«kazenergy» қауымдастығының 15 жылдығын мерекелеу аясында оқушылар мен студенттерге арналған


Байқаудың қорытындысын шығару және бағалау критерийлері



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата08.11.2023
өлшемі278,02 Kb.
#190275
түріКонкурс
1   2   3   4   5
Байланысты:
Положение по конкурсу rev 2.0 каз

Байқаудың қорытындысын шығару және бағалау критерийлері: 
Байқау жұмыстарын бағалау үшін қазылар алқасы құрылады, оның құрамына кәсіби 
видеографтардың өкілдері, қауымдастық мүшелерінің және KAZENERGY жас мамандары, 
сондай-ақ қоғам қайраткерлері кіреді (қазылар алқасының тізімі кейінірек жарияланады). 
Қазылар алқасы мазмұнды және техникалық сараптамалық бағалардан тұратын 
анимациялық видеороликтерге сараптама жүргізеді. 
Анимациялық видеороликтерді мазмұндық сараптамалық бағалау келесі критерийлер 
бойынша жүзеге асырылады: 

Байқау жұмысының мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі; 

анимациялық видеороликтің ерекшелігі; 

ақпараттың толық ашылуы; 

ақпараттылық. 
Анимациялық видеороликтерді техникалық сараптамалық бағалау келесі критерийлер 
бойынша жүзеге асырылады: 

видеотүсірілімнің сапасы; 

арнайы экспрессивті құралдарды меңгеру деңгейі; 

эстетикалығы (жалпы эмоционалдық қабылдау); 

анимациялық видеороликтің мәлімделген талаптарға сәйкестігі. 
Байқаудың барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары беріледі, байқау 
жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады: 

1-
орын – 300 000 теңге; 

2 х 2-орын – 200 000 теңге; 

2х 3-орын – 150 000 теңге.
КAZENERGY байқау жеңімпаздарына 2021 жылғы қыркүйекке жоспарланған жыл сайынғы 
KAZENERGY Еуразиялық форумына қатысу мұмкіндігін ұсынады (жол жүру, тұру 
ұйымдастырушылардың есебінен жабылады). 
Анимациялық видеороликтер KAZENERGY қауымдастығының ресми youtube-арнасында 
автордың аты-жөнін көрсете отырып орналастырылады.
Авторлық құқықтар және дербес деректер: 

Байқауға қатысатын жұмыста Қазақстан Республикасының Авторлық құқықтар 
туралы заңнамасы талаптарының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты 
болады;

Қатысушы байқауға жұмысты ұсына отырып, егер KAZENERGY-ге үшінші тұлғалардың 
зияткерлік меншік нәтижелеріне құқықтарды бұзу туралы осындай жұмысты көрсетуге байланысты 
наразылықтары қойылса, қатысушы ұсынылған наразылықтарды дербес реттеуге және (немесе) 
үшінші тұлғалар шеккен барлық шығындарды өтеуге, сондай-ақ уәкілетті органдар белгілеген өзге 
де төлемдерді өз есебінен өтеуге міндеттенеді; 

Автор байқауға өзінің анимациялық видеороликтерін жібере отырып, байқау 
ұйымдастырушыларына ұсынылған материалды коммерциялық емес мақсаттарда 
пайдалануға (интернет желісінде, телебағдарламаларда орналастыру, шығармашылық 
жобаларға қатысу, БАҚ-тағы жарияланымдар, одан әрі тираждау және т. б.) автоматты 


түрде құқық береді.); 

байқауға қатысушылар өздерінің дербес деректерін (тегі, аты, әкесінің аты
электрондық пошта мекенжайлары және Конкурсқа қатысушылар хабарлаған өзге де 
дербес деректер) өңдеуге келісімін береді.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет