Келесі ұғымдардың мәнін түсіндіріңіз: 1) адамды тәрбиелеу; 2) тұлғаны тәрбиелеу; 3) тұлғаны әлеуметтендіру; 4) педагогикалық процесс.



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата15.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#143401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Тәрбие экзамен ответы
Эссе впечатления
Тұлға болу дегеніміз
-белсенді 
түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай 
білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап 
беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз 
мінез құлқын реттеуші.
Даралық
— түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-
құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: 
себеп, темперамент, қабілет, мінез.Эмоциялық, белсенділік темпераменттің 
екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. 
Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады. 
№ 
Сұрақтар/тапсырма 
Балл 
Жинаған 
балл 

Тәрбие мақсаттарының тарихи сипатта екенін нақты 
мысалдармен дәлелдеңіз 
35 

Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар: 
тұқымқуалаушылық, географиялық орта, әлеуметтік 
орта, тәрбиенің әсерлерінің мәнін ашыңыз. Мұнда ең 
маңыздысы қайсысы? 
35 

Экологиялық тәрбие істерін ұйымдастыру жолдарын 
көрсетіңіз 
30 
1)
Тәрбие жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру болып 
табылады.Тәрбие үрдісі дегеніміз — мақсатты орындауға бағытталған 
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ынтымақтастығы. Тәрбие үрдісінің бірқатар 
ерекшеліктері бар. Ең алдымен ол мақсатқа бағытталған мақсаты, 
ынтымақтастығы бірыңғай жағдайда ғана қазіргі тәрбие үрдісі дұрысталады. 
Тәрбие үрдісі – көп факторлы, онда объективтік және субъективтік 
факторлар орын алады. Егер де субъективтік фактор адамның ішкі 
қажеттілігінен көрініс берсе оған сәйкес объективтік жағдайда адам өмір 
сүреді және қалыптасады, белгіленген тәрбие міндеттері толық 
орындалады.Тәрбие үрдісі қозғалмалы, үнемі өзгерісте болады.Тәрбие үрдісі 
– узақтылығымен сипатталады. Ол өз мәнінде өмір бойы болуы мүмкін. К. 
Гельвеций жазған «… Менің барлық өмірім, ұзынан-ұзақ тәрбие». 


Мектептегі тәрбие адамдның өмірінде үлкен із қалдырады, себебі нерв 
жүйесі жас кезінде жоғары қабылдағыш және иілгіш келеді. Тәрбие үрдісі 
мектепте жақсы ұйымдастырылғанның өзінде тез жетістікке жетуге 
болмайды, себебі тәрбие үрдісіне тән нақтылы тәрбиенің әсерінен нәтиженің 
алшақтығы байқалады.Тәрбие үрдісінің тағы бір ерекшелігі – 
үздіксіздігі.Мектептегі тәрбие үрдісі ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің 
жүйелі, үздіксіз өзара әрекеті оқушының тәртібін бір ғана қызық жұмыс шара 
өзгертеді деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі. Белгілі мақсатқа 
негізделген жүйеге жұмыс қажет. Егерде тәрбие үрдісі кездейсоқ үнемі 
болмай отырса онда тәрбиешіге тұрақты әдет қалыптастыру үшін оқушының 
санасына жаңа із салып отыруға тура келеді,Тәрбие 
үрдісінің кешенді сипаттамасы бірталай педагогикалық талаптарды 
орындауды, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс әрекетінің 
ұйымдастырылуының ұқыптылығын қажет етеді.Тәрбие үрдісіне тән 
ерекшелік бұл мағынасыздық және нәтиженің белгісіздігі. Бір жағдайда 
олардың бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. 
Ол субъективтік факторға байланысты: тәрбиешілердің жеке басты 
өзгешеліктеріне, олардың әлеуметтік тәрбиесіне, тәрбиеге қатынасы.Тәрбие 
қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы, өркендеуі мүмкін 
емес.Еліміздің әлеуметтік — экономикалық дамуын жеделдету 
кезеңінде адам факторы жаңа негізде қаралып жаңа адамды қалыптастыру 
барысында әрбір жас өспірімнің субъективтік талап-тілегін, бейім-қабілетін 
және тіршілік өмір сферасында белсенді саналы творчестволық қасиетін одан 
әрі дамытады. Өйткені, жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан 
сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құшына 
кірісіп, айналасын қоршаған адамдармен адамгершілік-психологиялық 
байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-
қатынастары жүйесінде әлеуметтік творчестволық көлемдері өрбіп, оның 
мәні арта түспек. 
2)
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын 
бiрiншi орынға қойып, тәрбиенiң күшiн жоққа шығаратын бұл теориялар 
XIX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегi 
ерекше бiр бағыттың пайда болуына себепшi болды, бұл бағыт 
“педология”, яғни тура аударғанда “балалар туралы ғылым”, “балатану” 
деген атқа ие болды. Қазiргi уақытта ғалымдардың көбiсi педологияны 
индивидтiң сәби, жас өспiрiм, жастық шағындағы дамуының жалпы 
заңдылықтары туралы ғылым ретiнде қарастырады. Социалистiк құрылыс 
жағдайларында бiздiң елiмiзде педология өкiлдерi баланың дамуының 
биогенетикалық заңын белсендi түрде насихаттаған және соған сүйене 
отырып балалардың әлеуметтiк теңсiздiгiн түсiндiруге тырысқан. Осы 
мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтiн кең көлемдегi 
жүйе құрылған болатын. 
Орта
– адам дамуына табиғи және әлеуметтік 
орта ықпал жасайды.Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды 
түсініп қабылдауы әр адамның жеке басына тән физиологиялық, 


психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.Бірінші 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет