Екпін түспейтін қосымшалар
|
Мысалдар
|
Жіктік жалғаулар
|
Көре-мін, ұшқыш-пын, ала-мын, келе-мін, бере-міз
|
Етістіктің болымсыздық мағына туғызатын жұрнақтары
|
Кел-ме, бер-ме, оқы-ма, кет-пе, жаз-ба, көшір-ме
|
Есім сөздерге жалғанып теңеулік ұғым тудыратын жұрнақтар
|
-дай, -дей, -тай, -тей
Бұлбұл-дай, тақтай-дай, құмырсқа-дай, құс-тай
|
Етістік тұлғаларына жалғанып тілек, өтініш мәнін білдіретін қосымшалар
|
-шы, -ші
Көр-ші, бер-ші, айт-шы, бас-шы
|
Сөздердің тасымалдануы
|
Тасымалдау ережелері
|
Мысалдар
|
Сөздер буын жігімен бөлінеді.
|
Тө-менірек, төме-нірек, төмені-рек, т.б.
|
й,у дыбыстары бар сөздерде бұл дыбыстар келесі буынның басында жазылады.
|
Ды-уыс, са-уат, да-йындық, құ-йын, т.б.
|
Үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссызды шығарып тасымалдайды.
|
Құмырс-қа, жаңғырт-ты, қүңтірт-теу, т.б.
|
у, и әріптері бар сөздер тасымалданғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады.
|
Бу-ын, су-ық, қи-ын, жу-ын, т.б.
|
Екі, үш, төрт, бес әріптен құралған бір буынды сөздер жеке тұрғанда тасымалданбайды.
|
А-па немесе сп-орт деп жазу дұрыс емес.
|
Кісі атының қысқартылып алынған әрпін тігінен бөліп, келесі жолға көшіруге болмайды. жазу дұрыс емес
|
Б.-С. Омарова немесе Ж.Қ.-Асанов деп жазу дұрыс емес.
|
Цифрмен таңбаланған сандарды қысқарған атауларынан бөліп тасымалдауға болмайды.
|
30-га немесе 120-кг деп жазу дұрыс емес.
|
Алғашқы дыбыстарынан қысқарған сөздер тасымалданбайды.
|
Т-МД немесе БҰ-Ұ деп жазу дұрыс емес.
|
Достарыңызбен бөлісу: |