2. ЛАТЫНША-ҚАЗАҚША ҚЫСҚАША ЗАҢИ СӨЗДІК.
ТҮСІНДІРМЕ
Мемлекеттік тілде болашақ заңгерлерді оқытуды дамыту Қазақстан Республикасындағы білім беру процесін ұйымдастырудағы ең қажетті және алдындағы бағыттарының бірі болып табылады. Юриспруденцияның теориялық негізі тұтастай алғанда мемлекет және құқық тарихы, сондай-ақ рум құқығы болып табылады. Қазіргі кезде әлемде ғасырлар бойы әрекет еткен және дамыған халықаралық заңи және ғылыми тіл бар. Бұл тілдің негізі – латын тілі. Жалпыға мәлім және аудармасыз түсінікті заңи терминдер коснтитуция, юстиция, юрист, прокуратура, адвокат және басқа да терминдер латын тілінен әлемнің барлық тілдеріне енген. Сонымен қатар олардың бастапқы мәні кез келген адамдарға беймәлім. Мысалы республика сөзі «res» «заттар, істер» және «publika» – «қоғам, бұқара» сөздеріне тіркестерінен құрылып, «республика – бұқаралық істер деген мағынаны білдіреді. «Конституция» сөзі «stituere» – орнату, жариялау деген түбірден және «con – қос-қостыру» деген жұрнақтан құралып, Конституция – қосып орнату, қосып жариялау деген мағнаны білдіреді және т.б. Өкінішке орай көптеген орыс- қазақ сөздіктеріндегі жалпыға мәлім халықаралық заңи терминдер сөз мағынасын аударусыз тура көшіріліп беріледі. Мысалы контракт - контракт, юстиция - юстиция, революция - революция және т.б.
Ұсынылып отырған қысқаша латын-қазақ сөздігі өз алдына мақсат етіп бұл жетіспеушіліктерді немесе кемшіліктерді қалпына келтіруге және қазақ тілінде оқитын болашақ заңгерлерге заңи терминологияны меңгеруге көмектесу болып табылады. Сонымен бірге бұл сөздік тәжирбиелік заңгерлерге, адвокаттарға, судыларға жедел іздестіру қызметкерлерге бағдарлаушы көмек көрсетеді. Сөздік негізіне рим құқығы курсында, сондай-ақ салалық заңи ғылымдар – азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа да ғылымдарда қолданылатын терминдер кіреді. Оқиға болған жерді қарау, тергеу әрекетінде, тану хаттамасында кездесетін кейбір медицина терминдері де бұл сөздікке кіреді. Студенттерге студент, доцент, профессор, декан, лекция, ректор және т.б. сияқты терминдердің пайда болуын білу пайдалы. Бұлар да латын тілінен шықты.
Сөздік латын графикасы негізінде әліппе тәртібімен жасалған, Әріптердің айтылуы елеулі қиындық тудырмайды, өйткені латын тілінің бір қатар дыбыстары «а- а» «в- б», «д- г» сияқты тиісті әріптері бар. Кей жағдайларда «с» әріпі «к» және «ц» сияқты айтылуы мүмкін. «Ае», «ое» әріптерінің сәйкестігі қазақ тілінің ә және ө әріптері сияқты әліпе айтылады. «К», «V»,»Z» әріптері латын алфавитіне грек тілінен енген және олар сирек кездеседі, тек грек тілінен алынған сөздереде ғана. Бұл сөздердің аталуы жазылумен бірдей. Назар аударатын жай кейінгі кездерде «і» әрпі «j» әрпінің орнына жазылуы жолыға мәлім болды, сондықтан кейбір әдебиеттерде «Jus», «Jure» сөздерін «і» әріпі арқылы «Ius», «Iure» жазылады және бұл қателік деп есептелмейді. Сөздің аяғы «tio, tia» деп аяқталса оны «цио, ция» деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |