренников «Түркістан өлкесі. Оны жаулап алу тарихының жинақ материалдары» деген атпен 14 томдық құжаттар жинағын бастырып шығарды. Осы көптомдылық алғашқы бес томында Кенесары, Ағыбай бастаған қозғалысқа қатысты 176 құжат жарық көрді. Осы алғашқы кезеңде дайындаған еңбектер азаттық қозғалыстың шынайы ғылыми бейнесін жасады. Ұлт-азаттық қозғалысы мəселесіне қырын қараған кеңестік билік тұсында Кенесары хан тақырыбын арқау еткен ғылыми зерттеу еңбектері, көркем шығармалар қуғынға ұшырады. 1934 жылы жарық көрген белгілі еңбегі толассыз айтыс-тартысқа толы болды. Кенесары, Ағыбай бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қарсы күрес үшін патша өкіметі қазақ арасында қамалдар салып, оларды тұрақты əс ке ри гарнизондар ұстауға көшті. 1835 жылы Ырғыз өзені жанындағы Жармола шатқалында Уральское (қаз. Ырғыз қаласы) бекінісі, ал Торғай өзенінің жағалауында, Бесқопа шатқалының маңында Орынбор (қаз. Торғай) бекінісі, 1847 жылы Аралда Райм бекінісі, 1848 жылы Қара бұтақ форты салынды. Тарихшы ғалым Е.Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында» атты еңбегінде сол кезеңдегі тарихи-əлеуметтік, саяси жағдайы, ұлт-азаттық көтерілісінің, оның көсемдері Кенесары, Ағыбайлардың ұстаған мақсаты мен мұратын тарихи қырынан жан-жақты жазған. Е.Бекмахановтың «Кенесары қазақтардың саяси тəуелсіздігін жəне территориялық тұтастығын сақтауды талап етті» — деуінде үлкен шындық бар.
1952 жылғы "Әділетсіз"айыптау ісі
Айыптау процесі
Бекмахановтың басына төнген қара бұлт сонда да сейілмеді. Оның соңына шырақ алып түскендер енді тіке шабуылға көшті. 1950 жылғы желтоқсанның 25-і «Правда» газетінде Т. Шойынбаев, Х.Айдарова және Я. Якуниннің «Қазақстан тарихы мәслелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деп аталатын мақаласы жарқ етті. Айта кетерлік жайт «Правданың» осы нөмірінің бірінші бетіндегі бас мақала «Социалистік ұлттардың мызғымас достығы» деп аталады. Аталған авторлардың айыптауы осы бас мақалаға «тұздық» болғанға ұқсайды. Совет өкіметінің бас газетінде жарияланған мақала 1951 жылғы ақпанның 21-і СССР ҒА тарих институтының ғылыми кеңесінде талқыланып, бұл жолы Бекмахановтың еңбегіне «саяси-теориялық тұрғыдан, атап айтқанда буржуазиялық-ұлтшылдық тұрғыдан жазылған зиянды, теріс еңбек» деген баға берілді. 1951 жылғы сәуірдің 10-ы Қазақстан коммунистік (большевиктер) партиясы осы мақала жөнінде арнайы қаулы қабылдап, «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде нұсқау берді. Осы жылы сәуірдің 16-ы Бекмаханов партия қатарынан шығарылып, институттағы қызметінен босату мәселесі күн тәртібіне қойылды. Ал сәуірдің 24-і институт ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, Бекмахановты тарихы ғылымдарының кандидаты және тарих ғылымдарының докторы ғылыми атағынан айыру жөнінде жоғары аттестациялық комиссияға ұсыныс жасалды. «1837-1847 жылдары Кенесары Қасымов бастаған қазақ көтірілісі» деген еңбегі үшін Е.Ділмұхамедов пен «Абай және оның орыс достары» деген еңбегі үшін А.Жиреншинге қатаң сөгіс беріліп, қызметтерінен босатылды, ғылыми атақтарынан айырды. Бұл екеуі де жоғарыда аталған Алматыдағы ғылыми талқылауда Бекмахановтың еңбегін ақтап қана қоймай, мақтап та сөйлеген еді. 1951 жылы маусым айында Қазақ ССР ҒА төралқасы «Қазақстан К(б)П ОК бюросының сәуірдің 10-дағы қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулы қабылдады. Ал қазанның 6-ы жоғары аттестациялық комиссия Бекмахановты ғылыми дәрежесі мен атақтарынан айырды. 1951 жылы қазанның 16-17 өткен Қазақстан К(б)П ОК VІІІ пленумында орталық комитеттің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовтың «Республика партия ұйымдарындағы идеологиялық жұмыстардың жағдайы мен оны жақсарту туралы» деп аталатын баяндамасы талқыланды. 1952 жылғы мамырдың 24-і Қазақ ССР ҒА төралқасының отырысы Бекмахановты қызметінен босатты. Партиядан да, жұмысынан да шығарылып, ғылыми атақтарынан жұрдай болған Бекмаханов әуелі Нарынқол, екі айдан соң Жамбыл облысы Шу ауданындағы Новотроицк орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып кете барды. КГБ тарихшыны бұл жерде де тыныш қалдырмай, 1952 жылғы қыркүйектің 5-і тұтқындап, желтоқсанның 2-і совет соты оны 25 жылға соттап жіберді. «Правдада» шыққан жалғыз мақала екі жылдың ішінде осылайша бәрінің астаң-кестеңін шығарды.
Ескерту
Бекмахановтың еңбегіне «саяси-теориялық тұрғыдан, атап айтқанда буржуазиялық-ұлтшылдық тұрғыдан жазылған зиянды, теріс еңбек» деген баға берілді.
Нәтижесі
Айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты. ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді. Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда. Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді. Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ғылым академиясының басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады".
Жылымық кезеңі немесе ақтау саясаты
1954
Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді. Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады. Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А.,2005) кітабында баяндалады. Бостандыққа шыққаннан кейін Бекмаханов докторлық диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Әрине, бұрынғы «қателіктер түзетілді». Кейінгі еңбектерінде маркстік-лениндік әдіснамадан қия баспайтын болды. Ермұқан Бекмаханов пен қызы Найля Бекмаханованың авторлығымен өңделіп, 1977 жылы он алтыншы рет жарық көрген, 7-8 кластарға арналған «Қазақ ССР тарихы» оқулығында «Кенесары Қасымовтың 1937-1938 жылдардағы феодалдық монархиялық қозғалысы» деп аталатын 29-параграф бір-ақ беттен тұрады. Осы беттегі «Кенесары Қасымовтың қозғалысы реакцияшыл, қазақ ақсүйектерінің феодалдық монархиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс Қазақстанда ортағасырлық тәртіпті нығайтуға бағытталып, Қазақстанның Россияға қосылуына бөгет жасалды» деген қорытынды (16-б.) жоғарыда аталған «Правда» газетіндегі тұжырыммен сөзбе-сөз сәйкес келеді.
Соңғы жылдары...
1966
Жақсы адамның көкірегінде тек ізгілік ұялайтындықтан, кекшілдікке, күншілдікке орын жоқ. Ермұхан Бекмаханов қамаудан шыққан соң кезінде өзінің балағына жармасып, аяғынан шалғандарға кек қайтаруды қаперіне де алған жоқ. Ғылымда өзінің бастаған ісін әрі қарай жалғастырып, қалайда содан бір нәтиже шығаруды ғана мақсат етті. Онысы шынында жемісті болып, аз ғана уақытта бұрынғы атағы, өзінің қолынан тартып алынғанның барлығын қайтарып алды. «Қазақстанның Ресейге қосылуы» деген тақырыпта тағы бір рет докторлық диссертация қорғап, екі мәрте тарих ғылымдарының докторы атанды, 1957 жылы оқулық шығарды. Ғалым әсіресе, өмірінің соңғы жеті жылында жанталаса жұмыс істеді. Ежелгі дәуірден бастап бері қарай жазып келе жатқан тарих оқулығын жалғастырып, «Қазақ КСР тарихының хрестоматиясын», «Очерки истории Казахстана ХІХ века» атты оқу құралын, көптеген мақалалар жазып үлгерді. 1962 жылы Бекмаханов Қазақ КСР Ғылым академиясына коореспондент мүше болып сайланды. Қазақстан тарихын барлық ЖОО-на енгізу арманына қол жеткізгеннен кейін бір-екі жылдан соң асыл азамат Ермұхан Бекмаханов 1966 жылы небары 51 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Оның Бауыржан Момышұлымен қоштасарда айтқан сөзі: «Үлгере алмай кетіп барам, кешіріңіз!» болса керек. Ал осыған халық атынан кешірім сұрап жауап бергендей Баукең былай деп жазыпты: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде». Осы сөзімді Қанышқа, Мұхтарға арнап жазып едім. Інім едің – сенімен қоштасып, басыңа қойып тұрмын. Жатқан жерің торқа болсын. Әрқашан да есімдесің, бауырым. Жылаушы Б.Момышұлы». Тарихшы, қайраткер тұлғаның қайтыс болғанынан бері де міне қырық екі жыл өтіпті. Қазақ тарихының ғылыми іргетасын қалау жолында қуғын-сүргінге ұшыраған Ермұхан Бекмахановтың өз өмір тарихы да балдай тәтті болған жоқ. Алты жаста әкесінен айрылған жас бала аштық уағында анасы мен қарындасынан да көз жазып қалды. Атадан жалғыз қалған ғалымның бағына Құдай алты бірдей перзент берді. Әкелерінің көп оқитыны, көп ізденетіні балаларына үлгі болып, тұңғыш қызы әке жолын қуып, тарихшы болса, өзімен аттас Ермұхан атты ұлы талай жылдар қазақ киномотографиясына қызмет етіп, бүгінде әкесінің артынан бақиға аттаныпты. Бірақ ең бастысы, ұлыдан ұрпақ қалды, ұлт тарихында мәңгі өшпес ізі қалды.
Қосымша
Аманат фильмі(презентацияның мәтіні)
(Қосымша дерек) Ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмахановтың қоғамдағы орны, оның өмірлік жолы ерекше. Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. Әкесі Бекмахан Мұса Шормановтың немере інісі Зында Шормановтың малын баққан. Бекмаханның Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болады. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады. 1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Мектепті бітіргеннен кейін Семейдегі Жұмысшы факультетіне оқуға түседі. Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып, Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. 1933 жылы Семейдегі Жұмысшы факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Д.Әбілев Ермұханға шолақ белсенді жерлестерің сенің төре тұқымынан екеніңді жәрия етіп, қудалауға түсіруі мүмкін деп, Орталық Ресейдегі оқу орындарының біріне түсуге кеңес береді. Дихан Әбілевтің кеңесімен Тамбов педагогикалық институтында жаңадан ашылған тарих факультеніне түсуге құжаттарын тапсырады. Халықтық ағарту комиссариаты Ермұханның Тамбов қаласына жетуі үшін қаражат бөледі. Осылайша тарихшы болуды ойламаған Ермұхан өзінің ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды. 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов педагогикалық институтының тарих факультеті жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық институтына ауыстырылады. Воронеж қаласында айдауда жүрген Алаш қозғалысының белді мүшелері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлымен танысады. Халел мен Мұхаммеджанның әсері Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып, үлкен ғалым болуына зор ықпал етеді. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы Алматыда «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген атпен орыс тілінде жеке монография түрінде жарық көрді. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е. Бекмахановтың жағдайы өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті – «Правда» газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Ермұханның жары Халима Бекмаханованың естелігінен: «Тергеу үш айға созылды. Тергеудің өн бойында қорқыту мен қоқан-лоққы қатар жүрді. Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Жоғарғы Соттың ғимараты Гоголь мен 8-ші март көшелерінің бұры­шында болатын. Ермұқанды 4 солдат айдап алып келді. Ол маған жақындамақшы болған, мен де ұмтылдым, бірақ бізді айырып жіберді. Соттың үш күнінде көптеген куәлар келіп, кетіп жатты. 4 желтоқсанда үкімді жария еткен кезде менің қатысуыма рұқсат берді. Көз жасы еріксіз сорғалаған Ермұқан маған қарады да отырды. Үкімді естігенде жылап жіберді. Мұндай әділетсіз, қатал үкімге қалай жыламассың! Онда: «…айыпталушы Бекмаханов өзінің тарих ғылымы саласындағы ғылыми қызметкер жағдайын пайдаланып 1942-1951 жылдардың өне бойында өз жұмыстарында тарихи фактілерді өңін айналдырып бұрмалаған, сөйлеген сөздерінде буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттаған, феодалдық-байлық құрылыс пен оның орыс халқына қарсы күресуші һәм Қазақстанда орта ғасырлық тәртіптерді сақтап қалуға ұмтылушы кертартпа хандары мен сұлтандарын мадақтаған. Ол өзінің буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастарын негіздеу үшін кертартпа ақындардың, сондай-ақ Кеңес өкіметіне қарсы күрескен халық жаулары – алашордашылардың шығармаларын пайдаланды. Нақ осы ұлтшылдық идеологияны таныстарының арасында да жүргізді», – деп жазылып, сот тергеуі осыларды анықтағанын және айыпталушы Бекмахановтың мойнына қойылғанын айтады». Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты. ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі Мәскеудегі «Наука» баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді. Е. Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда. Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасынан жарық көрді . Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. 1966 жылы өзінің емдеуші дәрігерінің табанды кеңесімен Министрлер Кеңесінің ауруханасына жатады. Алайда Ермұхан өкпе ісігінің соңғы кезеңінде еді. Сонымен қоса, астма ауруы да асқынып кеткен болатын. Сөйтіп 1966 жылдың 6 мамырында Ермұхан Бекмаханов дүниеден озды. Ғалыммен қоштасу рәсімі бір күннен кейін болды. Кандидаттың және докторлық диссертациясының тақырыбын Кенесарыға арнаған Ермұханның жаназасына ғалым, геология-минереология ғылымдарының докторы, Кенесарының ұрпағы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин арнайы Ташкенттен келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын ақтық сапарға шығарып салды. Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов жерленген Орталық зиратына жерленді. Бүгінгі таңда әкесінің жолын қуып, тарихшы болған оның Нәйлә Бекмаханова әке ізін жалғастырып, тарих оқулықтарына қойылатын талаптардың күрделене түсуіне байланысты Қазақ КСР тарихының жоғары сыныптарға арналған оқулықтарын үнемі жетілдіріп, заман талабына сай толықтырып отырды. Ғалымның 90 жылдығы қарсаңында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 7 томдық шығармалар жинағын басып шығарды. Алматы қаласында көше, Павлодар мен Жамбыл облысында екі мектеп Е. Бекмаханов атымен аталады. Қорыта айтқанда, Е. Бекмахановтың ғылым жолындағы тұлғалық қасиеті, шығармашылығы, ұлт тарихын зерттеудегі шыншылдығы мен тарихтың ақиқатын батылдықпен зерттеуші – тарихшыларға үлгі өнеге. Ол дүниеден өтседе тарихта қалады, ал тарихта қалатын оның мұраларындағы идея нағыз дарын иелерін тауып, соны ұлт игілігіне сай ізденуге бағыттай түсетіндігі белгілі.
«Е.Б.Бекмахановтың ісі».
Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.

Әдебиет:

  1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. / Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. - 720 б.

  2. Сәрсеке М. Ермұхан Бекмаханов. Ғұмырнама. – Астана: Фолиант, 2010. – 672 б.

  3. Нұрпейіс К. Бекмаханов пен оның басты кітабы қалай жазаланды // Қазақ тарихы. - 2005. - №2. – 5-10 бб.

  4. Құланбаева Р. Тағдыры тәлкекке түскен тарихшы // Әлімсақ. – 2015. - №3. - 15 б.

  5. Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. – М., 1957. - 342 с.

  6. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы: Санат, 1994. – 416 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет