2.ДНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы. ДНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы – бұл полидизоксирибонуклеотидтiк тiзбектегi дезоксирибонуклеозид қалдықтары бiр-бiрiмен 3/ 5/ дифосфорлы байланыстармен қосылған.
ДНҚ-ның поликонденсоциал коэффициентi 104-тен, 108-не дейiн болады (жоғарғы эукариот пен вирустар ядросында). Осыған байланысты молекулалық масса кең диапозонда, жоғарғы эукариоттарда бiрнеше миллярд дальтонға дейiн. Ал прокариоттарда ДНҚ-ң бiр молекуладан тұратындығы көрсетiлген.
Эукариоттарда ДНҚ-ның саны хромосомның санына тең. Сонымен, адам клеткасында әртүрлi 46 ДНҚ бар.
Әрбiр ДНҚ өзiндiк уникальды бiрiншi құрылымы бар.
Полидезоксирибонуклеотидтiң түзiлуi:
3.ДНҚ-ның екiншi реттiк құрылымы. ДНҚ-ның екiншi реттiк құрылымын 1953 жылы биохимиктер Дж. Уотсон және Ф. Крик анықтады.
Олардың теориясы бойынша, дезоксирибонуклеин қышқылдарының молекуласы кеңiстiкте параллелль орналасқан қос қабат шиыршыққа ұқсайды. Сонымен ДНҚ-ның екiншi реттiк құрылымы дегенiмiз – ДНҚ-ның молекуласының кеңiстiкте бiр бiрiне керi параллелльдi, комплементарлы бiр бiлiк бойында орналасқан қос қабат шиыршық. Екi полинуклеотид тiзбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азотты негiз арқылы байланысқан.
ДНҚ-ның қос шиыршығы полинуклеотид тiзбегiндегi бiр негiздi екiншi негiзбен жалғау арқылы пайда болады.
Бұл жалғаудың ерекшелiгi комплементарлықпен немесе екi негiздiң бiр-бiрiне сәйкес келуiмен түсiндiрiледi.
А-Т, Т-А, Г-Ц, Ц-Г.
Керi параллелдiгi. Бұл термин екi тiзбектiң бақытының қарама-қарсы бақытталғанын бiлдiредi.
51 31
31 51 Екi керi параллельдi полинуклеотидтiк тiзбек комплементарлы, бiрақ нуклеотидтiк құрамы мен нуклеотидтiк реттiлiгi жағынан бiрдей емес.
Екiншi реттiк құрылымда үлкен және кiшi iздерге бөлуге болады. ДНҚ-ның 2-шi реттiк құрылымы коваленттi емес байланыстармен жалғасады. а) Сутектi байланыс азотты негiздер арасында болады, бұл жерде аденин мен тиминде екi сутектi байланыс, ал гуанин мен цитозин арасында үш сутектi байланыс туындайды. А Т ГЦ