Сабақтың тақырыбы: Тыңдаймыз және түсініксіз сөзді анықтаймыз
Мақсаты: 1.Тыңдай отырып, түсініксіз сөздердің мағынасын анықтауға үйрету;
2.Берілген тапсырмалар арқылы білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
3.Оқушылардың тыңдау және есту мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: тыңдап отырып, бұрын естімеген сөздердің мағынасын анықтауға үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер әліппесі»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Кейде тыңдап отырғанда бұрын естімеген сөздер, ұғымдар кездесіп қалады. Мұндайда қысылмай сол сөздің мағынасын сұраған жөн.
Оны сұраудың бірнеше тәсілі бар. Мысалы:
«...» деген сөздің қандай мағынаны білдіретінін айтыңызшы.
Кешіріңіз, «...» деген не деген сөз?
«...» деген не екенін түсіндіріп бересіз бе?
|