Картопты отырғызудың жақсы мезгілі топырақтың 10 см тереңдігі 6-8 С-қа дейін қызған көзі болып саналады. Отырғызуды қысқа мезгілде, яғни 10-12 күннің ішінде аяқтау керек, өйткені ары қарай түйнектер өнім сапасын жояды. Картопты ең алдымен механикалық құрамы жеңіл топырақта отырғызады. Мұнда алдымен ерте пісетін сорттарды отырғызады. Өсірілетін түйнектердің өскіні 4 мм-ден ұзын болмаса, оларды КСМ-4, СН-4Б-1 картоп отырғызғыштерымен, ал өскіні 4 мм-ден ұзын болғанда арнайы САЯ-4 машинасымен отырғызады. Картоп отырғызудың негізгі әдісі қатар аралығы 70 см кең қатарлы әдіс. Суармалы жердерде картоп жиі отырғызылады гектарына 50-57 мың, ал суармайтын жағдайда 35-40 мың өсімдік отырғызылады. Отырғызу тереңдігі 8-10 см болады.