2. Май қышқылдары Табиғатта кездесетін майлардың құрамына 4-тен 24-ке дейін көміртегі атомы бар карбон қышқылдары кіреді. Адам денесіндегі майлардың құрамында жұп көміртегі атомы бар майлы қышқылдар, әсіресе қаныққан:
пальмитин – С15Н31 СООН,
стеарин – С17Н35 СООН,
және қанықпаған:
олеин - С17Н35СООН;
пальмитоолеин С15Н29 СООН
және полиқанықпаған:
арахидон – С19 Н31 СООН
линол – С47 Н31 COOH;
линолен - С17Н29 СООН қышқылдары жиі кездеседі. Қанықпаған майлы карбон қышқылдары ағзаның тіршілігіүшін маңызы зор, бірақ олар адам денесінде түзілмейді, сондықтан оларды тамақпен (өсімдік майымен) енгізу қажет.
Бұлардан ерекше табиғи май қышқылдары бар: транс-вакцен (С18) шықлы; лактобацил қышқылы; цереброн қышқылы.
Жануарлардың және жоғары сатылы өсімдіктердің құрамындағы майлардың құрамындағы май қышқылдары өзара ұқсас қасиет көрсетеді. Барлық табиғи май қышқылдары жұп көміртегіден құралған, 16 немесе 18 сан жиі кездеседі. Қанықпаған байланыстар 9-шы немесе 10-шы көміртегінің жанында болады. Қос байланыстардың арасында екі жай байланыс тұрады. Табиғи қанықпаған май қышқылдары цис-конфигурациялы болады. Соның салдарынан май қышқылдарының молекулаларындағы көміртектік қаңқа қысқа болады деп есептеледі. Егер мұндай май қышқылдарыдың мембраналардың құрамына кіретіндігін ескеретін болса, онда мұнда биологиялық мағына бар.
3. Бейтарап майлардың (глицеридтердің) химиясы. Бейтарап майлар – глицериннің және май қышқылдарының эфирлері. Халықаралық номенклатуралық комиссияның ұсыныстары бойынша бейтарап майларды ацилглицериндер деп атату керек. Егер глицериннің молекуласындағы үш гидроксильдік топтардың үшеуі де этерификацияланған болса, онда мұндай қосылыс триглицерид (триацилглицерин) деп аталады. Егер екі топ қана этерификацияланса – диглицерид (диацилглицерин), және соңғысы, бір топ этерификацияланған болса моноглицерид (моноацилглицерин) деп аталады.
1 Н2С – ОН
/
НО – СН 2
\
3 Н2С-ОН
глицерин
О
\\
Н2С – О – С – R1 /
НО – СН
\
Н2С-ОН
Моноглицерид (моноацилглицерин)
Бейтарап майлар ағзада 2 түрде протоплазмалық май және резервтік (қор) май түрінде болады. Протоплазмалық май клеткалардың құрылымдық компоненті болып табылады. Бұлардың екеуінің ағзадағы атқаратын қызметтері әркелкі. Протоплазмалық айдың химиялық құрамы тіндерде тұрақты болады және патологиялық жағдайларда өзгермейді. Қор түріндегі май көп ауытқиды.
Табиғи бейтарап майлардың негізін триглицеридтер құрайды. Триглицеридтердің құрамындағы май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып келеді. Май қышқылдарының арасында көбінесе пальмитин, стеарин және олеин қышқылдары болады. Егер май қышқылдарының үш қышқылдық радикалдары бірдей болса, онда мұндай триглицеридтер жай триглицеридтер деп аталады (мысалы, трипальмитин, тристеарин, триолеин және т.с.с.). Егер әртүрлі май қышқылдарының қалдықтарынан құралса, онда аралас триглицеридтер деп аталады. Мұндай жағдайда 1, 2 және 3 сандарын пайдаланып қай май қышқылының қалдығының қай көміртегіге жалғанғанын көрсетіп атайды. Мысалы, 1-олео-2-пальмитостеарин.
Триглицеридтердің құрамындағы май қышқылдары жалпы алғанда майлардың физикалық-химиялық қасиеттерін анықтайды. Мысалы, қанықпаған май қышқылдарының саны және көміртектік қаңқасының ұзындығы өскен сайын олардың балқу температуралары жоғарылайды. Ал, керісінше қанықпаған май қышқылдарының саны артқан сайын балқу температурасы төмендейді. Жануарлардың майлары әдетте қаныққан май қышқылдарына (пальмитин, стеарин және т.б.) бай. Ал құрамындағы қанықпаған май қышқылдары бар майлар көбінесе бөлме температурасында сұйық болады және оларды сұйық майлар (немесе майлар) деп атайды. Майлар судан жеңіл және суда ерімейді, эмульгатордың қатысында эмульсия түзеді. Сілітінің немесе қатты қышқылдың, ферменттің әсерінен қыздырғанда гидролизденеді.