Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым



бет20/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

3. Стероидтық гормондар.
Бүйрек үсті безінің қабығының гормондары. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан Аддисонның ауруы деп аталатын ауру түрінің белгілі болғанын білеміз. Аурудың бұл түрінде адамның бұлшық еттері әлсіреп, терісінің пигменті қабынады, асқазан-ішек жолының қызметі бұзылады, су-тұз алмасуы бірден нашарлайды және ақ уыздардың және көмірсулардың алмасуы бұзылады. Аурудың негізі – бүйрек үсті бездерінің туберкулеге ұшырауы. Нәтижесіне қабық бөлігінің гормондарының синтезі бірден нашарлайды. Бастапқы уақыттарда бұл аурудың емі болмаған кезде адамдар өліп кететін.
Кортикостероидтардың құрылымы. Соңғы уақыттарда адамның, доңыздың және өгіздің бүйрек үсті бездерінен 46 әр түрлі қосылыстар бөлінген. Оларға жалпылама кортикостероидтар деп атау берілген. Ал барлық стероидтардың саны 100-ге жуық. Бөлініп алынған кортикостероидтардың барлығы биологиялық белсенділік көрсетпейді.
Кортикостероидтардың жіктелуі. Биологиялық әсеріне қарай бүйрек үсті безінің гормондары шартты түрде екіге бөлінеді:
1) глюкокортикоидтар (олар көмірсулардың, ақуыздардың, майлардың, нуклеин қышқылдардың алмасуына әсер етеді);
2) минералокортикоидтер (тұздардың және судың алмасуына әсер етеді).



Прегнан (І) Циклопентанпергидрофенантрен (ІІ)


10.1-ші сурет. Гормондардың локализациясы: 1 – гипоталамус; 2 – гипофиз; 3, 4 – қалқанша бездер; 6 – Бүйрек үсті безі; 7 –асқазан асты безі; 8, 8 – жыныс бездері.


Жыныс бездері. Жыныс бездерінің екіге бөлінетіндігі бәрімізге белгілі. Жыныс гормондары негізінен әйелдердің (тұқымшада) және еркектердің (ұрық қапта) жыныс бездерінде, кейбір бөлігі сонымен бірге, плацентада және бүйрек үсті безінің қабығында да синтезделеді. Еркектердің жыныс бездерінде шамалы мөлшерде болса да әйелдердің гормондарның, және керісінше әйелдердің жыныс бездерінде шамалы мөлшерде болса да еркектердің гормондарның синтезделетіндігін айта кету керек. Бұл патологиялық жағдайларда әйелдердің және еркектердің гормондарының арақатынасының бірде ауытқуына негізделінеді.
Әйелдердің жыныс гормондары. Әйелдердің жыныс гормондарының - эстрогендердің негізгі синтезделетін орындары: тұқымша, сары дене, бүйрек үсті бездері, плацента. Эстрогендер деп аталуы грек тілінен алынған (oistros - қатты құмарту). Алғаш рет эстрогендерді 1927 жылы Ашхейм және Кондек жүкті әйелдердің зәрінен тапқан болатын. Ал 1929 жылы Бутенандт зәрден алғашқы кристал түріндегі стероидты гормонды - эстронды бөліп алды. Осы кездерде әйелдердің екі жыныс гормондарының тобы болатындығы анықталды:
1) эстрогендер (басты өклі эстрадиол);
2) прогестиндер (басты өкілі - прогестерон);

Эстрадиол Прогестерон
Олар өзара химиялық құрылысы және биологиялық функциялары бойынша ерекшеленеді.
Еркектердің жыныс гормондары. Еркектердің жыныс гормондарының ішкі секреторлық қызметін 1849 жылдың өзінде-ақ Бертольд белгілеген болатын. Алайда таза кристал күйіндегі алғашқы гормонды – андростеронды Бутенандт 1931 жылы алды. Грек тілінен аударғанда andros – ер адам деген мағынада. Оның ұсынған химиялық құрылысы химиялық синтезбен дәлелденді. Соңынан зәрден тағы да бір гормон - дегидроэпиандростерон бөлініп алынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет