қалай?
қалайша?
қайтіп?
не етіп?
не қып?
кім арқылы?
не арқылы?
ненің арқасында?
қанша?
неше?
қанша рет?
неше рет?
|
Қимыл-сын және мөлшерлік үстеулерден болады. Мен тез барып, тез қайтамын (С.Мұқ).
Қимылдың жасалу амалын білдіретін көсемшелер қимыл-сын пысықтауыш болады. Лиза Рахметке күлімсіреп қарап тұр.
Қалай? деген сұрауға жауап беретін кейбір септік жалғаулы сөйлемде қимыл-сын пысықтауыш болады. Бала шалқасынан құлады (С.Мұқ.)
Қимылдың сапасын білдіретін сын есімдер сөйлемде қимыл-сын пысықтауыш болады.
Сабырсызданған Абай жолдасын ұзақ күтті.
5. Сан есімнің мезгіл мәнді зат есімнен және есе, рет деген сөздермен тіркесінен қимыл-сын пысықтауыш болады. Қырық өлше де бір рет кес (мақал)
6. Көп, аз сөздері етістіктен болған мүшенің алдында келіп, қимыл-сын пысқтауыш болады. Көп көрдім, көп жасадым, көп естідім. (Жамбыл.)
7. Есім сөздеріне, есімшеге -дай, -дей, -тай, -тей, жұрнақтары жалғанып, етістіктен болған мүшемен байланысып қимыл-сын пысықтауыш болады. Өкпелеген адамдай қалшиып қалып еді (Б.Момышұлы)
|