Кәсіптік білім беру ұйымдарының о блыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет196/232
Дата13.12.2021
өлшемі2,01 Mb.
#100338
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   232
Байланысты:
Шешенд3к онер алиппеси Бокей

ІІІ. Жаңа сабақ:

Балалар, бүгінгі сағатымыз тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс – қимылы, жүріс – тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады. Қазір мен сіздерге осы әдептілік жайлы бірнеше сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап берулеріңіз арқылы сіздердің әдептілік жайлы ойларыңызды тыңдағым келіп тұр. Ендеше бүгінгі осы тәрбиелік шарамызда біз көптеген мағлұматтар алып, ойларымызды кеңейтіп, сіздерге кішкене де болса болашаққа жол көрсетерміз деп ойлаймын. Сонымен, біз бүгін мына тақырыптарға кеңінен тоқталатын боламыз.

1.«Сәлемдесу - әдептіліктің белгісі»
2. «Қоғамдық көліктегі әдептілік»
3. «Дастархан басындағы мәдениет»
4. «Мәдени – көпшілік орындардағы әдептілік ережелері»

«Сәлемдесу - әдептіліктің белгісі»
Сұрақтар:
1. Адамгершілік қасиетінің қайнары сәлем берудің мәнін түсіндіріп өтіңіздер?
2. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді»деген аталы сөзге түсінік беріп өтіңіздер?
3. «Ассалаумағалейкум» сөзінің мағынасын ашып беріңіздер?
4. Балалар, сіздер сәлемдесу түрлерін білесіздер ме?
«Дастархан басындағы мәдениет»
1. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
2. Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?
3. Дастархан жабдықтау мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет