10. Жасыл конвейердің маңыздығы және теоретикалық негізі
Көк азық - мал азығына жұмсалатын табиғи және екпе шөп, азықтық дақылдар балаусасы. ЬІлғалдылығы мол болғандықтан 1 кг-ның жалпы қоректілігі 0,18-0,2 азық өлшемінен артпағанымен, құрғақ затында малға жұғымды қоректік, минералды және биологиялық пәрменді қосындылар жеңіл қорытылып, жылдам сіңірілетін түрде шоғырланған. Көк азық құрғақ затының қоректілігі құнарлы азықтікі шамалас болса, биологиялық құндылығы, құнарлылығы жағынан олардікінен асып түседі. Көк азықмалға жайып жегізіп, немесе қорада тұрғандарына шауып, турап үлестіреді. Ең арзан жемшөп көзі болғандыктан, көк азықпен мал басын жыл бойында мүмкіндігінше ұзак мерзім қамтамасыз етіп, өзіндік құны арзан сапалы мал өнімін мол өндіруге күш жұмсайды. Көк азықпен мал басын қамтамасыз ету мерзімін ұзарту үшін ерте көктемде малды күздік дақылдар көгіне жайып, содан кейін жетілген көп жылдық бүршақ тұқымдастар көгіне шығарып, жаздың жартысы ауа азықтыққа себілген астық тұқымдастар көгін шауып беріп, күзде қайта көктеген бұршақ тұқымдастар көгін, тамыртүйнек жемістілер пәлегін, бақшалық дақылдарды жұмсап «жасыл (көк) конвейер» ұйымдастырады
Достарыңызбен бөлісу: |