«Жерде таза ауамен дем аламыз»
Бастапқы қалып: аяғымыз иық деңгейінде, қолымыз кеуде тұсында, қолымызды жоғары көтеріп, дем аламыз-қолымызды жәймен түсіріп дем шығарамыз «ах» дейміз .
Кереуетте.
"Мысықтар ұйқыдан оянуда"
Шалқадан жатып, қолдарын жанына қояды. Бірінші оң қолдарын одан кейін сол қолдарын жоғары көтеріп созылады.
"Артқы аяқты созу"
Шалқадан жатып, қолдарын жанына қояды. Алдымен оң аяқтарын көтеріп созады одан соң сол аяқтарын көтеріп созады. Енді жаймен аяқты кезекпен түсіреді.
"Мамасы мысықты іздейді"
Екбеттеп жатып басын көтеру, басымен оңға,солға бұрылу.
«Ашулы мысық». Төрт аяқтап тұрып көтерілу, арқасын көтеріп, басын төмен "фыр-фыр"
"Сүйкімді мысық". Төрт аяқтап тұрып, басын жоғары көтеріп, арқасын майыстырып, құйрығын қозғау.
"Кім тез тығылады?". Көрпешемен ойын.
Дыбыс: бір,екі, үш көрпе астынан табыл.
Еденде.
1.Тізені жоғары көтеріп, орынында тұрып жүру.
а)Аяғына карай созылып, қолын жоғары көтеру.
б) Отыру.
в)Түзелу.
2.Орнында тұрып, жүгіру және секіру.
"Жанданған ойыншықтар"
Кереуетте.
Балалар біз бүгін "Жанданған ойыншықтар" ойынын ойнаймыз. Бірінші ойыншықтар тыныш, қозғалыссыз орындарында тұрады. Содан соң олар қозғалып, жан- жағына қарайлай бастайды.
1.Шалқадан жатып,колдарын жанына койып, жай ғана бастарын көтеру, көпшікте жатып оңға, солға бұрылу.
2.Одан соң олар созылып, тартыла бастады. Балалар қолдарын басына көтеріп, тартылып, қолдарын тізеге қойып, айналдырып қозғалыс жасайды.
3."Кәне Ваня тұра ғой". Шалқадан жатып,тізелерін ұстап, алға, артқа иіледі.
4."Жұмсақ аюлар". Төрт аяқтап созылып тұру,орнында тұрып жүру, аюдың жүрісін салу.
Еденде.
5."Қуыршақтар". Аяқтарын түзу ұстап, өзін- өзі айналып адымдап, қолдарын төмен түсіру.
6." Жүйрік аттар". Орнында жүгіру, тізені жоғары көтеру,
7."Көңілді бақалар". Балалар бақалар сияқты секіреді.
8. Тыныс алу жаттығуы, көздерін ашып, жұмып демалады.
Достарыңызбен бөлісу: |