Usus және Usufructus - пайдаланатын тұлғаға өмірлік түрінде берілетін, бірақ басқа біреуге беруге әлде мұра бойынша қалдыруға құқығы болған жоқ. Узуфрукттың ерекше түрі Quasiusufructus - квазиузуфрукт болатын. Онда Quasi сол сияқты мағынада Узуфрукт сияқты құқықты деп атауға болады.
4 сұрақ. Кепіл және оның түрлері. Кепіл рум құқығында бірнеше түрлі болатын. Сондықтан латынша кепіл әртүрлі терминдермен аталған. Кепіл дегеніміз - басқа біреудің затын пайдалануға әлде иеленуге міндеттілікті келісім бойынша атқару үшін aлy құқығы болатын. Кепіл берген тұлға өзінің міндеттілігін атқармаса, сол заттан айырылатын. Ал міңдеттілік атқарылса, зат иесіне қайтарылатын. Кепілдіктің ежелгі түрі Fiducia - фидуция болатын. Фидуцин бойынша заттың иесі кепіл ұстайтын тұлғаға өзінің затын маниципация бойынша меншікке сатып беріп сол тұлғамен келісім бекіткен. Сал келісім орындалса, зат қайтарылады, ал орындалмаса, зат кепіл ұстайтын тұлғаға меншікте қалады. Фиддуциенттің бір жаман жағы болатын. Зат меншікке сатылған болса, сатып алған тұлға сол затты басқа біреуге сатып беруге, айырбастауға құқықығы болатын. Фиддуцияның орнына румдықтар кепілдің басқа түрін Pignus-пигнуст шығарған. Пигнус бойынша кепілдік зат меншікке емес, тек қана иемдену құқығына берілетін. Зат ұстайтын тұлға пайдаланатын және иемденетін құқығына ие болған жоқ. Тек қана келісім орындалмаса, зат ұстаған тұлғаға толық меншік құқығымен қалатын. Одан әрі кепілдің ең тараған және өте пайдалы және қолайлы түрі ipotheca - ипотека болған. Ипотека бойынша қарыз алушы өзінің кепілді затын қарыз берушіге бермей өзіне пайдалану үшін қолданатын. Қарыз алушы келісімді орындамаса, кепілдік зат қарыз беретін кісіге беріліп, саудалап сатылатын. Саудалап сатылған заттың бағасы қарыз берушіге ақшамен қайтарылатын. Сол ақша қарыз бағасына жетпесе, жетпейтін бағасын қарыз алушы төлеген.