2 сұрақ. Басқа тұлғаның пайдасына берілмейтін және мұра бойынша қалдырылмайтын құқықтар. Сервитуттер- Servitutes - заттардың құлдық мағынасындада болған. Осындай құқықтар бірнешеу болып, екінші жағынан жергілікті әлде prediction предиалдық сервигутгерге және тұлғалы сервиттурге бөлінген. Жергілік сервитуттарды кейде заттық сервитуттер деп атаған. Бұлар екіге бөлінеді. Бір жағы - ауылдық сервитуттер, екіншісі - қалалық сервитуттер.
Ауылдық сервитуттердің түрлері осындай болған: Iter - жаяу, салт әлде зембілмен басқа біреудің жерімен жүрy құқығы. Actus - басқа біреудің жерімен мал айдау құқығы. Via - басқа біреудің жерімен арбамен өту құқығы. Aquae dustus - басқа біреудің жерімен су өткізу құқығы. Aquae haustus - басқа біреудің жерінен су алу құқығы.
Жер әлде мал емес басқа заттарды пайдалануға берілетін. Мәселен, ақша. Ақшаны пайдалануға алған тұлға ақшаның жемісін пайдалануы мүмкін /сол ақшаны айналдыруға кіргізсе/. Тек қана иесінен алынған ақша толық сақталса. Ақшаны пайдаланатын тұлға, алған ақшасын сақтай алмаса, әрине ақшаның иесіне қарызы болып шыңады. Habitatio - өмір бойы иесінің ішінде тұру құқығы.
Ореrае - құлдарды әлде малды пайдалану құқығы. Пайдаланылатын зат құл болса - ореrае servoram, мал болса ореrае animalum аталатын.