Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым


Витаминдердің адам тіршілігі үшін маңызы



бет9/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

1. Витаминдердің адам тіршілігі үшін маңызы.
Витаминдер (дәрумендер) дегеніміз - адам ағзасында бірқалыпты тіршілік етуі үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Бұдан I ғасыр бұрын адамдар мен жануарлардың ағзасында қалыпты өмір сүруі үшін белоктардың, майлардың, минералды заттардың және судың болуы жеткілікті деп саналған. Бірақ практика мен тәжірибе көрсеткендей адам мен жануарлар ағзаларының қалыпты өсіп, дамуына тек қана бұл заттардың болуы жеткіліксіз.
Дәрумендердің дамуы туралы ілімге көптеген ғалымдар үлес қосты. Солардың бірі, дәрігер Н.И. Лунин ғылымның жаңа түрін ашып, мынадай қорытындыға келді: жануарлар қоректік үшін ауыстыруға болмайтын белоктардан, майлардан, сүт қантынан, тұздар және сулардан басқа белгісіз заттарды қажет етеді.
Лунин бұл зерттеу жұмыстарымен 1880 жылдары айналысты. Луниннің бұл ғылыми жұмысы 1912 жылы Ф. Гопкинстің зертеулерімен дәлелденді. К. Функ бұл белгісіз заттарды дәрумендер деп атауға ұсыныс жасады (латынша vita - өмір, яғни өмірдің амині). Расында дәрумендер де тамақтың қажетті қосымша факторы болып саналады, бірақ олардың кейбіреулерінің құрамында азот және амин тобы болмайды.
2.Дәрумендердің жіктелуі
Қазіргі дәрумендердіңжіктелуі (классификациясы) әлі толық зерттелмегендіктен олардың физика-химиялық қасиетіне (ерігіштігіне), химиялық табиғатына негізделген. Дәрумендерерігіштігіне қарай майда және суда еритін болып бөлінеді.
Майда еритін дәрумендер
1. Дәрумен А (антиксерофтальмикалық) – ретинол.
2. Дәрумен Д (антирахиттік) – кальцийферолдар.
3. Дәрумен Е (антистерильді) – токоферолдар.
4. Дәрумен К (антигеморрикалық) – нафтохинондар
Суда еритін дәрумендер:
1.Дәрумен В2 (өсу витамині) – рибофлавин
2.Дәрумен В1 (антиневриттік) - тиамин
3 .Дәрумен В6 (антидерматидті, адермин) – пиридоксин
4. Дәрумен В12 (антианемиялық) – коболамин
5. Дәрумен РР (антипеллагрикалық) – ниацин, никотинамид
6. Дәрумен Вс (антианемиялық) – фоли қышқылы
7. Дәрумен В3 (антидерматидті) - пантотенді қышқыл
8. Дәрумен Н - биотин
9. Дәрумен С – аскорбин қышқылы
10. Дәрумен Р - биофлавоноидтар
Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет