Тыңайту Картоптың қоректік заттарға қоятын талабы үлкен.Бұл дақыл бір тонна өнім және сол шамалас сабақ құрау үшін топырақтан 5кг азот, 2кг фосфор және 9кг калий элементтерін пайдаланады. Республиканың суармалы аймақтарында күзде жер жырту алдында әр гектарға 40-50 тонна көң, 6,5 центнер фосфор және 1,5 центнер калий тыңайтқыштарын РУН-15БМ, РОУ-6, РМГ-А,РУМ-5 машиналармен шашып,түренді плулттармен жыртып, топыраққа сіңіреді. Картоп отырғызылған мезгілде тұқыммен брге әр гектарга 0,3-0,5 центнер аммиак селитрасы мен 1,0 центнер түйршікті суперфосфат сіңіргенде, жақсы өнім алуға болады.Қазақстанның Солтүстік облстарда жерді жырту алдында әр гектарға 50-100 тонна коң,әсерлі заттар есебімен алғанда 140 кг фосфор және 160 161кг калий тыңайтқыштарын ПРГ-16,ПРТ-10, РУМ-8, РУМ-5, құралдармен шашып,плуктармен жыртып топырақа сіңіреді,ал азот тыңайтқыштарының 2/3 бөлігін картоп отырғызу алдында және 1/3 бөлігін үснеме қоректендіру кезінде береді.
Достарыңызбен бөлісу: |