Қосымша әдебиеттер: 4, 5.
3-дәріс. Кәсіби қызмет процесінде адамды кешенді зерттеу
«Адам-техника», «Адам-табиғат», «Адам-белгі», «Адам-шығарма- шылық бейне» және «Адам-адам» жүйелеріндегі еңбек әрекеттерінің ерекшеліктері.
Техникалық өркениеттің дамуынан бастап адамдардың көпшілігі өндіріс және техниканы басқаруда кейбір кәсіби міндеттерді тиімді орындай алмайтындығы байқалған. 1950-1960 жылдарда «Адам факторы» техникалық жүйелердің ойдағыдай қызмет ету себептерінің негізгісі ретін- де ажыратылған. Түрлі категориялардағы басқарушылардың кәсіби міндет- терінің ұдайы күрделенуі (басшылар, менеджерлер) осы саладағы атқары- латын кәсіби әрекеттерге психологиялық іріктеуді қажет етті.
Шетел сарапшыларының бағалауы бойынша, адамдарды алдын ала сынауды (тест) енгізуден кейін өндірісте және көліктердегі апаттар 40-70 пайызға азайған; басқару жүйелерінің сенімділік деңгейі 20-25 пайызға көтерілді; мамандарды даярлауға кететін шығындар 30-40 пайызға азаяды.
«Адам-техника» жүйесіндегі мамандықтарды психологиялық іріктеу- дің міндеттері салыстырмалы алгоритмдерді қолдану кезінде нәтижелі орындалады. Олардың қолданылуы бірнеше шарттармен байланысты. Оператор еңбек әрекетінің және техникалық құралдарының инженерлік- психологиялық жобалануында, шешім шығару уақытына, жұмысқа жарам- дылық деңгейінің өзгеруі, зейіннің төмендеу мерзімі мен көлемін анықтай-
тын стандарттар есепке алынады және кейбір жағдайларда еңбек атқару- шының анатомиялық ерекшеліктері ескеріледі. Адамның психофизио- логиялық ерекшеліктеріне техникалық құралдардың бейімделу жағынан қарастыру еңбек тәртібі мен демалыс күндерін үнемдеу, еңбек әрекетінің белсенді субъектісі ретінде қарастыру жұмысшының кәсіби жарамдылы- ғына қойылатын талаптардың қатаңдығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Әзірше, "ерекше" мамандықтар, немесе К.М. Гуревич бойынша бірінші типтік мамандықтар және экстремалды, субэкстремалды шарттар- дағы мамандықтар ғана ескерілмеді.
«Адам-табиғат», «Адам-белгі», «Адам-шығармашылық бейне» қаты- настарға сай мамандықтар өрісіндегі еңбек субъектісіне қойылатын талап- тар кәсіби таңдау саласындағы формализациялар әлі де толық бейімдел- меген. Осылардың арасынан "адам-белгі" типтес мамандық біршама формализацияланған. Мамандықтың күрделілігімен және кәсіби биліктің өсуімен бірге жасампаздық факторы, индивидуалды стильдің қалыптасуы, қандай да бір даму фазасында ұйым өмірінің әлеуметтік-психологиялық құбылыстары мен еңбек әрекеттеріндегі функцияларын үйлестіру қоса жүзеге асады. Мысалы: есепші мен корректордың кәсіби маңызды сапасын ажырату қиын емес болса, редакция меңгерушісі мен баспа бөлімінің бастығын және бас есепшінің кәсіби маңызды сапасын стандартты психо- логиялық тестер арқылы сынау айтарлықтай күрделі. Еңбек барысындағы еңбек орны психикалық функцияларын компенсациялау механизмін пайдалану және еңбек функцияларын қайта үлестіру арқылы нәтижелі еңбек әрекетінің мүмкіндіктері кеңейе түседі.
«Адам-адам» типтес мамандықтың психограммалары мен профес- сиограммалары әдетте тек еңбек әрекетінің сапалы сипаттамаларын ғана бейнелейді. Субъект атқаратын әрекетінің барлық әлеуметтік-психоло- гиялық шарттарын алдын ала қарастыру әлеуметтік-психологиялық құбы- лыстардың жоғары динамикалығы мен ерекшеліктеріне байланысты күрделі болады. Мысалға, ұйымдағы кәсіби шебердің еңбек әрекеті көбінде оның формалды құрылымымен (басқару деңгейінің саны, қарым- қатынасты қадағалау) және басқару мәдениетінің тұлғалық ерекшелік- терімен анықталады. «Адам-адам» типтес мамандықтағы субъектінің кәсіби әрекетінің табыстылығы оның нәтижелігіне ғана байланысты бола бермейді. Ол әдетте интегралды құбылыс болып табылады (іс-әрекеттің сандық және сапалы көрсеткіштері, психофизиологиялық шығындар, еңбегіне қанағаттану, адамның өз еңбегі мен жалақысына беретін бағасы, әріптестері мен басшылықпен өзара қарым-қатынасы, олардың субъект еңбегіне берген бағасы және т.б.).
Кәсіптердің психологиялық зерттеу әдістері – еңбек ортасының ерек- шеліктері мен оның адамға қоятын талаптары, еңбек субъектісі және оның талап ететін еңбек шарттары туралы ақпарат жинау және ақпаратты реттеу
әдістері. Профессиографияда әдетте сұрау, бақылау, эксперимент, өзін-өзі бақылау, құжаттар анализы, функциялар мен себептер тіркеу пайдаланады. Деректер алудың барлық көзін пайдалана отырып ғылыми әдістердің негізгі құралдары: олар – бақылау, сауалнама жүргізу, эксперимент, қыз- мет (шығармашылық) нәтижесінде туған өнім, тестілеу, социометрия, т.б. Ғылыми танымның деңгейіне байланысты – теоретикалық немесе эмпирикалық әдістер ретінде анықталады. Көбінесе эмпирикалық әдіс
қолданылады.
Әңгімелесу – адам туралы онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсаты бағытталған сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде мәліметтер (ақпараттар) алудың эмпирикалық әдісі. Жүргізуші оның мақсаты туралы зерттелінушіге айтпайды. Жауаптар (мүмкіндігінше әңгімелесушілердің назарын аудармай) дыбыс таспасына жазу немесе тез жазып отыру, стенография арқылы тіркеліп отырады. Әңгімелесу – адамды зерттеудің дербес әдісі, сонымен қатар көмекші әдіс, мысалы, эксперимент пен терапияның алдын алушы әдіс бола алады.
Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар, т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады. Әңгіме- лесу, сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.
Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік-психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау – кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс. Сауалнама құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны, 2) олардың түрі-ашық немесе жасырын, соңғысына «иә» немесе
«жоқ» деп жауап беру қажет, 3) олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмейді, т.б.), 4) сұрақтардың саны мен реті ескеріледі.
Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтық бола алады, алайда кез келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс: іріктеудің көрнекілігі мен біркелкілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.
Эксперимент – ғылыми зерттеуде кеңінен таралған эмпирикалық әдіс. Эксперименттің зертханалық түрін (арнайы жағдайларда, аппаратура пайдалану, т.б.) және әсерін зерттеу үшін арнайы ұйымдастырылған, оқытудың, өмірдің, еңбектің кәдімгі жағдайларында жүргізілетін табиғи эксперимент түрлерін ажыратады.
А.В. Петровский атап өткендей, зерттеу әдісі ретіндегі экспери- ментте сыналушы оның мақсаты жөнінде білмейді. Эксперимент жүргі- зуші зерттеудің мақсатын анықтап, болжам ұсынып қана қоймай, зерттеуді жүргізу жағдайы мен зерттеу түрін де өзгерте алады. Эксперименттің нәтижесі арнайы хаттамаларда қатаң және дәлме-дәл тіркеліп отырылады,
онда сыналушының аты-жөні, ол туралы қажетті мәліметтер, күні, уақыты, мақсаты белгіленеді. Эксперименттің деректері сандық өңдеуден өтеді (факторлық, корреляциялық талдау, т.б.), сапалық түсінік беруден өтеді. Эксперимент жеке, топтық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бола алады.
Құжаттар талдау. Зерттелетін өндіріс технология кітаптарымен танысу, басылымдардағы мақалаларды зерттеу, нұсқаулар, лауазымдық бұйрықтарды, т.б. жазбаша құжаттарды қарастыру еңбек әрекетінің жалпы ерекшеліктерін анықтап, мынадай шараларды қолдануға мүмкіндік береді:
негізгі кәсіптік міндеттерді, еңбек операциялары мен режимдер сипаттамаларын белгілеу;
мамандармен әңгімелесу мен оларды бақылау жоспарларын дайындау;
жұмыс орнын ұйымдастыру;
күрделі оқиғалар, төтенше жағдайлар, өндірістік ақау, кәсіптік зақымдану оқиғаларды статистикалық талдау;
әрбір жұмысшыға жеке дара көзқарас салысынан қатынасу.
Сұрау әдісі. Зерттеу мақсатына, сұрауға қатысатын адамдар санына, техника мен уақыт мүмкіншіліктеріне байланысты сұрау әңгіме немесе анкета арқылы өтеді. Әңгіме артықшылығы – ол еркін түрде өтіп, түсінік- сіз жерлерді анықтауға болады. Сұрауға әртүрлі мамандар қатысады. Оның қиын жері – адам табысты жұмыс атқарса да, ол өз әрекетін анық, толық түрде сипаттала алмауы мүмкін. Сондықтан толық ақпарат жинау үшін сұрау алдында тиянақты дайындалу қажет.
Бақылау әдісі. Бақылау арқылы жұмысшылардың еңбек өзгешелік- терін, әртүрлі операциялар орындау барысын, әрекеттің жеке дара стилін, адам психикасының сыртқы көріністерін, әртүрлі тұлға ерекшеліктерін анықтауға болады. Оның сыртында еңбек процесіндегі қарым-қатынастар, техникамен айналысу қабілеті байқалынады. Кәсіп әрекетін психология- лық талдау барысында оның өндірістік-техникалық құрылымы айқында- лады: кәсіптің адам әрекеті мен жүріс-тұрысына қоятын талаптары анықталады.
Бақылау салыстырмалы түрде өтеді:
жұмыс тиімділігі жоғары және төмен жұмысшылар салыстырылады;
жоғары тәжірибелі және жаңадан келген адамдар;
жоғары сапалы өнім және өнімді ақау шығаратын жұмысшылар;
өнім сапасы;
операциялар, тәсілдер мен амалдар салыстырылады.
Бақылау әдетте хронометражбен бірге қолданып, әртүрлі іс-қимыл- дар орындау уақыты тіркелінеді. Оның сыртында «фотография рабочего дня» деп аталатын әдіс пайдаланады: еңбек әрекетінің реті, әртүрлі жұмысқа, дем алуға кететін уақыт тіркелініп, бүкіл жұмыс күні бойы пайдалы және пайдасыз жұмсалатын уақыт анықталады.
Өзін-өзі бақылау. Ол екі түрде өтуі мүмкін:
1. Маманның өзі-өзіне есеп беруі. Бұл жағдайда маманға «дыбыстап ойлау», яғни әрбір операцияны, құралдармен жасайтын әрекетін, әрбір сигнал қабылдау процесін айтып отыру тапсырмасы беріледі. Бақылаушы адамға оқушы ретінде әрбір іс-қимылды түсіндіру керек болады. Алғаш- қыда өзі-өзіне есеп беру кезінде бақыланатын объекттер саны аз болып, одан кейін көбейе бастайды. Жаңа жағдайға үйренуімен байланысты белгілі қиыншылықтардан өткеннен кейін мамандар өз әрекетін еркін, толық түрде айтып бере алатынын практикада көрсетеді. Кейбір кездерде әрекет вербализациясы адамның түсінбеген міндеттерін санаға енгізп, оны ұғынуға себепші болып, нәтижесінде еңбек тиімділігі көтеріледі.
Маманның өзі оқушы ретінде кәсіпті жүйелі түрде үйреніп, еңбек дағдыларын игеріп, еңбек субъектісі ретінде өркендейді. Бұл әдіс еңбек әрекетіне бейімделу процесінің ерекшеліктері мен қиыншылықтарын анықтауға жәрдем береді. Оны еңбектік әдіс деп атап, қарапайым, үйренуі жеңіл, көп уақытты талап етпейтін кәсіптерге қатысты пайдаланады. Күрделі әрекетті зерттеген кезде бөлек еңбек операциялары, сатылары анықталып, еңбектік сынақтар өткізіледі.
Еңбектік әдіс кемшіліктеріне қарамай (психолог бақылауларын жұмыс күні аяқталғаннан кейін, шаршау күйінде тіркеген көп нәрсені есінен шығарып алуы мүмкін болады), осы әдіспен жиналған ақпарат маңызды, сенімді болып табылады, өйткені психолог жұмысшыда белгілі психикалық актілер болатынын жобалап қоймай, олардың бар екенін анық біледі, өйткені оларды психолог өз басынан кешеді, олар оның тәжіри- бесінде бар болады.
Эксперимент әдісі. Профессиография барысында өткізілетін экспери- мент дайын психограмманы тексеру үшін қолданылады. Бұл мақсатпен әртүрлі кәсіптік дайындығы бар мамандарды бірнеше топқа бөледі. Арнайы әдістемелер, құралдар, сауалнамалар арқылы әрбір топ мүшеле- рінің бағыттану психограммасында кәсіпке маңызды болып көрсетілген қасиеттері зерттелінеді. Эксперимент нәтижелері жұмыс табыстылығымен салыстырылады. Мысалы, жақсы жұмысшылардың көбі белгілі бір қасиетті зерттегенде жоғары көрсеткіштерге жетіп, ал нашар, табысты- лығы төмен жұмысшылар қасиеттері төмен деңгейде болса, осы зерттелінген қасиет кәсіп үшін маңызды болып табылады. Өндірістік эксперимент әрқашанда сыналушының табиғи жағдайында, яғни жұмыс орнында жасалынады.
Өндірістік экспериментте бақылауға көнбейтін, кездейсоқ факторлер көп болады. Оның сыртында, сынау өндірістік процеске кедергі болмай, қысқа мезгілде өтуі керек.
Тұлғалық әдістер. Бұл әдістер еңбек субъектісінің жай бақылау арқы- лы анықталмайтын тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуге бағытталған. Кәсіп- тік табыстылық негізінде жататын әртүрлі қасиеттер мен тұлға қатынас- тарының көптеген көріністері болады. Оларды адамның өзі (көптеген
сұрақнамалар мен тестілерде) немесе басқа адамдар (тәуелсіз сипаттама әдісі) бағалайды.
Осы бағалар бойынша экспериментатор қызметкер тұлғасының қасиеттері туралы қорытынды жасайды. Дегенмен, бұл қасиеттер өмірлік жағдайға орай өзгеруі мүмкін.
Еңбек процесін алгоритмдік сипаттау әдісі. Бұл әдіс жиналған ақпа- ратты реттеу амалдарына жатады. Алгоритм дегеніміз – белгілі міндетті, тапсырманы орындауға әкелетін, жазбаша түрде немесе графикті, символ- дар арқылы белгіленетін іс-әрекет реті. Әдіс іс-қимыл барысын ықшам түр- де көрсетіп, олардың арақатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Толық- тығы, нақтылығы, жүйелілігі арқасында алгоритм жұмысшылар операция- сын бақылап, еңбектің қандай сәтінде төтенше, ерекше оқиғалар жиі пайда болатынын, қандай операциялар автоматтандыруды талап ететінін, т.б. құбылыстар айқындалады.
Алгоритмдерді озат тәжірибені қарастыру мен таратуда, жұмысшы- лар дайындауда, еңбек нормаларын белгілегенде пайдаланған жөн болады.
Құрылымдық әдіс. А.И. Губинский ұсынған құрылымдық әдіс еңбек әрекетін негізгі және қосымша операциялардан тұратын құрылым ретінде қарастырып, операциялардың уақыт пен сенімділік сипаттамалары зертте- лінеді. Осы әдістің негізгі принциптерінің бірі – иерархия қағидасы. Адам әрекеті бірнеше деңгейде қарастырылады:
оперативтік деңгейде – орындалатын міндеттер арақатынасының құрылымы ретінде;
бір тапсырманы орындау деңгейінде – алгоритмдер арақатынасы- ның құрылымы ретінде;
алгоритм деңгейінде – операциялар арақатынасының құрылымы ретінде;
операциялық деңгейде – оның компоненттері қарастырылады.
Структуралық әдісті пайдалану кезінде бірқатар қиыншылықтар туады. Мысалы, құрылымның сыртқы себептермен байланыстылығы, ойлау әрекетін анықтауға болмайды.
Жүйелі талдау. Кәсіптік әрекеттің жүйелі талдауының ең лайықты әдісін В.Д. Шадриков жасаған. Ол жүйелі бағыт методологиясына сүйеніп, әрекетті бірнеше деңгейде зерттеген жөн болады деген.
Тұлғалық – мотивациялық талдау – бір жағынан, тұлға қажеттілік- терін зерттеу, екінші жағынан, кәсіптік әрекеттегі осы қажеттіліктердің қанағаттану мүмкіндігін анықтау. Осы екі аспектің бірі-біріне сәйкес келуі еңбек әрекетінің мотивациясын белгілейді.
Компоненттік – мақсатталған талдау бойынша еңбек әрекетінің жал- пы құрылымындағы әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен мағынасы анықталып, оның сыртқы жағын ғана емес, сонымен қатар ішкі, әрекет атқаруға
қатысты психикалық процестер мен жұмысшының психикалық қасиетте- рінің жүзеге асуымен байланысты болатын жағын да айқындау керек.
Құрылымды-функциональдық талдау барысында әрекеттің біртұтас құрылымы ішіндегі бөлек іс-қимылдар арақатынасының ұйымдасу меха- низмі мен принциптері анықталады.
Ақпараттық талдау кезінде адам өз жұмысын соларға сүйеніп, бағыт- талып орындайтын әрекет белгілері зерттелінеді, олардың практикалық маңыздылығы мен көріну динамикасы қарастырылады, әрекетке қажетті ақпарат алу жолдары анықталады, ақпаратты уақытында ұйымдастыру ережелері қалыптастырылады.
Талдаудың психофизиологиялық деңгейінде әрекетке қатынасатын физиологиялық жүйелер айқындалады.
Индивидуалды (жеке дара) – психологиялық талдау жұмысшы тұлғасының барлық көріністерін, белгілерін зерттейді.
Әрекетті сипаттаудың көрсетілген деңгейлерінің араласу нәтиже- сінде әрекет көпдеңгейлік, көпқұрылымдық құбылыс ретінде көрінеді.
Сонымен, кәсіптік әрекет зерттеуі екі түрде өтуі мүмкін. Бірінші сатысында профессиограмма және адамға қойылатын талаптар сипатта- лынады. Екінші сатыда еңбек субъектісі компоненттерінің қатынастығы анықталады.
Іс-әрекет (шығармашылықтың) өнімінің талдауы – адамды оның іс- әрекетінің материалдық және идеалдық (мәтіндер, музыка, бейнелеу, т.б.) өнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Бұл әдіс (көбінесе ішкі түйсікпен) педагогикалық тәжірибеде оқушылардың мазмұндамаларын, шығармаларын, түсініктемелерін, жаса- ған баяндамаларын, суреттерін, т.б. талдау түрінде кеңінен пайдаланы- лады. Алайда, ғылыми зерттеу барысында іс-әрекет өнімінің талдау әдісі әрбір ерекше өнімнің (мысалы, мәтіннің, суреттің, музыкалық шығарма- ның) мақсатын, болжамын және талдау тәсілдерін ұйғарады.
Сонымен қатар, тестілеу әдісін пайдалану кеңінен таралып келеді. Тестілеу, – дәлірек айтқанда, – психодиагностикалық процедура және
«...пайдаланушы психодиагностикалық әдістер арқылы психологияның моральдық-этикалық кодексінен туатын бірқатар міндеттер алады».
Ғылыми танымдық деңгейі – теоретикалық немесе эмпирикалық. Оларға сәйкес теоретикалық зерттеу әдістері (аппроксимация, аксиома- тизация, экстраполяция, модельдеу, т.б.) және эмпирикалық зерттеу әдісі (байқау, әңгіме, эксперимент, тест, т.б.) ажыратылады.
Зерттеуші-педагогтің объектімен әрекеттесуінің сипаты. Бұған: а) объектіні зерттеу (теоретикалық және эмпирикалық зерттеулердің атал- ған барлық әдістері); б) алынған деректерді өңдеу (сапалық және сандық, онда корреляциялық, факторлық, кластерлік талдау, т.б. әдістері), матема- тикалық-статистикалық өңдеудің әртүрлі деңгейлері. Зерттеуден сенімді
нәтижелер алу үшін деректерді өңдеу сипаты маңызды, әсіресе, сандық (статистикалық) талдау, нақтылап айтқанда, ары қарай алынған нәтиже- лердің сенімділігі, маңыздылығы және валидтілігі (мысалы, Стьюденттің өлшемі, хи-квадрат, т.б.) сияқты әртүрлі өлшемдер бойынша деректерді өңдеу. Зерттелінетін құбылыстардың арасындағы байланыстың сипатын немесе оның біреуінің басқалармен бірге алғанда меншікті салмағын анықтау үшін корреляциялық және факторлық талдау әдістері пайдаланылады.
Алайда, жалпы кез келген ғылымда, зерттеу нәтижелерін матема- тикалық өңдеудің маңыздылығын атағанның өзінде сапалық, яғни түсінді- рушілік, мазмұндық талдау ең бірінші кезектегі және ауыстыруға келмей- тін талдау екені белгілі. Объектіні зерттеушілік әрекеттер негізі бойынша (зерттеу әдістері мен мәліметтерді өңдеуден кейін) алынған мәліметтерді ұсыну, көрсету әдістері: кестелер, графиктер, схемалар, гистограмалар, т.б. ұсыну әдістерінің әрқайсысын таңдауға негізделген және міндеттерге сәйкес болуы керек.
Зерттеудің мақсаты мен ұзақтылығы: а) объектінің, процестің, құбы- лыстың өзекті жағдайы туралы деректер алу; б) олардың уақыт өткен сайын өзгеру динамикасын қадағалау. Психологиялық білімнің басқа сала- ларындағы әртүрлі әдістер арқылы объектіні зерттеу процесі – конста- тациялау, диагностикалау мақсаттарын көздейтін қысқа мерзімді бола алады. Алайда, ол тұлғаның психологиялық білімінің, оған тән қасиетте- рінің, т.б. дамуын, генезисін анықтауға бағытталған өте ұзақ (бірнеше жылға дейін, мысалы, баланың дамуын күнделік жазбалары арқылы қадағалап байқау) процесс бола алады. Осы негіз бойынша, екі әдіс бөлініп шығады – көлденең қима әдісі және лонгитюдтік әдіс (ұзақ мерзімді). Бірінші әдіс арқылы оқытушы көп материалдардың негізінде, мысалы, оқытудың жалпы сипаттамасын, оның орташаға тәуелділігін, «нормалар» және одан ауытқушылықтар, әртүрлі негіздемелер бойынша оқытушы- ларды жасы, оқудағы табыстылығына байланысты бөлу арқылы оқытудың жалпы сипаттамасына қол жеткізе алады. Лонгитюдті әдіс құбылыстың даму тарихын, оның пайда болуы мен қалыптасуын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің көлденең қима әдісі алдындағы артықшылығы «...екі проблеманы шешуде көрінеді: 1) психикалық өрістеудің ары қарай дамуын көре білу, психологиялық болжамды ғылыми тұрғыдан негіздемелеу;
психикалық дамудың кезеңдері арасындағы генетикалық байланысты анықтау».
Зерттеу объектісінің өзіне тән ерекшеліктері объект ретінде кімді немесе нені қарастыруға байланысты: а) адамдардың өздері, олардың психикалық процестері, жағдайы, психологиялық қасиеттері, олардың әре- кеті, яғни құбылыстың өзі; б) адамдар әрекетінің өнімі, олардың «заттан- дырылған өнімі» немесе в) адамның іс-әрекетінің және мінез-құлқының,
оның ұйымдастырылуының, басқаруының кейбір сипаттамалары, бағалану көрсеткіштері. Әрине, осы объектілердің барлығы тығыз байланысты және осы негіздеме бойынша әдістерді жекелеп бөлу шартты түрде ғана жүргізіледі, алайда олардың әрбіреуін оқытушының практикалық тәжіри- бесінде қолдану саласын талдау үшін осылайша саралап қарастыру мақсатқа сәйкес келеді.
Іс-әрекет өнімін зерттеуге, атап айтқанда, оқу қызметінің өнімін, яғни оның неден көрініс табуын зерттеуде іс-әрекет өнімін талдау әдісі аса кең тараған. Оқушылардың шығармаларын, мазмұндамаларын, ауызша және жазбаша хабарламаларының (жауаптарын) мақсатты, жүйелі түрде талдау, яғни олардың мазмұнын, түрін талдау педагогке оқушылардың тұлғалық және білім алудағы бағытын түсінуге, олардың оқуға, оқу орнына, оқу пәнінің өзіне және ұстаздарға қарым-қатынасын түсінуіне ықпал етеді. Оқушылардың тұлғалық, жеке психологиялық ерекшеліктерін немесе олардың әрекетін зерттеуде тәуелсіз құбылмалыларды жалпылау әдісі қолданылады, ол мысалы, бір оқушы туралы әртүрлі оқытушылардан алынған деректерді жалпылауды талап етеді. Тұлға іс-әрекетінің түрлерін зерттеу барысында тең жағдайда алынған деректерді ғана жалпылауға болады. «Эксперименталды зерттеудің кез келгенінің мақсаты – деректер- дің шектеулі санына негізделінген қорытындылар эксперименттің шеңбе- рінен тыс жерде ақиқатқа сай болып қалуы тиіс. Бұл – жалпылау деп аталынады».
Зерттеу әдістерін зерттеушінің іс-әрекетінің сипатына қарай Б.Г. Ананьев төрт топқа бөледі:
Ұйымдастырушылық әдістер (салыстырмалы, лонгитюдтік, кешенді);
Эмпирикалық, оған: а) обсервациялық әдістер (байқау, өз-өзін байқау); б) эксперименталдық әдістер (зертханалық, далалық, табиғи, қалыптастырушы); в) психодиагностикалық әдістер (стандартталған және прожективті тестер, сауалнамалар, социометрия, сұхбат және әңгімелер); г) праксиметрикалық әдістер, Б.Г. Ананьев бойынша, процесс пен іс-әрекет өнімін талдау тәсілдері (хронометрия, циклография, кәсібиграфикалық баяндау, жұмысты бағалау); д) модельдеу әдісі (математикалық, киберне- тикалық, т.б.); е) өмірбаяндық әдістер (адам өміріндегі атаулы күндерді, оқиғаларды, фактілерді талдау);
деректерді өңдеу, яғни сандық (математикалық-статистикалық) және сапалық талдау әдістері;
генетикалық және құрылымдық әдістерді қамтитын түсінік беру әдістері.
Адамның мамандыққа бейімделу мәселесі кәсіби іріктеу қажетті- лігінің пайда болуына басты себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |