4. Күрделі майлардың химиясы.
Фосфолипидтер үш атомды спирт - глицериннен, май және фосфор қышқылдарынан, азотты негізден құралған. Глицерофосфолипидтер мен сфинголипидтер фосфолипидтерге жатады.
О
//
СН2-О-С - R1
O
\\
R2 - С - О – CH О
//
CH2–O–P–O-R3
\
O-
R1 және R2 – жоғары май қышқылдарының раикалдары; R3 - азотты негіздің радикалы. Азотты негіздер холин (1), этаноламин (2), серин (3) болуы мүмкін.
СН3
/
1. HO-CH2-CH2-N - СН3
\
СН3
2. НО - CH2- СН2- NH3
3. НО - СН2- СН - СООН
NH2
80-100 г май қажет болса, спортшыларға 145-161 г май қажет. Оның 25-30 г стеридтер.
Стероидтар – табиғатта кең таралған қосылыстар. Олар циклопен-танпергидрофенантреннің туындылары. Циклопентанпергидрофенантрен өзара конденсирленген 3 циклогексан және 1 циклопентан сақинасынан құралған. Стероидтарға табиғаты гормон болып келетін көптеген қосылыстар, сонымен бірге өт қышқылдары және т.б. жатқызылады. Адамның ағзасында бірінші ретте стериндердің маңызы жоғары. Стериндердің ішіндегі ең маңыздысы холестерин (холестерол). Оның молекуласының 3С-де гидроксильдік топ, 17С-де 8 көміртегі атымынан тұратын тармақталған алифаттық тізбек бар. Гидроксильдік топ эфир түзіп, холестеридтерді береді. Холестерин көптеген қосылыстардың синтезіндегі шешуші роль атқарады.
Дәрістің тақырыбы: Нуклеин қышқылдары
1. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы, маңызы.
Нуклеин қышқылдары туралы алғашқы жаңалықтарды 1868 жылы швейцария ғалымы Ф. Мишер ашқан болатын. Ол ірің клеткаларының ядросынан құрамында фосфоры бар затты бөліп алды, оны нуклеин деп атады. Себебі, нуклеин термині (латын тілінде nikleus) ядро деген мағынаны білдіреді. Тірі ағзаның айрықша қасиеті - өзіндей ұқсас жаңа ағзаны жарыққа әкелуі. Сол проблеманы шешуге бүкіл дүние жүзінің ғалымдары бар күштерін салды. Соның нәтижесінде қазіргі кезде тұқым қуалайтын қасиеттің негізі – нуклеин қышқылдары екені анықталды. Нуклеотид қалдықтарынан тұратын жоғары молекулярлы органикалық қышқылдарды нуклеин қышқылдары деп атайды.
Дезоксирибонуклеин қышқылдарынң (ДНҚ-ның) нуклеотидтiк құрамы. Дезоксирибонуклеин қышқылдарының құрылым бiрлiгi болып, пуриндi және пиримидиндi азотты негiздерден, дезоксирибозадан және фосфор қышқылының қалдығынан тұратын дезоксирибонуклеозид-монофосфаттар (ДНМФ) болып табылады. Дезоксирибонуклеозид-монофосфаттың азотты негiзiнiң құрамына аденин, гуанин (пуриндi негiздер), тимин, цитозин (пиримидиндi негiздер) кiредi.
ДНҚ-ның құрамына көрсетiлген ДНМФ-лармен қоса аз мөлшерде ДНМФ-ның минорлы негiздерi кездеседi.
Минорлы азотты негiз дегенiмiз – бұл ДНҚ-ның процессiнгi (пiсiп жетiлуi) кезiндегi полирибонуклеотидтiң құрамындағы бастапқы негiз модификациясының нәтижесiнде пайда болған метилденген, гидроксиметилдi, гликозирленген негiздер.
ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамын зерттеу үшiн ДНҚ-ның хроматографиясын және азоттық негiздiң сандық және сапалық анықтамасын қолданады.
ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамына анализ жасаған кезде организмдердiң әр түрлерiне бiрқатар заңдылықтар қойылды.
Э. Чаргафтың ережесi бойынша.
1. Адениннiң молекулалық құрамы тиминнiң молекулалық құрамына тең (Г=Ц)
А=Ц немесе А:Т=1
Г=Ц Г:Ц=1
Пуриндi негiздiң қосындысы, пиримидин қосындысына тең.
А+Г=Т+Ц немесе (А+Г):(Т+Ц)=1
пуриндерпиримидиндер
ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамы көпклеткалы организмнiң әртүрлi клеткаларында бiрдей.
Бұл биологиялық түр ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамының тұрақты ерекшелiгiмен сипатталады да ерекшелiк коэффициентте өз мәнiн табады:
К= (А + Ц ) / (Г + Ц)
Аденин + Тимин немесе Гуанин + Цитидиннiң меңгеруiне байланысты Аденин + Тимин және Гуанин + Цитидин деп ДНҚ-ның типiн бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |