Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 5, 7.
Қосымша әдебиеттер: 3, 5.
10-дәріс. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері
Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі – тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. Адамды адам еткен, еңбек – демекші, «еңбек про- цесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға сүйенсек, еңбек әрекетіннің нәтижесінде адамның дене және интел- лектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады. Бұл әрине адамның тұлғалық дамуының табиғи зандылығы. Ол сонымен бірге оқушылардың адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбие- сінің үйлесімді дамуына да жағдай туғызады. Тұлғаның дамуында оқу мен еңбектің байланысын орнықтыру, оның барлық қабілетін жандандырады, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мен дене күштерін қалыптастырады. Сондықтан да мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оған адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті сүю, еңбек адам- дарын құрметтеу, еңбектің қарапайым әдістері мен құралдарын пайдалана білуге үйрету, материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай сақ- тауға дағдыландыру.
Ол үшін, оның міндеттеріне:
1. Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге мін- деттілігін оның сенімі мен санасына орнықтыру.
2 Еңбек етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу.
Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапаларымен қарулан- дыру, тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.
Оқушылардың кәсіби мамандыққа даярлығын қалыптастыру, ол үшін олардың талап-тілектері мен белгілі бір мамандыққа бейімділігін ескере отыра, болашақ мамандықты таңдауларына жағдай жасап, көмектесу, т.б.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық-тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.
Н.К. Крупская мен М.И. Калининнің теориялық еңбектерінде айрық- ша аталып, кеңес мектептеріндегі еңбек тәрбиесінің орны мен даму жолдарына үлкен мән берілді.
А.С. Макаренко балалар ұжымын құруда еңбекті қолданудың негізгі жолдарын белгілеп, еңбек тәрбиесінің ғылыми жүйесін жасады. Ол өзінің практикалық әрекетінде балаларды еңбектің барлық түріне қатыстырды және ауыл шаруашылығы еңбегінің қарапайым түрінен сол дәуірдегі жаңа техникамен жабдықталған өндірістік еңбекке араластырды. Оның бұл жетістігін жаңа жағдайда В.А. Сухомлинский шығармашылықпен дамы- тып, жетілдірді. Оған:
оқушылардың әртүрлі еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыру және мектептегі оқудың бірінші күнінен оларды халық игілігі үшін белсенді еңбек етуге үйрету;
оқушыларда еңбек сүйгіштік қасиеттерін дамытып және азаматтық тұрғыдан жетілген етіп тәрбиелеу;
оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауға және сынып, мектеп ұжымы мен өз ауылына пайда келтіру барысында белсенді еңбек етуге дайындау мәселелері.
Сондықтан да осы жүйеде оқушыларда қоғам пайдасына қажетті еңбек етуге тұрақты сенімдерін қалыптастыру – еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағытын негізгі бір міндеті ретінде қарастырылды.
Осы бағытта ол еңбек тәрбиесінің және оқушылардың кәсіби бағытын ұйымдастыруға сай тиімді формалары мен тәсілдерін іздеуге аянбай еңбек етті.
Оқушыларды еңбек процесіне психологиялық тұрғыдан дайындаудың да маңызы ерекше. Оның негізіне қоғамға пайда келтіру үшін оларда еңбек етуге деген қызығушылығын қалыптастыру, еңбек ету қабілеттері мен қажеттілігін дамыту, тұрақты еріктілік қасиеттерін тәрбиелеу. Мұнсыз адамның еңбек әрекетін нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.
Еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр болуы белгілі бір тәрбиелік жүйе құрып, мынандай міндеттерді шешеді 1) еңбектің мақсат және міндеттерін жете түсінуі; 2) нәтижелі еңбек ету әрекетінің қажеттісінен түрткі тудыру; 3) еңбек біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.
Көптеген кеңес педагогтері мен психологтары П.Р. Атутов, И.Ф. Вадковский, М.Н. Скаткин, С.М. Шабалов, С.Г. Шаповаленко, А.И. Шибанов еңбек тәрбиесіне қатысты өздерінің зерттеулерін жүргізді. Олардың айтуынша адам баласы тегіне тартып дайын күйіндегі бірде бір қабілеттер, бірде бір адамгершілік және еріктілік қасиеттерге ие болмайды, осылардың бәрі іс-әрекет барысында және басқа адамдармен қарым- қатынаста тәрбиеленеді, дамиды, қалыптасады және жетіледі. Сондықтан адамның дамуында негізгі фактор – еңбек әрекеті болатындығына назар аударады, себебі Ф. Энгельстің айтуынша «қарым-қатынас қажеттілігі еңбектің арқасында пайда болған».
Мектептегі еңбекке оқыту мен тәрбиелеу мәселесінің қажеттілігі, оларды ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, зерттеуге үлкен мән беруге ықпал етеді.
Бұл мәселе турасында Я.А. Коменский, Дж. Локк, И.Г. Песталоции, А. Дистервек, К.Д. Ушинский және т.б. еңбектерінде көптеген құнды идея- лар айтқан.
Еңбек тәрбиесінің әртүрлі аспектілері бойынша П.Р. Атутов, Н.И. Болдырев, Н.К. Гончаров, К.А. Иванов, И.С. Марьенко, В.А. Сухом- линский, А.А. Шибанов, М.У. Пискунов зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соған сәйкес педагогикада тұлғаның дамуы мен оның адамгершілік қалып- тасуында еңбек тәрбиесінің қызметі егжей-тегжей қарастырылған. Жекелеп қарастырстыратын болсақ негізінен; олар мыналар:
Еңбек – практикалық өндірістік әрекет ретінде адамның дене құрылысының дамуына жағымды әсер етеді. Физиологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, дене жұмысының қозғалыс және бұлшық ет жаттығуларымен тікелей байланысы, таза ауада болу, бәрі де адамның денсаулығы мен күш-қайратын шынықтырады, оның өмірлік жігерін, қайратын шыңдайды, ақыл-ой қабілетін жандандырады. Кезінде Л.Н. Толстой былай деген: «Қозғалыссыз және дене еңбегінсіз ақыл-оймен бас көтермей жұмыс істеу, барып тұрған қасірет. Бір күн ішінде мен аяғыммен жүрмей, қолыммен жұмыс істемейінше, кешкілік ешнәрсеге жарамай қаламын: оқи алмай, жаза алмай, тіпті басқаларды ықыласпен тыңдай алмаймын, басым айналып, көзімде белгісіз жұлдыздар пайда болады (көзім қарауытады), және түн ұйқысыз өтеді». Осындай ойды К.Д. Ушинскийде айтқан.
Еңбек – адамның ақыл-ой қабілетін, оның зеректігін, шығарма- шылық тапқырлығын дамытады. Қазіргі өндірістегі жұмыс адам баласынан терең білімді және кең көлемде техникалық дайындықты, жаңа техноло- гияны тез меңгеру біліктілігін, еңбек тәсілдерін жетілдіру және өнертап- қыштық қабілеттің болуын талап етеді.
Еңбектің тұлғаның адамгершілік тәрбиесіндегі маңызы ерекше. Көптеген педагогтер еңбек әрекетін оқушылардың азаматтық санасының дамуымен, патриоттық сезімдерімен және өздерінің қоғам алдындағы борыштарын түсінуімен байланыстырды. Әрбір тәрбиеленуші еңбек ұжы- мының мүшесі болуға дайындалады. Азамат ретінде оның маңызы және құндылығы, оның еңбек ете білу біліктілігі және өзіне, адамдарға әкелетін пайдасына байланысты болады. Бұған қосымша, адамның еңбек процесіне даярлығы және жалпы қоғамдық істерге өзінің қосқан үлесіне байланысты оның материалдық жағдайы жақсарады. Соған сәйкес К.Д. Ушинский:
«Нағыз тәрбие, егерде ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақытқа тәрбиелеу емес, өмір еңбегіне даярлау қажеттігіне» баса назар аударады.
Еңбектің маңызды қызметі оқушыларда жолдастық қарым-қаты- насты, ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптас- тыру болып табылады. А.С. Макаренко: «Тек коллективтік еңбекке қатысу адамға басқа адамдармен дұрыс адамгершілік қарым-қатынас жасауға – барлық еңбекшілерге туыстық махаббат пен достыққа, жалқауларға, еңбектен қашатын адамдар ашулануға және кінәлауға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетеді. Сонымен бірге ол былай дейді: «Біз табиғатынан бар- лық адамдар еңбекке қатысты дағдыларын шамамен біркелкі меңгеретінін жақсы білеміз, бірақ та өмірде кейбіреуі жақсы жұмыс жасай біледі, басқасы – жаман, кейбіреуі тек ең қарапайым еңбекке қабілетті болса, басқасы – анағұрлым күрделі еңбекке, және солай болғандықтан анағұр- лым бағалы. Мұндай әртүрлі еңбек сапасы адамға тумысынан берілмейді, олар өзінің өмірінде, әсіресе жастық шағынан тәрбиеленеді».
Еңбек тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бағытын анық- тауға және мамандығын дұрыс таңдауға әсер етеді. Оқудың тәрбиелік маңызы көпқырлы болғанымен де, ол негізінен ақыл-ой әрекетімен байланысты болып, тұлғаның көбінесе интеллектілік жұмысқа қызығушы- лығын қалыптастырады. Соған қарамастан оқушылардың көшпілігі мек- тепті бітіргеннен кейін өз өмірлерін материалдық өндіріспен ұштастырады. Олардың кәсіби бағытын жүзеге асыру үшін, бұл мақсатта қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырудың әр түрін кең қолдану қажет, оларға өндіріс әрекетінің әртүрлі саласында өздерінің күш-қайратын және қабілеттерін сынап көруге мүмкіндік беру керек. Мұның бәрі оқушылар- дың ақыл-ой тәрбиесінде, адамгершіліктерін қалыптастыруда және олар- дың жан-жақты дамуында еңбек тәрбиесінің үлкен қызмет атқаратынын көрсетеді.
Осы орайда К.Д. Ушинскийдің: «тәрбие адамның тек ақылын ғана дамытуды және оған белгілі бір мөлшерде мағлұмат беруді міндеттемейді, сонымен бірге оның өміріңде лайықты, бақытты бола алатын онда дұрыс- тап еңбек етуді аңсауды тәрбиелеу қажет», – деген ойы ерекше маңызға ие. Психологтар еңбектің әсерінен болатын адам тұлғасындағы өзгеріс-
терді ең алдымен, адамның мінез-құлқынан, еңбек өнімділігінің өзгеруі- нен, еңбекке, өз ұжымына деген қатынасынан, қажеттіліктері мен қызығу- шылықтарындағы, өзін-өзі бағалау мен талпыныстарындағы өзгерістерден байқайды.
Еңбек тәрбиесінің психологиялық мәселелерін зерттеу әдістеріне байқау, эксперимент, сұрау, тест жатады. Байқау әдісі арқылы адам еңбек- ке қажет мінез бітістері: байқағыштық, дербестік, тиянақтылық және т.б. қасиеттер зерттеледі.
Зор психологиялық білімнің көзі эксперимент болып табылады. Бірақ оны қолдану үлкен қиындықтармен байланысты жүреді, біріншіден, тұлғадағы өзгеріс біртіндеп жүреді, ал зерттеушінің барлық кезде уақыты
шексіз бола бермейді. Екіншіден, тұлғадағы өзгеріс, еңбек тәрбиесі жағ- дайында әсер етіп тұрған бір ғана фактордың емес, бірнеше фактордың нәтижесі болуы мүмкін.
Көптеген зерттеу нәтижесі еңбек іс-әрекетінің қоғамдық мотива- циясы балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыратынын көрсетті. Еңбектің адам тұлғасын дамытудағы рөлінің маңызы баршаға мәлім.
Осындай дамудың мүмкіндіктері еңбек құралдарында, еңбек заттарында және еңбек нәтижесінде бар. Еңбек құралы арқылы адам құбылыстар мен заттардың қасиеттерін, өмір сүру шарттарын және түрлі заңдылықтарын танып білді. Осының бәрі адам үшін білімнің қайнар көзі. Бұл адамның дүниетанымының негізі болып табылады.
Еңбек іс-әрекетін сәтті игеру үшін адам даралығының барлық жақ- тары қатысуы тиіс: оның психикалық процестері, қасиеттері, және күйі. Психикалық процестер арқылы адам еңбек жағдайында бағдарланады, мақсат қояды, әрекет барысын бақылайды. Еңбектің әлеуметтік жағдайы адамға жоғары талап қояды. Әртүрлі балалардың еңбек ұйымында еңбек ұжымдық сипатқа ие және оның іске асырылуы мектеп оқушыларының өндірістік, адамгершілік және т.б. қатынастардың кең әрі күрделі аймағына кіруімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |