4. ДНҚ-ның үшiншi реттiк құрылымы. Эукариоттарда ДНҚ-ны 2 түрге бөледi: ядролық, митохондриялық. Ядролық ДНҚ (геном) клетканың барлық ДНҚ-ның 99 %-iн құрайды. Әртүрлi ДНҚ саны хромосома санына тең, яғни 46-ға. Плазматикалық немесе митохондриялық ДНҚ және тДНК (плизмон) 0,5 %-iн құрайды.
Ядролық ДНҚ-ның үшiншi реттiк құрылымы. Эукариоттың ядролық ДНҚ-сы белоктармен байланысып нуклеопротеидтi комплекс хроматид түзедi. Хроматинде ДНҚ 30-45 %, белоктар (гистондар) 30-50 %, гистонды еместер 4-30 % .
РНҚ-ның аз бөлiгi 1-10 % органикалық емес заттар. Хроматинның ұйымдық құрылымы сондай генетикалық хабарды (гениформацияны) арнаулы клеткаларда әр түрлi қолдануға мүмкiндiк бередi.
ДНҚ-ның үшiншi реттiк құрылымы иондық байланыстармен тұрақтырылған, бұл байланыс терiс зарядталған ДНҚ (фосфат тобының арқасында) мен оң зарядталған гистондар (аргинин мен лизиннiң көп болуының арқасында) арасында пайда болады.
Ядролық ДНҚ-ның 3-реттiк құрылымын (3) үш деңгейге бөлемiз:
1. Нуклеосомалық - әртүрлi белок-гистондардан пайда болған және соларға моншақ түрiнде оралған ДНҚ-ның белгiлi бiр бөлiгi.
2. Екiншi деңгейi солиноидтар дегенiмiз нуклеосома жiпшелерiнiң жуан фибриллярынан түзiлгендi немесе пайда болғанды айтады.
3. Үшiншi деңгейi толық зерттелмеген. Бұл iлгек тәрiздi формада болады деп жорамалдайды. Орам тығыздығы 200-ге тең.
Митохондриальды ДНҚ-ның үшiншi реттiк құрылымы коваленттi жабық күйде болады, ал бұл кезде екi тiзбектi сақиналы ДНҚ-а өте тез, жеңiл ерекше шиыршықтанады.
5.РНҚ-ның құрылымы мен қызметі. РНҚ-ның жалпы сипаттамасы. РНҚ-ның түрлерi. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) – бұл сызықты тарамдалмаған полирибонуклеотидтер, рибонуклеозид монофосфатрибонуклеин қышқылының (РНҚ-ның) құрылым бiрлiгi болып табылады.
Рибонуклеозидмонофосфат РНМФ – бұл (H3PO4) фосфор қышқылының бiр қалдығынан және рибозаның пуриндi және пиримидиндi азотты негiздерiнен тұратын қосылыстар.
Рибонуклеин қышқылдары құрамы жағынан ДНҚ-ға ұқсайды, тек РНҚ молекуласында дезоксирибоза орнына рибоза болады, ал тимин урацилмен алмастырылған. Сонымен, рибонуклеин қышқылдарының құрамына азотты негiздерден аденин, гуанин, цитозин және урацил кiредi. РНҚ-ның құрамындағы гидроксил туындылары (кето - түрiнде) лактамдар түрiнде кездеседi.
РНҚ-ның құрамында көрсетiлген рибонуклеозидмонофосфаттардан басқа аз мөлшерде минорлы негiздер және минорлы нуклеозидтер де кездеседi.
РНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы. РНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы коваленттi құрылым болып табылады, өйткенi РНМФ қалдығы полирибонуклеотидтi тiзбекте бiрiмен-бiрi 31, 51 фосфодиэфирлi байланыспен бiрiгедi.
РНМФ-тың бiрiншi реттiк құрылымы – бұл полирибонуклеотидтi тiзбекте РНМФ қалдықтарының тiзбектесiп берiлуi.
Скелет монотонды қайталанып келетiн рибоза мен нуклеин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Азотты негiздер бiр-бiрiнен бiрдей ара қашықтықта орналасқан бүйiр топтары түрiнде қарастыруға болады. Полирибонуклеотидтi тiзбекке векторлық тән, тiзбек бақыты 5131. РНҚ-ның әрбiр түрлерiнiң поликонденсациялық коэффициентi бiрнеше оннан бiрнеше мыңға дейiн созылады. Молекулалық массасы 250 мыңнан млн. Дальтонға дейiн.
РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы оның реттелген екiншi реттiк құрылымы жоқ.
РНҚ-ның түрлерi. РНҚ-ның 3 түрi бар:
1. Рибосомалық РНҚ (р-РНҚ);
2. Матрицалық РНҚ (м-РНҚ);
3. Тасымалдаушы РНҚ (т-РНҚ)
Дәрістің тақырыбы: Зат алмасуға кіріспе