Кестелі грамматика



бет7/30
Дата16.01.2022
өлшемі1,58 Mb.
#129360
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
КЕСТЕЛІ ГРАММАТИКА

Күшейтпелі шырай

Заттардағы сындық белгінің бірінде не артық, не өте кем екендігін білдіретін сын есімнің түрі




сап-сары, әп-әдемі, қып-қысқа,

біп-биік, қап-қатты, т.б



Асырмалы шырай

Заттың сынын не асыра көтеріп, не асыра төмендетіп көрсететін сын есімнің түрі




аса үлкен, тым кішкене, тіпті майда, ең тамаша, орасан үлкен, өте ауыр, т.б



Cын есімнің сөйлемдегі қызметі

Сөйлем мүшелері

Мысалы

1. Бастауыш


Жомарт жастығын, жүйрік жоқтығын білдірмес.

2. Баяндауыш

Күн шайдай ашық.

3. Анықтауыш


Мақсұт күріштің жапырағындағы мөлдір шықты байқады.

4.Толықтауыш

Әдептіге елікте, әдепсізден жирен.

5. Пысықтауыш

Айнала жұрт бұл сөзге қатты сүйсінді. Біз сөзді жақсы танимыз.

САН ЕСІМ









Сан есім

Сұрақтары

неше? нешінші? нешеу? қанша?

Құрамына қарай

а) дара сан есім; ә) күрделі сан есім;

Мағынасына қарай

а) септік; ә) реттік; б) жинақтық; в) бөлшектік; г) топтау; д) болжалдық;




Сан есімнің түрлері

Мағынасына қарай

Жасалу жолдары

Мысалдар

1.Есептік сан есімдер




Бір, жиырма, екі жүз алпыс бір

2. Реттік сан есім

-ыншы, -інші, -нышы,

-ніші

Он алтыншы, отызыншы

3. Жинақтық сан есім

-ау, -еу

Біреу, екеу, жетеу

4. Болжалдық сан есім

а) -даған, -деген, -таған,

-теген, -лаған, -леген

Ондаған, жүздеген, отыздаған

ә) -дай, -дей, -тай, -тей

елудей, қырық бірдей

б) -дан, -ден, -тан, -тен,

-лан, -лен

ондап, жүздеп, мыңдап


в) көптік жалғау жалғану арқылы

елулер, қырықтар


г) есептік сан есімге сөздеріне көптік жалғаулары арқылы да жасалады

ондарда, алтыларда, жетілерде, отыз бестерде,


д) есептік сан есім қосарланып келіп те жасалады

екі-үш, алты-жеті



ж) есептік сан есімге нақты, шамалы, тарта, қарала, таман, таяу, жуық т.б. шылаулар тіркесуі арқылы

жүз шақты, қырық шамасы, алпысқа таяу, жүзге жақын

5. Топтау сан есімдер

Есептік санның қосарланып, соңғы сыңарына шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады

Үштен, үш-үштен, жүзден, жүз-жүзден

6. Бөлшектік сан есімдер

а) Бөлшектік бөлімі шығыс не ілік септігінде алымы атау септігінің жай және тәуелді түрінде қолдану арқылы жасалады

Онның бесі, оннан бес, елуден үш, елуден, т.б

ә) Есептік сан есімге жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесі арқылы жасалады

үш ширек, үш жарым, төрт жарты




Сан есімнің мағыналық түрлері

Сан есімнің мағыналық түрі

Сұрақтары

Жасалу жолдары

Мысалдары

1. Есептік сан есім

неше? қанша?

Түбір сан есімдер

Екі, жүз отыз

2. Реттік сан есім

нешінші?

-ншы, -нші,

-ыншы, -інші

Отызыншы,

үшінші


3. Жинақтық сан есім

нешеу?

-ау, -еу

Екеу, алтау

4. Болжалдық сан есім

қанша? неше?

қай шамалы?






Отыздаған, жүздеп, қырықтай

5. Топтау сан есім

нешеден? қаншадан?

Сан есімге шығыс септік жалғауы жалғанады

Екі-екіден,

он-оннан


6. Бөлшектік сан есім

неше?

қанша?


Алымы-атау септігі, бөлімі-шығыс септігі

Оннан бес



Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Сөйлем мүшелері

Мысалдар

1. Бастауыш


Төртеу екіге қалдықсыз бөлінеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

2. Баяндауыш


Біз бір анадан алтаумыз. Олар үшеу болатын.

3. Толықтауыш

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

4. Анықтауыш


Бес кісілік балташылар бригадасын құрдық, олардың бәрі 60-70 жасар шалдар.

5. Пысықтауыш

Асан Алматыға сағат жетіде келді.




Сан есімнің емлесі

Сан есімнің түрлері

Мысалдар

1. Күрделі сан есімдер бөлек жазылады

отыз алты, жетпіс тоғыз, бір мың алты жүз

2. Цифрмен таңбаланған дара және күрделі сан есімдерге жалғанған қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады

Абзал биыл 40-қа толды.

10-ды 2-ге бөлсек, 5-тен келеді



3. Рим цифры реттік сан есім ретінде қолданылғанда, -ншы, -ыншы жұрнағының орнына дефис қойылады

Ердияр IV сыныпта оқиды.

XXI ғасыр медицина ғасыры болмақ



4. Екі, алты, жеті деген есептік сандарға жинақтық сан есім жасайтын -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда қысаң ы,і дыбыстары түсіп қалады

екі-екеу, алты-алтау, жеті-жетеу

5. Болжамдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, олардың қосымшалары дефис арқылы жазылады

30-даған, 50-лерде, 60-тай, 4-терде, т.б

6. Қосарлау арқылы жасалған топтау сан есімдер цифрмен жазылғанда, қосымша дефис арқылы жазылады

5-5-тен, 20-20-дан, 50-60-тан, т.б

7. Жыл апталарымен тіркесіп қолданылатын реттік сан есімдердің цифрлы түрлерінен кейін дефис қойылмайды

1940 жылы, 2010 жыл т.б



ЕСІМДІК






Жіктеу есімдігі

Жақ

Жекеше түрі

Көпше түрі

І

мен

біз, біздер

ІІ

сен, сіз

сендер, сіздер

ІІІ

ол

олар


Белгісіздік есімдіктері

Зат есім орнына жұмсалатын белгісіз есімдіктер

Сын, есім орнына жұмсалатын белгісіз есімдіктер

Мезгіл –мекен мағыналарын білдіретін белгісіз есімдіктер

Сан есімнің орнына жұмсалатын белгісіз есімдіктер

Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, кімдекім, әлдекім, әркім, әлдене


Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір

әрқашан, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда

әлденеше, бірнеше, біраз



Болымсыздық есімдіктер

Зат есім орнына жұмсалатын болымсыздық есімдіктер

Сын есім орнына жұмсалатын болымсыздық есімдіктер

Мезгілдік мағынаны білдіретін болымсыздық есімдіктер

Дәнеңе, ештеңе, ешкім, ешқайсысы


ешқандай, ешбір


Ешқашан, ешқайдан




Сілтеу есімдіктері

Көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанатын сілтеу есімдіктері

Тікелей көптік, септік жалағаулары жалғанбайтын сілтеу есімдіктері

Бұл, осы, сол, ана, мына, әні, міне

Анау, мынау, осынау



Сұрау есімдіктері

Көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалағаулары жалғанатын сұрау есімдіктері

Зат есімдерше түрлене бермейтін сұрау есімдіктері

кім? не? қайсы? неше? (нешеу?)



нешінші? қай? қайсысы?

қалай? қандай? қайда? қайдан? қашаннан? қайдағы? қашаңғы?





Өздік есімдіктері

Өздік есімдігіне бір ғана сөз жатады

Өз есімдігінен жасалған қос сөздер

өз

өз-өзінен,өзді-өзді, өзімен-өзі,

өзінен-өзі






Жалпылау есімдігі

Бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, бүтін, түгел, тегіс

Жалпылау есімдіктері жіктелмейді






Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

Сөйлем мүшелері

Мысалдар

1. Бастауыш



Қалған топтың барлығы да сар желіп отырып, Абайларды қуып жетті. (М.Ә.)

2. Анықтауыш



Ел басына төңген қиыншылықтардың бәрінің артта қалғанына шүкіршілік айтып қояды (М.Мағауин.)

3. Толықтауыш


Ол ақырында бәрін жеңіп, еңбек зейнетін көріп отыр (М.Мағауин.)

4. Баяндауыш

Өзіңмен сөйлескен менмін.

5. Пысықтауыш

Бұл жұмысты олар әлдеқашан бітірген.



Есімдіктердің түрленуі

Есімдіктер

мағынасы

Есімдік болатын сөздер

Сөз мағынасы

Кейбір ерекшеліктері

1

2

3

4

Жіктеу есімдігі

мен, сен, сіз, ол (олар), біз (біздер)

Жіктеу мағынасында айтылады

Үш жағы және көпше, жекеше түрлері бар

Сілтеу есімдігі

бұл, осы, мынау, сол, сонау, ана, анау

Нұсқау, көрсету, меңзеу мағыналарында жұмасалады

қай? қайсы? деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады

Сұрау есімдігі

кім? не? неше? қалай? қанша? нешеу? қай? қайсы?

Сұрау мағынасын білдіреді және өздеріне жауап тілемейді

кім? не? қайсы? неше? нешеу? жіктеліп те қолданады және тәуелденеді

Өздік есімдігі

өз




өз есімдігі түбір күйінде ешқаша қолданылмайды

Жалпылау есімдігі

бәрі, барлық, барша, бар

Жинақтау, жалпылау мағыналарын білдіреді

Жалыплау есімдігі жіктелмейді

Белгісіздік есімдігі

біреу, кейбіреу, әркім, бірдеме, әлдене, кімде-кім, қайсыбір, әлдеқалай

Затты не құбылысты белгісіз етіп айтады

әлде, әр, кейбір сөздері есімдіктермен жіктелгенде ғана бірігіп жазылады

Болымсыздық есімдігі

дәнеме, ештеңе, ешкім, ешбір

Болымсыздық мағынаны білдіреді

Еш сөзі есімдіктен басқа мен тіркескенде бөлек жазылады: еш уақыт, еш адам






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет