«Тапсырманы ашық тест түрінде толықтырыңыз »
13. МЫНА РЕАКЦИЯНЫ КАТАЛИЗДЕЙТІН ФЕРМЕНТ
α- кетоглуторат → сукцинил –КоА
№ 24 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
ЛИАЗАЛАРДЫҢ 2- ТОБЫ ГИДРОЛИАЗАЛАР
2.1. Гидро-лиазалар(гидратазалар)- бұл ферменттер органикалық заттардың гидраттану және дегидраттану реакцияларын тездетеді ( С-О байланыс үзіледі). Мұндай реакциялар көмірсулары мен май қышқылдарының ситезі мен ыдырауы кезінде жұреді, гидратазалар тіршілік процестерінде үлкен рөл атқарады.
Мысал ретінде ҮКЦ-де фумар қышқылын алма қышқылыны қайтымды айналдыратын фумараза ферментін алуға болады:
Фумар қышқылы
Алма қышқылы
2.2.Карбоангидраза- гидролиазалардың топшасы
Құрылымы
2.2.Карбоангидраза- лиазалардың топшасы, коферменті мырыш ионы болатын екі компонентті фермент.
Биологиялқ рөлі
Карбоангидразаның ағзадағы рөлі ағзаның сілтілік-қышқылдық тепе-теңдігіне, СО2-нің тасымалдануына, асқазанның шырышты қабатында тұз қышқылының түзілуіне байланысты болады
Карбоангидраза көмір қышқылын ыдырату және синтездеу реакцияларын катализдейді:
Н2О + СО2 ↔ Н2СО3
Реакцияның бағыты СО2 нің концентрациясына тәуелді болады. 1л қанда 2г фермент болады.Карбоангидраза көмірқышқыл газының шығуына және тынысалу орталығының жұмысында маңызды рөл атқарады.
Шоғырлануы
Карбоангидраза қанның эритроциттерінде және басқа да тіндердің жасушаларында (бүйректің, көздің кірпікті денесінде, ұйқы безінде, асқазанның шырышты қабатында, құлаққа жақын сілекей бездерінде) болады. Бұл фермент жасушаларда болады да тіндік сұйықтықтарда болмайды.
Лиазалардың 3- тобы- Аммиаклиазалар - амин қышқылдарын дезаминдеу (С-N байланыс үзіледі) арқылы қанықпаған қышқылдар түзілуін каталилиздейтін екі компонентті ферменттер. Бұл ферменттер амин тобын қосуды да(аминдену) катализдейді. Аммиаклиазалардың мысалына аспартатаммиаклиаза жатады, ол аспарагин қышқылының дезаминденуін тездетеді:
Фумар қышқылы
Аспарагин қышқылы
Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар
1. ГИДРОЛИАЗАЛАР ТЕЗДЕТЕТІН РЕАКЦИЯЛАР
1) гидраттану
2) дегидраттану
3) С-О байланысты үзу
4) С-С байланысты үзу
2.КАРБОАНГИДРАЗА КАТАЛИЗДЕЙТІН РЕАКЦИЯ
1) көмір қышқылын ыдыратады
2) көмір қышқылын синтездейді
3) биогенді аминнің түзілуін
4) асқазанның шырышты қабатында тұз қышқылының түзілуін
3. СО2 НІҢ ТҮЗІЛУІН КАТАЛИЗДЕЙТІН КАРБОАНГИДРАЗАНЫҢ КОФЕРМЕНТІ
1) НАД
2) ФП
3) ТДФ
4) Zn2+
5) ТГФҚ
4. КАРБОАНГИДРАЗАНЫҢ ЖИНАҚТАЛАТЫН ЖАСУШАЛАРЫ
1) көздің кірпікті денесі
2) ұйқы безі
3) асқазанның шырышты қабаты
4) құлақтың маңайындағы сілекей безі
5) эритроциттерде
5. АММИАКЛИАЗАЛАР ЖҮРГІЗЕДІ
1) амин қышқылдарының дезаминденуін
2) С-N байланысының үзілуін
3) қанықпаған қышқылдың түзілуін
4) амин тобының қосылуын
6. ГИДРОЛИАЗАЛАР БӨЛЕДІ
1) CO2
2) H2O
3) NH2
4) SH2
7. СӘЙКЕСТІКТІ ТАБЫҢЫЗ КОФЕРМЕНТ ҚАТЫСАТЫН РЕАКЦИЯНЫҢ ТҮРІ
А) карбоксилдену
Б) тотығу-тотықсыздану
В) трансаминдену
Г) ацилдеу
Д) ацетилдеу
КОФЕРМЕНТ
1) Биотин
2) Пиридоксальфосфат
3) NAD+
№ 25 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Достарыңызбен бөлісу: |