Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым


Тамақтану – зат алмасудың құрама бөлігі



бет18/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

3. Тамақтану – зат алмасудың құрама бөлігі.
Адамның тамақтану – адамның денсаулығына және өмірінің ұзақтығына әсер етуші сыртқы ортаның факторларының бірі. Дені сау адамдардың тиімді тамақтану негіздерімен тамақтану гигиенасы, сырқаттау адамдардың тамақтану негіздерімен диетология айналысады.
Мысалы, жас шамасы 40-60 аралығындағы ересек азаматтар күніне 89 г ақуыз, 81 г май және 355 г көмірсуларды аспен қорек етуі керек.
Астың құрамындағы ақуыздың, майлардың және көмірмулардың арақатынасы 1 : 1 : 4 . Майдың жалпы көлемінің 75-80 / -ын жануар тектес май және 20-25 / өсімдік тектес майлар құрауы керек. Астың тиімділігін жоғарылату үшін рационға міндетті түрде балық, ет, сүт өнімдерін, сонымен қатар, жеміс-жидектерді де (көмірсулардың, минералдық заттардың, дәрумендердің көздері) қосу керек (кесте 8.1).
1 кесте – Ересек ер адам үшін тәуліктік астағы негізгі қажеттілік

Жұмыс түріне қарай ересек-тердің тобы

Жас аралығы, жылдар

Кило-калория

Ақуыздар, г

Майлар, г

Көмір-сулар, г

барлығы










Ауыр жұмысты қажет етпейтін ересектер

18-40

2800

96

58

90

27

382

40-60

2600

89

53

81

25

355

Механизацияланған өндірістегі жұмысшылар

18-40

3000

99

54

97

29

413

40-60

2800

92

50

91

27

385

Механизациялан-баған өндірістегі жұмысшылар

18-40

3200

102

56

103

31

445

40-60

2900

93

51

94

28

401

Ауыр жұмыстағылар

18-40

3700

108

54

120

36

522

40-60

3400

100

50

110

33

480

4.Аралық алмасу.
Аралық алмасу – заттардың клеткаға ену кезінен бастап олардың соңғы өнімдерге дейінгі аралықты қамтиды. Яғни, клеткадағы жүретін, ағзаны (өмір сүру, өсу, өну, көбею) қажет заттармен және энергиямен қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың жиынтығы.
Клетканың ішіне енген аспен келген заттар метаболизмге – ферменттердің әсерінен катализденетін бірнеше химиялық өзгерістерге ұшырайды. Мұндай бірізді химиялық өзгерістерді метаболизмдік жол деп атайды. Ал аралық түзілген өнімдерді метаболиттер деп атайды.
Анаболизм және катаболизм. Аралық алмасудың екі жағы бар – анаболизм және катаболизм. Анаболикалық реакциялар – клеткадағы және тіндердегі құрылымдық элементтердің түзілуіне және жаңаруына бағытталған. Анаболикалық реакциялардың нәтижесінде қарапайым заттардан күрделі молекулалар түзіледі. Бұл реакциялар бос химиялық энергияны пайдаланды (эндергоникалық). Катаболикалық реакциялар керісінше, күрделі молекулалардың ыдырау нәтижесінде қарапайым жай заттардың түзілуі. Реакциялар энергия бөле жүреді (экзергоникалық). Бұл екі үрдіс бір-бірімен уақыт аралығында және кеңістікте өз-ара тығыз байланысты. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің әр түрлі кластарының метаболзимдерінің жеке буындарн анықтау тірі табиғаттағы биохимиялық өзгерістердің жалпы жолдарының бар екендігін көрсетті.
Эукариоттардағы катаболикалық және анаболикалық жолдар клеткадағы локализациялануы бойынша ерекшеленеді. Клетканың құрылымды элементтерінің – клеткалық, немесе плазмалық мембранасының, ядроның, митохондрияның, лизосомалардың, рибосомалардың, каналдардың жүйесінің (эндоплазматикалық ретикулумның), вкуолдадың, табақшалық кешеннің болатындығы электрондық–микроскопиялық зерттеу әдістерінің, дифференциалдық центрифугалаудың көмегімен зерттеліп анықталып өткен ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды.
Ядрода РНК-полимеразалардың, яғни мРНК-ның түзілуін катализдейтін ферменттердің жиналғаны белгілі болды. Митохондрияда биологиялық тотығу (тіндік тыныс алу) тізбегінің және тотыға фосфорилдену реакцияларының ферменттерінің, пируватдегидрогеназалық кешеннің, үшкарбондық қышқылдардың айналымының, мочевина синтезінің, май қышқылдарының тотығу ферменттерінің ж.т.с.с. болатындығы анықталды.
Дәрістің тақырыбы: Гормондар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет