қашан?
қашаннан?
қашаннан бері?
қашанға шейін?
қай кезде?
қашанға дейін?
т.б.
|
1. Мезгіл үстеулерінен болады. Қазір бұл кішкене бөлменің қабырғасы осы шахтаның айнасы секілді. (Ә.Ә.)
2. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде немесе түбір күйінде келген мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (күн, түн, түс, кеш, жаз, көктем, күз, т.б.) Мезгіл пысықтауыш болады. Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла. (Мақал.)
3. Бұрын, кейін, соң, шейін, таман, былай, сайын, әрі, бері, деген шылаулармен тіркесіп, қанша? деген сұрауға жауап берген сөздер мезгіл пысықтауыш болады. Сол күні кешке шейін он шақты жылқыны ұстады. (М.Әуезов.)
4. Сілтеу есімдіктеріне және бір, әуелі, соңғы сияқты сөздерге тіркесе айтылған мезгілдік, шақтық мағыналы есім сөздерде мезгіл пысықтауыш болады. Ол соңғы кезде жаттығуды бастады.
|