3. Майда еритін дәрумендер.
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы түру қабілетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды.
А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға кажет тәуліктік мөлшері 2,5 -10,5 мг.
D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатьш, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды.
Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды (суретте). Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердін мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сөулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
Е дәрумені (токоферол) ағзаның зат алмасу процесіне және көбеюіне әсер етеді. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда әйел бедеулікке ұшырайды. Мешелменауырған баланың аяқ сүйектері қисаюы ұшырауы мүмкін, кейде қаңканың бұлшықеттері қатая (жансыздана) бастайды. Е дәрумені көкөністерде, астық тұқымдастардың дәнінде, өсімдік майында жөне жұмыртқада кездеседі. Адам ағзасы үшін қажетті тәуліктік мөлшері 10—20 мг.
К дәрумені (филлохинон) қанның ұюына әсер етеді. Дәрумен жетіспегенде жарақаттанған жердегі қанның ұюы баяулайды да, қан аға түседі. К дәрумені көкөністерден жасалған салаттарда, томатта, бауырда кездеседі. Сонымен бірге К дәрумені ішекте болатын кейбір микроорганизмдердің әсерінен де түзіледі. Адам ағзасы үшін К дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 0,2-0,3 мг.
Достарыңызбен бөлісу: |