Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Өнімді сақтаудың ғылыми негіздері



бет25/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

Өнімді сақтаудың ғылыми негіздері.

Өнімді сақтауға әсер ететін факторлар. Қазіргі кездегі сапа мәселесі біріншілік мәнге ие болып отыр.Өнімнің сапа стандартына сәйкес – өнім құрамы қажеттілікті қанағаттандыруға жарамды және тағайындалуына сай болуы керек. «Сапа» түсінігінің өзі абсолютті емес, керісінше қатысты мағына білдіреді. Тағайындалуына сәйкес бір өнім бірнеше сапаға ие бола алады.

Өнімнің тазалығы мен рафинациясы деңгейінің жоғары болуы, оның адамзатқа пайдалылығымен қарама – қарсылықта болады.Тазалық денгейі жоғары өнімдер экстра кластағы өнімдер қатарына жатады, бірақ биологиялық тұрғыдан алғанда бұл өнімдер тазалығы бойынша төмен өнімдерден пайдасыз болып есептеледі.

Тұтынушы объектісі сапасы – бұл өнім құрамының сипаттамасы,оның көмегімен адамзат қажеттілігі қанағаттандырылады.

Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі қазіргі таңда әмбебап сипаттамаға ие.

Сапа және бәсекеге қабілеттілік – бұл кез-келген өндіруші мен кез-келген мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді көрсетуге және шығаруға мүмкіншілігінің біріктірілген ұғымы. Бәсекеге қабілеттіліктің факторы мәжбүрлік сипаттамаға ие, ол өндірушіні сапа мәселесімен айналысуға мәжбүрлейді.Бәсекеге қабілеттілік – көп аспектілі түсінік,оған тауардың нарық, баға, қызмет көрсету, жарнама, сапа және т.б.шарттарына сәйкес белгілері жатады. Сапа бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды көрсеткіші.Сапаға әсер ететін факторлар.Азық – түлік сапасына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың аса көп маңыздыларына:шикізаттың сыртқы түрі мен сапасы, өндіру әдісі мен шарттары, буып-түю, тасмалдау мен сақтау жатады. Өнім сапасы оның құрамы мен технологиялық қасиеттеріне қарай анықталады.Шикізат сапасының негізгі көрсеткіштері болып ондағы тағамдық заттардың көп болуы жатады. Олардың мөлшері мен сапасы сәйкес стандарттармен көрсетіледі.Азық – түлік тағамдарының өндірісі шикізатқа түрлі технологиялық әдістермен әсер етуге байланысты. Дайын өнімді сақтау шарттары және режимдері оның сапасына тікелей әсер етеді.Көпшілік жағдайларда сақтау кезінде өнімді сан және сапа жағынан сақтаудың комплексті тапсырмалары шешіледі. Сақтаудың режимдері мен шарттарын дұрыс орындамау өнімнің сапасын және санын жоғалтуға әкеп соқтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет