1. Майлардың жіктелуі және адам ағзасы үшін биологиялық маңызы.
Химиялық табиғаты әртүрлі май және май тәрізді заттарды майлар (липидтер) деп атайды. Липидтер табиғатта өте кең таралған. Мысалы, майлы өсімдіктердің дәндерінде (күнбағыстың, мақтаның, жаңғақтың т.б.) майдың мөлшері 40-50 %.
Жануарлар мен адам денесінде майлар екі түрде кездеседі:
1) протоплазмалық майлар белоктармен қосылып жасуша және жасуша ішіндегі құрылымдар қабығының (мембрана) негізін қалайды. Олардың мөлшері көп өзгермей әрқашан бірқалыпта болады (барлық липидтердің 25 %-тейі).
2) шел мен шарбыда, ішкі мүшелердің айналасында майлар қор ретінде жинақталады. Мысалы, орташа салмағы 70 кг жуық ересск адамның денесінің 10-15 % май, демек 7-8 кг. Бірақ та адамның тамақтану ерекшелігіне, жасаған жұмысының қарқынына, әдетіне, жасына байланысты май қорының мөлшері өзгеріп тұрады. Семіргенде оның мөлшері 25-35 %-ке дейін, ал қатты семіргенде адам денесінің 50 % май болып кетуі мүмкін.
Майлар мен май тәрізді заттар ағза үшін қуат көзі болып табылады. Тәулігіне жұмсалған қуат көзінің 25-30 %-тейі липидтер арқылы өтеледі: 1 г май тотыққанда 9,3 ккал (38,9 кДж) қуат бөлінеді.
Липидтер жасуша цитоплазмасы мен қабығының құрамына кіреді. Олар көмірсулармен қосылып жүйке ұлпаларының құрамын құрайды. Ішкі мүшелердің айналасында, шарбыда, шелде қор ретінде жинақталған липидтер сол мүшелерді соғылудан, үйкелуден сақтайды.
Майлар майда еритін витаминдерді (А, Д, Е және К) ерітіп, оларды ағзаға таратады. Сонымен қатар липидтер ағзадағы жылудың реттелуіне (сақталуына) қатысады, теріні майлап, құрғап кетуден сақтайды.
Барлық липидтер құрамының ерекшелігіне байланысты қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Майлар - химиялық құрамы бойынша үш атомды спирт-глицерин мен майлы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.
СН2ОН
СНОН R-COOH
СН2ОН карбон қышқылы
Глицерин
М айлар
Қ арапайым Күрделі
Майлар Балауыз Стероидтер Фосфолипидтер Гликолипидтер
Сфинголипидте
Достарыңызбен бөлісу: |