Салалас құрмалас сөйлем
Салаластың түрлері
|
Салалас құрмалас компоненттерінің байланысу тәсілдері
|
1. Ыңғайлас салалас
а) Жалғаулықты ыңғайлас салалас
ә) Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас
|
Ыңғайлас салаластың ыңғайластық, мезгілдес, бағыттас мағынаны білдіретіндігі, құрамындағы жай сөйлемдердің арасы ыңғайлас жалғаулық пен интонация арқылы байланысатыны
|
2. Қарсылықты салалас
а) Жалғаулықты қарсылықты салалас
ә) Жалғаулықсыз қарсылықты салалас
|
құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналары қарама-қарсылықты білдіретіні, компоненттерінің қарсылықты жалғаулық пен интонация арқылы байланысатыны
|
3. Түсіндірмелі (іліктес) салалас
|
Соңғы сөйлемі алдыңғысын түсіндіріп, айқындап тұратыны, құрамындағы сөйлемдер тек қана орын тәртібі, интонация арқылы байланысатыны
|
4. Себеп-салдар салалас
а) жалғаулықты салалас
ә) жалғаулықсыз салалас
|
Құрамындағы жай сөйлемднің біреуі себебін, екіншісі салдарды білдіретіні, себеп жалғаулықтары мен интонация арқылы байланысатыны
|
Талғаулы салалас
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің біреуіндегі ғана оқиғаның болатын-болмайтыны, талғаулы жалғаулар арқылы байланысатыны
|
6. Кезектес салалас
|
Құрамындағы жай сөйлемдер арқылы істің оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін, кезектес мәнді жалғаулықтар арқылы байланысатыны
|