«КӘсіби психология» пәні бойынша 050120 «Кәсіптік оқыту»


Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5



бет7/12
Дата13.02.2020
өлшемі0,61 Mb.
#57928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
кәсіби қызмет псих

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5.


Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.

7 Дәріс. Оқушылардың еңбек қызметін ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері
Өскелең ұрпақты еңбекке даярлаудағы әлеуметтік тапсырыс бұл мәселенің психологиялық аспектісін зерттеудің өзектілігін белгілеп отыр.

Кәсіби қалыптасу мәселесіне Д. Сьюпердің кәсіби даму стадиялық теориясы қызығушылық танытады. Д. Сьюпер бес стадияны қарастырды: пайда болу, зерттеу, консолидация, сақталу және құлдырау. Зерттеу- шілердің көпшілігі кәсіптік бағдарлау процесінде екі кезеңді белгілейді. Бірінші кезең тұлғаның мамандық әлеміне бағдарлануына ұмтылумен, олардың мазмұны туралы өзінде түсінікті қалыптастырумен сипатталады. Ал екінші кезең тұлғаның кәсіптік әрекетті меңгеруге ұмтылумен, нақты бір кәсіптік топтың құрамына енумен сипатталады. Бірінші кезеңде тұлға өзінің ақпаратталған деңгейіне қанағаттанады, ал екіншісінде – өзінің мамандыққа жақындасуына немесе жұмысқа қабылдауына қанағаттанады.

Дж. Голланд 6 кәсіптік топтарды немесе әрекет типтерін анықтады: моторлы (жүргізушілер, машинистер), интеллектуалды (зерттеушілер),

ұстамдылар (мұғалімдер, дәрігерлер), келісуші (хатшылар, мекеме қызмет- керлері), көндіруші (сауда қызметкерлері, бизнесмендер), эстетикалық (музыканттар, суретшілер). Оның ойынша, әрбір кәсіптік топ өзіндік мәселелерімен, орындайтын рольдерімен ерекшеленетін спецификалық образ.

Әлеуметтік зерттеулер бойынша жастардың мамандық таңдауының басты түрткілері: мамандыққа деген қызығушылық, өз білім деңгейінің көтеру болашағы, жаңадан бір нәрсені ойлап табуға деген құлшыныс.

А.Г. Ковалевтің көрсетуінше жеткіншектердің мамандық таңдауы екі белгімен сипатталады: 1. Таңдалатын мамандықтың эмоционалдық тартымдылығымен; 2. Жеткіншектердің қабілеттері мен икемділіктерінің сәйкес келуімен.

Мамандықтың беделділігі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері негізінде басты белгі ретінде қалыптасады. Мамандықтың беделді- лігіне әсер ететін жағдайлар мыналар болып табылады: еңбек механиза- циясының деңгейі, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы, материалдық қамтамасыз етуі, интеллектуалдық мазмұны т.б.

Ю.К. Васильев еңбек тәрбиесі процесінде кезеңдік кәсіптік бағдар- лауды ұсынды:



  1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын зерттеу.

  2. Оқушылардың белгілі бір әрекет түріне бағдарлануы.

  3. Кәсіптік қызығушылықтарды қалыптастыру.

  4. Кәсіптік таңдау жасау.

А. Климов кәсіптік жарамдылықтың төрт деңгейін атап айтты:

  1. Қандай да бір мамандыққа жарамсыздық. Кейде ол уақытша болуы мүмкін.

  2. Мамандыққа жарамдылық.

  3. Әрекеттің аймағына сәйкестілік.

  4. Әрекеттің кәсіптік аймағына құлшыныстылық – бұл адамның кәсіби жарамдылығының ең жоғарғы деңгейі.

Б.А. Федоришин кәсіптік бағдарланудағы адамның саналы мамандық таңдауының үш компонентін көрсетті: кәсіптік ақпарат, кәсіптік кеңес және бастапқы кәсіпті таңдау. Кәсіптік ақпарат барлық мектептік кәсіби бағдарлау жұмысының орталық элементі болып табылады. Кәсіби ақпарат

– бұл оқушыларда түрлі кәсіптік әрекеттер туралы жағымды көзқарасты қалыптастыру. Кәсіптік кеңес – оқушыға мамандық таңдауға көмектесу.

Көптеген психологтар кәсіптік бағдарланудың төрт негізгі компо- нентін бөліп қарастырады: кәсіптік ақпарат, оқушылардың психофизио- логиялық қасиеттеріне талдау жасау, кәсіптік бағдар және мамандық таңдау. Олар кәсіптік бағдарлануды принциптер, әдістер туралы арнайы ғылым ретінде анықтады. Кәсіптік бағдарлану – арнайы фазалары бар ұзақ процесс: дайындық, қалыптастырушы, бағыттаушы және бекітуші.

Е.А. Климов бойынша кәсіпке жарамдылық мәселесін шешу үшін алдымен адам мен мамандық арасындағы сәйкестіктерді анықтау мен келесі ерекшеліктерді ескеру керек деген:



    1. Жұмыс орнының жағдайлары.

    2. Адамдардың қабілетіне сәйкес жұмыстарды белгілеу.

    3. Жұмысты атқару кезінде нақты функцияларды адамдардың қабілетіне сай ажырату.

    4. Кәсіби іріктеу жұмысын жүзеге асыру.

К.М. Гуревич инженерлік психологияда кәсіптік жарамдылық мәсе- лесімен айналысқан. Оның пікірі бойынша, адам өз жұмысында жоғары көрсеткіштерге жетуі үшін ол ең алдымен өз жұмысынан қанағат алуы керек.

Л.В. Котелова өзінің зерттеуі бойынша, мамандықтарды 4 түрге бөліп қарастырады:



  1. Адамға күнделікті психофизиологиялық талаптар қоятын маман- дықтар (мысалы: космонавтар);

  2. Ұзақ мерзімді дайындықты талап ететін мамандықтар (мысалы: дәрігер);

  3. Қиын және қауіпті жағдайларда жұмыс атқаратын мамандықтар, (өрт сөндіруші);

  4. Жеке адамның арнайы қабілеттерін қажет ететін мамандықтар (музыкант).

Б.Ф. Ломов инженерлік психологияда кәсіби іріктеу мәселелерін зерттеген. Кәсіби іріктеуді арнайы әдістер арқылы зерттеп, оны адамның қабілеттерімен байланыстырған. Оның айтуынша, қабілет дегеніміз – адам қасиеттерінің кешені болып табылады. Осы қасиеттердің көмегімен белгілі бір әрекет түрін табысты игеруге болады.

Кәсіби іріктеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады.



  1. Профессиография, еңбек процесіне талдау жүргізу.

Мақсаты: мамандыққа қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді анықтау. а) денсаулыққа қойылатын медициналық талаптар;

б) білім деңгейі;

в) психофизиологиялық талаптар (нерв жүйесі, ес, зейін, эмоцио- налды тұрақтылық).


  1. Кәсіби жарамдылықты бағалайтын әдістерді таңдау, іріктеу және өңдеу (сұрау, құжаттарды талдау, бақылау, кәсіби жарамдылықты анық- тайтын қасиеттер, еңбек әдісі, т.б).

  2. Әдістердің сенімділік деңгейін тексеру.

  3. Тікелей тексеру – математикалық статистика жүргізу мен сандық қорытынды жасау.

Еңбекке жарамдылық – адамның еңбек әрекетін атқаруға қажет болатын негізгі ерекшеліктері (физикалық және психикалық ерекше-

ліктер). Ал, кәсіпке жарамдылық – адам атқаратын белгілі бір жұмысқа керек болатын қасиеттері мен мүмкіндіктерінің сәйкес келуі.

Кәсіпке жарамдылықтың келесі сипаттамаларын көрсетуге болады:


  1. Физикалық мәліметтер және денсаулық жағдайы;

  2. Кәсіби әрекет барысында біліктілікті арттыру (өндірістік тәжіри- бесі, өндірістік тапсырманы орындай алу қабілеті);

  3. Саяси білгірлік және қоғамдық белсенділік (саяси мәселелерге көзқарас;

  4. Жұмысқа қабылдаудың әкімшіліктік-құқықтық негізі (адамның белгілі жұмысқа сәйкес болу, болмауы, жынысы, жасы және т.б);

  5. Психикалық ерекшеліктер мен қабілеттер (еңбектегі жаңа жағдай- ларға жауап беру тәсілі);

  6. Тұлғалық және кәсіби сапалары;

  7. Тұлғаның мақсаты және еңбек мотивациясы (өмірлік мақсат, өнді- рістік жоспар);

  8. Индивидуалды бейімделу және жұмыс кезіндегі жүріс-тұрыс ерекшеліктері;

  9. Жұмыстан тыс уақыт мезгіліндегі өмір бейнесі (жүріс-тұрыс нормасы, өмір стилі).

Мамандық таңдау мотивациясының теориялық және әдістемелік мәселелерін В.В. Ярошенко қарастырды. Мамандық таңдаудың мотива- циясы-өзара әрекеттесетін күрделі түрткілер комплексі. Мұнда мамандық таңдайтын оқушының рөлі шешуші болып табылады. Өз күші мен қабілеттерін көрсетуге тырысу, өзінің кәсіби жарамдылығын бағалау мамандық таңдаудағы жетекші түрткілердің біріне айналды. Автор саналы таңдаудың негізін құратын мамандық таңдау түрткісінің үш негізгі комплексін көрсетті: қызығушылық, міндет, кәсіптік жарамдылық. Ол мамандық таңдау түрткілерінің жіктелуін, түрткілердің өзара байланысын, оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды, оқу-тәрбие процесінде оларда мамандық таңдау түрткілерін қалыптастыру жолдарын қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет