Өсімдік көктеп шыққанға дейін шөптерді жою үшін танаптағы ылғалды сақтау мақсатымен БРУ-0,7 ротациялық тырма тіркелген КОН-2,8ПМ культиваторымен топырақты 1-2 рет өңдейді, ал картоп көктеп шыққаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 5-6 см-ге жеткенше тағы 1-2 рет топырағы қопсытылады. Картоп көктеп шығуға 3-4 күн қалғанда арам шөптерге қарсы ОВТ-1В машинасымен әр гектарға 3-5 кг прометрин гербицидін шашады. Қатар аралығын бірінші култивациялау өсімдіктердің биіктігі 5-10 см болған кезде КОН-2,8ПМ, КНО-2,8, КНО-4,2Г культиваторымен түптейді. Бұл агротехникалық шара түйнектер айналасындағы топыоақты жақсы қопсытып, үлкеюіне мүмкіндік туғызады. Өсу кезінде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады. Суару мөлшері балдық жерде бірдей емес. Ол топырақтың ылғалдығына, ыза суының тереңдігіне, өсірілетін аймақтың ауданына байланысты өзгеріп-отырады.