Картоптың халық шарушылығындағы маңызы



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі8,44 Mb.
#120602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лаборатория Түйнек жемістілер

Топырақ өңдеу

Топырақ өңдеуге күзде алғы дақылдарды жинап алғаннан кейін кіріседі. Күздік дәнді дақылдардан соң танаптағы аңызды ЛДГ-10 сыдыра жыртқыштармен 10-12 см тереңдікте өңдейді.Арам шөптер көктеп шыққаннан кейін жерді ПНЛ-8-40, ПЛН-6-35, ПЛН -35, ПЛН -4-35 түренді плугтарының бірімен 27- 30см тереңдікте сүдігер жыртады.

Отамалы және көкөніс алғы дақылдарынан кейін топырақты сыдыра өңдемей-ақ бірден терең жыртуға кіріседі. Қазақстанның солтүстік аймағында қыста СВУ-2,6 құралымен қар тоқтатады. Көктемгі топырақ өңдеу танапта БЗСС-1,0 тырмаларымен ылғал жабудан басталады. Содан кейін сүдігерді 20-22 см тереңдікке ПЛН-4-35 түренді плугымен БЗСС-1,0 тырмасынан тұратын құрама агрегатпен жыртады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет