Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7.
Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.
8-дәріс. Кәсіптік қызметке даярлауды жоспарлаудың психологиялық-педагогикалық жүйесі
Қандай болмасын кәсіптік оқытудың мақсаты – әрекет тиімділігін, сапасы мен шапшаңдығын белгілейтін икемділіктерді қалыптастыру.
Оқыту процесін жоспарлау және тренажерлер дайындау кезінде оқу процесін негіздейтін критерийлердің көрсеткіштер жүйесі белгілену керек. Бұл критерийлер жұмыс сапасымен қатар кәсіптік дайындықты бағалау
әдістерін таңдауға және зерделік икемділік дағдыларының қалыптасу деңгейін белгілеуге негіз болады. Жаттығу нәтижесінде кейбір икемді- ліктер автоматтандырылып, дағдыларға айналады. Осы дағдылардың негізінде жаңа, жалпыланған білімдер, дағдылар мен икемділіктер қалыптасады.
Дағдылардың қалыптасуы төрт сатыдан тұрады. Бұл сатылар моторлық дағдыларда айқын көрініп, дәл осы дағдыларды зерттеген кезде белгіленген. Дегенмен, дағдылар қалыптасуының негізгі сипаттамалары моторлық, сенсорлық және зерделік дағдыларға ортақ болады.
Алғашқы саты. Дағды бағдарламасы қалыптасып, бөлек іс-қимылдар компоненттерге бөлінеді, бағыттану қимылдары жасалынады. Ақпарат артық болады. Бағыттану қимылдары арқылы белгілі әрекетке қажетті ғана ақпарат таңдалынып, алынады;
Аналитикалық саты. Іс-қимылдарды бөлек етіп, әрбір қимылдың күші, шамасы, ұзақтылығы сезімді түрде тексерілінеді. Бөлек қимылдар қалыптасып, жеке байланыстар анықталады. Қабылдау көлемі шамаланып, кедергі байқалынбайды;
Синтетикалық саты. Қимылдың бөлек элементтері бірігіп, біртұтас сенсорлық өріс пайда болады. Бұл сатыда қимылдарды жалпыланған бейне реттейді, бейнеде қимылдардың реті, арақатынасы, иерархиясы көрінеді;
Автоматтандыру сатысы. Артық қимылдар жойылып, бұлшық еттер- дің артық шиеленісі тарқайды. Зейін қимыл процесінен оның нәтижесіне ауысады. Қимылдар бақылауы көруден енді иіс сезу мен кинестезияға аударылады. Орындалатын қимылдардың ырғағы мен темпін адам өз еркімен өзгерте алады.
Әрекет көпке дейін атқарылмаса, дағдылар деавтомацизациясы пайда болуы мүмкін. Жаттығудан кейін олар бұрыңғы қалпына түседі.
Дағдылар қалыптасуына көп рет қайталау әсерін тигізеді. Бұндай жағдайда іс-қимылдар трансформацияланып, саналы мақсаттылығын жоғалтып, автоматтандырылып, дағдыға айналады.
Содан кейін, А.Н. Леонтьев зерттеулері бойынша, осы іс-қимыл одан да күрделі біртұтас әрекет құрылымына еніп, соңына дейін қорытылады. Өз мақсаты бар дербес іс-қимыл одан да кең мақсатқа жету үшін қолданылатын, сондықтан сана бақылауымен ғана атқарылатын бөлек операцияға айналады. Игерілетін іс-қимыл жалпылануының кейінгі жоғар- лауы өзгеріп, әртүрлі орындау әдістерінде қайталануы арқылы жүзеге асады.
Икемділік пайда болу үшін әрекет шарттарын біртіндеп қиындату мен өзгертуге негізделінетін жүйелі жаттығулар керек болады. Сонымен, оқыту жағдайларының өзгергіштігіне бейімделу, жаңа шарттарда жеңіл қолданатын икемділіктерді қалыптастыру қажетті факторы болып табылады.
Еңбек – қоғам және тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс материалды және рухани жағдай тудыруға бағытталған адамдардың сана- лы іс-әрекеті. Еңбек мәнінің келесі негізгі белгілерін бөліп қарастыруға болады:
еңбек – өмірдегі негізгі іс;
тұлғаның өзіндік өмірінің және қабылдауының негізі;
мамандықтың әлеуметтік жағдайы мен беделі;
қажетті кіріс (табыс);
еңбекпен қамтамасыз ету;
әлеуметтік байланыстар;
қоғамға қызмет ету әдісі;
тұлға дамуының әдісі.
Өндіріс дамуымен қатар, жаңа технологияларды енгізумен байла- нысты еңбек мәнінің зерттеу міндеттері пайда болды. С.А. Куантанилла және Б. Вилперт еңбекті ұйымдастырудың әртүрлі кезеңдеріндегі жаңа технологиялар мен өзара байланысты реттестіріп төмендегідей деңгейлерді бөліп қарастырды:
индивидуалды деңгей – жаңа технологияларды енгізу еңбекті түр- лендіру мүмкіншілігіне әкеледі;
топтық деңгей – әлеуметтік өзара қатынастардағы тұлғалық фак- торлардың әлсіреуі, тікелей байланысқа деген қажеттіліктің азаюы т.б.
ұйымдастырушы деңгей – еңбекті адамдар арасында дұрыс бөліп
беру.
әлеуметтік деңгей – жаңа технологиялардың және өндірістің көте-
рілуіне әсерін тигізеді.
Енбектің негізгі белгілері.
Еңбек нәтижесінің мән-мағыналылығын саналы түрде сезіну. Осының бірнеше көрсеткіштері бар:
а) еңбек атқарушысы еңбек нәтижесіне қойылатын талаптарға сай білімдерді сезінуі тиіс;
ә) еңбек нәтижесінің адамның өзіне және қоғамға әкелетін пайдалы- лығын сезіну, білу;
б) еңбек әрекетінің барысындағы еңбек етуші адамның эмоциялық көріністері және функционалды күйлер белгілері (шаршап-шалдығу, қажу, жандану, стрестік қалыптар т.б.).
Тағайындалған нормаларға сәйкес еңбек әрекетін атқару қажет- тілігін саналы түрде сезіну:
а) еңбекті белгілі қағида бойынша атқаруды саналы түрде сезіну;
ә) еңбек субъектісі өзінің эмоциялық қалпын және оның сана деңгейіне сәйкес немесе сәйкес емес екенін сезіну.
Кәсіби мамандыққа және еңбектің мақсатына сәйкес құралдарды және әдіс-тәсілдерін саналы түрде аңғара алу:
а) еңбек ету үшін адамның қажетті білгірлік деңгейі болуы тиіс (заттар мен еңбек құралдары, еңбек субьектілері арасындағы түрлі байла- ныстар туралы хабардар болуы);
ә) кәсіби дағдылар мен іскерліктердің қалыптасу деңгейі;
б) еңбек субъектісінің кәсіби дайындығына сай эмоциялық көрсет- кіштерінің сәйкес болуы.
Тұлғааралық қарым-қатынастарды сезіне алу (басқа мамандардың, өзге адамдар әсері бар екенін білу).
Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттан- дырылады. Еңбек – адам тіршілігіндегі маңызды қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажет- тілігінде тәрбиелеу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек – адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |