6 сұрақ. Заңды тұлғалар. Алдымен айтылған Рум азаматтары, латиндер, перегриндер, тағы басқалар жеке тұлғалар болған. Ал бірнеше азаматтар кәсіп бойынша бірге қосылса әлде бір іске берілсе бұны қазіргі заманымызда біз заңды тұлға дейміз. Осындай тұлға басқа заңды тұлғамен коммерциялық, құқықтық қатыныстарға бір аттан шығады. Бірақ Рум заманында заңды тұлға деген құқықтық ұғым болған жоқ. Бірақ бірнеше түрлі заңды тұлғаға сәйкес азаматтардың қоғамы болған. Мәселен ерлердің, етікшілердің, тағы басқа кәсіптік қоғамдары. Одан келіп діни қоғамдар. Осындай қоғамдар мүлікті бірге ұстаған. Мүліктің иесі жеке тұлға емес, қоғам болған. Қоғамдық мүлік заңды тұлғаның негізгі болып шықты. Ежелгі Румда қоғамдық мүлігімен қосылған кәсіптер және діни қоғамдар екі түрлі болатын. Біріншісі - корпорация (corporatio), екіншісі - муниципия (municipio).
Ad Patries - Аталарымыздан шықты (Латын мақалы.)