Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7.
Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.
ІІ бөлім
ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
6-дәріс. Еңбек іс-әрекетін құрылымдық-психологиялық талдау
Қазірге дейін жұмысшылар мен мамандарды даярлау мәселесі олардың кәсіптік біліктіліктеріне сипаттама беру тұрғысынан негіздеу кең сипат алып келді. Кәсіптік мектепті бітірушілерге оқу орындары беретін біліктілік сипаттамасы – оның оқу барысында білім, білік және дағды- ларына қойылатын талаптарды анықтайды, ол орталық атқарушы органдардың кәсіптік білімге біліктілік тағайындайтын саласы арқылы белгіленеді.
Бітірушілерге қажетті маңызды кәсіби сапа мен жеке тұлғалық қасиеттер байқалмайды. Сондай-ақ бітірушінің шығармашылық қабілет- тілігі мен іскерлік әрекеттерінің кәсіпкерлікпен ұштастыру, оның шыңы кәсіби шебер деңгейіне жету, сөйтіп авторлық қызмет жүйесіне енуі көрсетілмеген. Мұны қазіргі кәсіптік мектеп бітіруші түлектерді дайын- дауда олардың біліктілік сипатын анықтайтын негізгі кемшіліктер деп түсінеміз. Кәсіптік дайындау мәселесін профессиографиялық тұрғыдан қарау ғана бұл тығырықтан шығара алады.
Кәсіби дайындау деңгейін, оның сапалық дәрежесін біліктілік сипат- тама емес, профессиограмма анықтап бере алады. Профессиограмма белгі- лі бір кәсіпке жан-жақты сипаттама бере келе, оның адамға қоятын талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке тұлғалық, моралдық қасиеттер сапасын, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сол арқылы білім, білік және дағдылық әрекеттерді іске қосатын жүйе болып табылады. Сөйтіп, кәсіптік мектеп бітірушілерінің дайындығы тек білім, білік және дағдылық қасиеттерден басқа да анықтайтын объективті қажеттіліктер бар екендігі белгілі болды. Енді профессиограмманың мына төмендегі мазмұ- нына тоқталсақ, ол үшін оның әртүрлі сипаттарына назар аударалық.
Кәсіптің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы.
Экономика саласы
Маманға сұранымы
Кәсіп ауқымы
Өнеркәсіп, ұйым, мекеме түрі.
Еңбекті ұйымдастыру формасы.
Кәсіптің өндірістік сипаттамасы
Еңбек мақсаты
Еңбек пәні
Еңбек құрал-жабдықтары
Еңбек мазмұны: негізгі өндірістік операциялар
Еңбек шарты
Еңбекті ұйымдастыру
Қажетті кәсіби білім, білік және дағды.
Кәсіптің санитарлық-гигиеналық сипаттамасы
Еңбектің ауырлығы мен күрделі деңгейі
Жасы мен жынысына байланысты шектеулер
Жұмыс және демалыс режимі
Ауысымдығы
Талдағыш жүктемесі
Жағымсыз факторлар
Медициналық қарсы көрсетілімдері
Кәсіптік байланысты маманның жеке-психологиялық ерекшелік- теріне қойылатын талаптар.
Нейродинамика
Тәуліктік биоритмика
Психомоторика
Сезгіштік аумағы
Есте сақтау кабілеті
Зейіні
Ойлауы
Парасаттылығы
Еркіндігі
Мінез-құлқы
Тұлғаның кәсіби сапалық қасиеттері.
Кадр дайындау
Оқу орнының түрі
Оқыту мерзімі
Жалпы білім беретін пәндерді игеруі
Кәсіби шеберлігін шыңдау.
Профессиограмманың бұл келтірілген құрылымдық мазмұны әрине, кәсіби біліктілікке казіргі қойылып жүрген талаптар деңгейінен әрі биік, әрі ауқымды екені көрініп тұр. Бірақ оны қазір жүзеге асырып, практикада қолдану қиын болып тұр, өйткені, жұмыс ауқымын айтпағанның өзінде, қарапайым әрі тиімді талдау мүмкіндігі жоқ.
Профессиограмма дегеніміз бұл нақты еңбек әрекетін зерттеу (профессио – мамандық, графия – жазу, бейнелеу). Кез келген кәсіби әрекеттердің психофизиологиялық бейнесін құрастыру профессиогра- фиялық зерттеудің негізгі міндеті. Профессиографияны өткізу барысында мамандардың алдына қойған мақсатын, жұмыс істеу кезіндегі қабілетін, еңбек етуге қажетті білім, дағды және іскерліктерін, адамның еңбек ету кезіндегі жауапкершілігін анықтау өте маңызды. Бұның барлығы әрине,
еңбек әрекетінің атқарылу кезіндегі жұмыстың өнімді болуының алғы шарттары болады.
Профессиографияның нәтижесінде профессиограмма шығарылады. Әр мамандықтың өзіне тиісті профессиограммасы құрастырылады. Сонымен, профессиограмма – әр мамандықтың әлеуметтік, экономикалық, өндірістік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және психологиялық ерекше-ліктерінің жүйелі бейнеленуі болып табылады.
Профессиограмманың құрамына психограмма кіреді. Психограмма дегеніміз адамның енбек әрекетін өнімді және сапалы орындауға қажетті субъективті сапаларының жүйесі.
Профессиограмманы өткізу барысында келесі тәртіптегі кешенді талдау жүргізу жөн:
Мамандықтың өндірістік сипаттамасын анықтау.
Мамандықтың экономикалық мәнін белгілеу.
Мамандықтың әлеуметтік мінездемесін қалыптастыру (мамандық- тың ерекшелігі, ұжымдық немесе индивидуалды беделі және т.б.).
Мамандыққа қажетті білім мен шеберлік көлемін анықтау. Маман- дыққа қажетті дайындық уақыты.
Еңбек жағдайының сипаттамасы (санитарлық-гигиеналық сипатта- масы немесе адамның денсаулығына еңбек процесіндегі әсер ететін жағымсыз жағдайларды есепке алу).
Физиологиялық талаптардың тізімі (еңбек атқарушының организм функцияларының физиологиялық жәйттерін ескерту).
Мамандық бойынша жұмыс істейтін нақты адамдардың психограммасын құрастыру.
Кәсіптік зерттеу жүргізу барысында профессиограмманың түрлі формалары қолданылады:
Ақпараттық профессиограмма – кәсіби кеңес беру мен кәсіби бағдарлану кезінде қолданылатын кесте.
Диагностикалық профессиограмма – еңбек әрекетінің өнімділігі төмендегенде қолданылады.
Конструктивті профессиограмма – жаңа еңбек өрісіне жоба жасау жағдайында эргатикалық жүйелерді жетілдіру үшін қолданылады.
Әдістік профессиограмма – белгілі бір еңбек әрекетіне тиісті эргатикалық жүйелерді зерттеу әдістерін таңдау үшін қолданылады.
Бағдарламалы профессиограмма мамандықты таңдау және маман- дарды дайындау кезінде қолданылатын әдістерді таңдай алу.
Профессиографиялық схеманы құрастырудың әртүрлі жолдары болады. Осы істің Е.М. Иванова 2 негізгі компоненттерін бөліп шығарады:
1. Еңбек субъектісінің сипаттамалары:
а) еңбек субъектісінің объективті сипаттамасы (оның денсаулығы, еңбек ету мезгілі, қажетті білгірлігі, жұмыстың өнімділігі және т.б.);
ә) әлеуметтік және мотивациялық құрылым (мамандықтың әлеумет- тік маңызы мен қоғамдағы өнімнің рөлі туралы хабардар болу, кәсіби орта мен ұжымда өзін мүше ретінде сезіну және де өзінің кәсіби әрекетіне деген қатынасын сезіну);
б) кәсіптің когнитивті-мотивациялық құрылым (еңбек процесі, міндеті, мақсаты, заты туралы білімі; еңбек әрекетіне деген жеке тұлғалық қатынасы);
в) кәсіптегі жеке іс-әрекеттің оперативті-психологиялық құрылымы (әрекет мақсатының болуы, әрекетке тиісті қимылдар мен операцияларды орындау қабілеттілігі); г) еңбек субъектісінің эмоционалды-ерікті құрылы- мы (еңбек әрекетін атқарудағы индивидуалды стиль және еңбек субъекті- сінің функционалды жағдайлары). Еңбек объектісінің сипаттамалары:
а) белгілі еңбек процесінің тарихы және жетістіктерге ие болу жолы (ғылыми техникалық және әлеуметтік-экономикалық өркендеу);
ә) еңбек объектісінің әлеуметтік құрылымы мен өзгеру бағыты (енбек объектісінің әлеуметтік- экономикалық мінездемесі);
б) еңбек процесінің құрылымы: 1) еңбектің заты - құралы – міндет- тері; 2) еңбек жағдайларының құрылымы; микроклимат және гигиеналық жағдайлары; әлеуметтік-психологиялық жағдайлары; еңбектің ұйымдасты- рылуы (жоспарлау, бақылау);
в) еңбектің операционалды - техникалық әрекеті, еңбек әрекетін атқару.
Психологиялық профессиограмма дегеніміз белгілі бір еңбек түрін қомақты, жүйелі және қысқартылған түрде суреттеу болып табылады. Оның құрамына өндірістік іс-әрекет мінездемелері бәрі де жинақталады. Психологиялық профессиограмманы құрастыру кезінде еңбек әрекеті тұтастандырылған ұғым ретінде қарастырылып, оның көптеген элемент- тері айқындалады. Психологиялық профессиограмманы жасау кезінде еңбек әрекетінің міндеттері, еңбек ету үшін қажетті қабілеттер, жауап- кершілік және шеберлік деңгейі анықталуы тиіс. Психологиялық профес- сиограмма еңбек әрекеті мен еңбек жағдайын суреттеу мен талдаудың жалпы әдісі болып табылады.
Психологиялық профессиограмманың екі формасы бар: жеке профес- сиограмма және кешенді профессиограмма. Жеке профессиограмма жұмыс көрінісін бір ғана ғылыми өрісінен сипаттайды. Мысалы: жұмысты нақты физиологиялық немесе санитарлы-гигиеналық, әлеуметтік, экономикалық жақтарын айқындау.
Кешенді профессиограмма бойынша жұмыс салааралық, жан-жақты түрде қарастырылады. Мысалы: техникалық, экономикалық және әлеумет- тік ұйымдастыру.
Психологиялық профессиограммаларды қолдану жағынан: әмбебап (универсалды) және арнайы деп бөлеміз. Әмбебап профессиограмма жұмыстың барлық түрлерін сипаттайтын мінездемелер мен мәліметтерді
баурайды. Осындай профессиограмма көлемі жағынан едәуір кең, мақсаты жағынан жан-жақты болып келеді. Арнайы профессиограмма нақты психологиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында еңбектің маңызды сипаттамаларын сұрыптау мен анықтау болып табылады. Арнайы
«профессиограмма жұмыстың белсенділігі мен өнімділігін арттыру мақсатында, жарақаттануды алдын-алу, еңбекке қажетті біліктілікті артты- ру міндеттерімен қолданылады.
Психологиялық профессиограмма еңбек туралы мәліметтерді жинақ- таудан басталады. Осыған кіретін келесі:
Қандай жұмыс талданылады? Жұмыс мақсаты қандай? Жұмыс барысында қандай іс-әрекет кездеседі?
Жұмысты орындау жағдайлары және оның мүмкіншіліктері қандай?
Жұмысқа қандай сыртқы фактор әсер етеді?
Жұмыс істейтін адамның психикасына қойылатын ерекше талаптар? Жұмысты суреттейтін ақпаратты келесілерден алуға болады:
а) Тарифті - квалификациялық анықтамалар;
ә) Еңбек атқару гигиенасы мен қауіпсіздік ережелері; б) Жұмыс күнінің фото, видео т.б. көріністері;
в) Мекеменің жедел есептері;
г) Әртүрлі жиналыс хаттамалары; ғ) Кәсіптік оқыту материалдары;
д) Жұмыс туралы арнайы әдебиеттер.
Психопрофессиограмма құрау 3 сатыдан тұрады.
Суреттеу сатысы – жұмыс процесі туралы нақты және қомақты материал жинақталады.
Талдау-біріктіру сатысы (анализ-синтез) – жинақталған материал- дарды талдау-біріктіру арқылы кешенді-әмбебап профессиограмма жасалынады.
Дедуктивті сатысында – кешенді профессиограммадан нақты мақсатқа көшу барысында еңбекке қажетті білімдер жинастырылады.
Профессиограммалар арнайы мақсатпен қолданылады:
а) еңбек процесін оптимизациялауға бағытталған профессиограмма (еңбекті дұрыс ұйымдастыру мақсатымен);
ә) жұмысшыларды іріктеу, кәсіп иелерін таңдау барысында кеңес беру үшін қолданылады;
б) кәсіби оқытуды ұйымдастыру мақсатымен жүзеге асатын профес- сиограмма (нақты қабілеттер, тұлғалық ерекшеліктер, оқыту табысы айқындалады);
в) еңбек процесін ұйымдастыру профессиограммасы (еңбекке әсер ететін нақты объективті және субъективті факторлар ескеріледі);
г) еңбек өнімділігі мен нәтижелігін бағалау мақсатымен қолданы- латын профессиограмма.
Отандық психологияда Е.А. Климовтың жіктемесі кеңінен танылды.
Онда еңбек объектісімен сәйкес мамандықтың 5 типі көрсетіледі:
Адам-тірі табиғат (т). Бұл тип өкілдері өсімдіктермен, жануар- лармен, микроағзалармен байланыс жасайды, мысалы: агроном, зоотехник, ветеринар, микробиолог.
Адам-техника (өлі табиғат); (Т). Жұмысшылар еңбектің техника- лық құралдарымен жұмыс жасайды. Мысалы: слесарь, техник, механик, электрик.
Адам-адам (А). Қызығушылық, танымдық заты-әлеуметтік жүйе, тұрғындар тобы, әр жастағы адам. Мысалы: тауар сатушысы, шаштараз, дәрігер, мұғалім.
Адам-белгілер жүйесі (Б). Табиғи және жасанды тілдер, шартты белгілер, сандар, формула. Мысалы: программист, математик, баспа редакторы, тіл маманы.
Адам-көркемдік образ (К). Мысалы: суретші-декоратор, рестав- ратор, балет әртісі, драма театрының актері.
Мамандықтың бұл 5 типі мақсаты бойынша 3 класқа бөлінеді:
гностикалық мамандық (Г) (грекше «гнозис»-білім). Мысалы
«адам-табиғат»: дегустатор, жемісті қабылдаушы; «адам-техника»: мастер- диагност; «адам-адам»: медициналық эксперт, әлеуметтанушы; «адам-бел- гілер жүйесі»: корректор-бухгалтер; «адам-көркемдік образ»: музыкант, актер.
Қалыптастырушы мамандықтар (Қ). Мысалы: «адам-табиғат»: өсімдік өсіруші, зооинженер, жануар өсіруші; «адам-адам»: мұғалім, педагог, токарь; «адам-белгілер жүйесі»: машинист-стенографист, бухгал- тер; «адам-көркемдік образ»: декоратор, суретші, сылақшы.
Таңдамалы мамандықтар. Мысалы, «адам-табиғат»: ұшқыш-бақы- лаушы, биолог-зерттеуші; «адам-техника»: инженер-құрастырушы; «адам- белгілер жүйесі»: программист, математик; «адам-көркемдік образ»: сурет- ші, сазгер.
Еңбектің негізгі құралдары бойынша әр класты 4 бөлімнен құруға болады:
Қол еңбегі мамандығы, слесірлік жұмыс бақылаушысы, фельд- шер-лаборант, картограф, суретші, конструктор.
Машина қол еңбегі мамандығы, экскаватор жүргізушісі, токарь, автомобиль жүргізушісі.
Автоматтандырылған жүйемен байланысты мамандық: цех опера- торы, магниттік жазба операторы.
Еңбек функциональды құралдарымен байланысты мамандық: еңбектің психологиялық құралы-ойлау эталондары (акробатта-келесі әрекеттің ойлау үлгісі, дирижерде-образды эталондар).
Еңбек шарттары бойынша Е.А. Климов мамандықты 4 топқа бөледі:
микроклимат жағдайындағы жұмыс: лаборант, оператор ЭЕМ, бухгалтер.
ашық жердегі жұмыс: агроном, монтажшы, МАИ инспекторы.
биікте, су астында, жер астында, т.б. антенашы, теңіз зерттеушісі, өрт сөндіруші.
Адамның денсаулығы, өмірі үшін моральды жауапкершіліктегі жұмыс: балабақша тәрбиешісі, мұғалім, зерттеуші.
Кәсіби білім беруді мамандықтың барлығы бойынша жүргізу мүмкін емес. Әрбір кәсіби іс-әрекеттің құралы, мазмұны, деңгейі ерекшеленеді.
Оқу мамандығының белгілер бойынша ғылыми негіздеу керек. Нәти- жесінде мамандар дайындау формасы жасалу керек. Бұл кәсіби мектеп және ЖОО-да оқу болуы мүмкін.
Кәсіби білім алу үшін оқу мамандықтарын таңдау өзекті болып отыр. Бұл таңдау ғылыми негізделуі керек. С.Я. Батышев ең алғаш білікті мамандар дайындау мақсатында оқу мамандықтарын топтастыру мәселесін алға қойды. Мамандық бөлінуінің маңызды нәтижелері:
еңбекті механикаландыру дәрежесі;
деңгей және талап етілетін біліктілік сипаты;
дене және ақыл-ой еңбегі шығындары қатынасы.
Еңбек күрделілігін анықтау критерийлері болып: құрал, зат, өнім, еңбек қызметі, жауапкершілік көрсетілген.
1987 ж. кәсіби техникалық білім беру жүйесінде қызмет етуші жұмыскерлерді дайындау үшін мамандықтардың жалпы одақтық санағы бекітіліп, оқу мамандықтарының жалпы саны 1193-ке дейін қысқарды.
Техника түсінігінің астарында құрал, еңбек құралдары жатады. Технология техниканың жасанды құралдарының, өндіріс процестерінің, ресурстарының, басқарудың дамушы жүйесі ретінде кең ұғым болып табылады. Технология қоғам дамуын анықтау, ғылым мен тәжірибе жетістігін көрсетеді, және мынадай кәсіби профильдерге бөлінеді:
ақпарат технологиялары-ақпарат алу, талдау, өңдеу;
экологиялық технология-қоршаған орта;
экономикалық технология-кәсіпкерлік, бизнес;
өндірістік технология-материалдық құндылықтар жасау;
аграрлы, жер өңдеуші техникалық-өсімдіктерді өсіру;
әлеуметтік технология-адамдар қарым-қатынасының жақсаруы, тұрақтылығы.
Технология түрлері оқу мамандық топтарын қалыптастыру үшін негіз болады. Өндірістік іс-әрекетте әлеуметтік-техникалық, физикалық, экологиялық білім өте қажет.
Кәсіби политехникалық білімге қажет факторлар:
еңбек пен өндіріс интеллектуализациясы;
электроника, т.б. техникалық жүйелер есебінен технологияны күрделендіру;
қазіргі кездегі өндіріс пен еңбек үзілісінің технологиялық базисінің дамуы;
жаңа технологиялар базасы бойынша техникалық құралдарды жетілдіру;
Кәсіби маңызды сапалар-жауапкершілік, сенімділік, қабілеттілік, шешім қабылдай алу, т.б.
Сонымен қатар: технологиялық, политехникалық, жеке тұлғалық болып бөлінген 3 фактор көрсетілген.
Оқу мамандығын жобалауда келесі принциптер жүзеге асырылады:
педагогикалық технология мен өндірістік технологиялардың өзара байланысы;
кәсіби өзін-өзі анықтау;
мамандық мазмұнының прогностикалық бейнесі;
оқу технологиясы мен кәсіби профильдегі өндірістік технологиялар интеграциясы.
Оқу мамандығы мәселелерін шешуге технологиялық білім беруді жүйелеу негіз болады. Бұл мәселенің шешімі мамандарда-құрастыру- шылық, білім берудегі мамандыққа кіріспе мәнін күшейту қажеттілігін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |